Бішкекте Мұхтар Әуезовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

08.04.2013 2097
Бішкекте қазақ және әлем әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы болды. Ескерткіш тақта жазушының есімі берілген көшеге орнатылған. Бұл туралы ҚырТАГ агенттігінен хабарланды.  Жиын барысында Бішкек муниципалитетінің басшысы Иса Омуркулов М. Әуезовтің әлем әдебиетіне және «Манас» эпосын зерттеуге елеулі үлес қосқанын атап өткен. Ал жазушының ұлы Мұрат Әуезов аталмыш шараның екі елдің мәдени өмірінде ғана емес, Қырғызстан мен Қазақстанның бірлігі мен достығында маңызы зор екеніне назар аударды. Шараға Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Бейбіт Исабаев қатысты. Оның аясында Бішкектің Емен бағындағы М. Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою, «Қырғызстан мен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары: Ынтымақтастық перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастыру және «Адамдар жолы» фильмінің тұсаукесерін өткізу жоспарланған.  ҚазАқпарат.  

Бішкекте қазақ және әлем әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы болды. Ескерткіш тақта жазушының есімі берілген көшеге орнатылған. Бұл туралы ҚырТАГ агенттігінен хабарланды. 

Жиын барысында Бішкек муниципалитетінің басшысы Иса Омуркулов М. Әуезовтің әлем әдебиетіне және «Манас» эпосын зерттеуге елеулі үлес қосқанын атап өткен. Ал жазушының ұлы Мұрат Әуезов аталмыш шараның екі елдің мәдени өмірінде ғана емес, Қырғызстан мен Қазақстанның бірлігі мен достығында маңызы зор екеніне назар аударды.

Шараға Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Бейбіт Исабаев қатысты. Оның аясында Бішкектің Емен бағындағы М. Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою, «Қырғызстан мен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары: Ынтымақтастық перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастыру және «Адамдар жолы» фильмінің тұсаукесерін өткізу жоспарланған. 

ҚазАқпарат.

 

Ұқсас материалдар