Меңдешев Сейітқали

08.11.2012 6453
  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МЕҢДЕШЕВ Сейітқали Меңдешұлы (16.6.1882, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл а. – 1937) – қоғам және мемлекет қайраткері. 1903 ж. Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған. Бірінші орыс революциясы тұсында өңірдегі зиялы қауым өкілдерінен құрылған астыртын ұйымның жетекшісі болып, ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. 1916 ж. қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахань түрмесіне қамалды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ішкі Орда қазақтарының өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға атсалысты. 1918 ж. Кеңестердің Бөкей губ. съезінде губ. атқару к-тінің мүшесі болып сайланды. 1919 ж. шілдеде қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомның мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды. 1920 – 25 ж. Қазақ АКСР ОАК-інің төрағасы қызметінде жүріп ашаршылыққа қарсы күресті басқарды, 1921 ж. Қазақстанның солт. аймақтарын, 1924 ж. Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосуда үлкен қажыр-қайрат көрсетті. Патша өкіметі кезінде қоныс аударушыларға тартып әперілген шұрайлы жерлерді қазақтарға қайтару керектігі жөнінде мәселе көтерді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен кеңестік билік ымыраға келмеуі керек деп есептеді. 1925 – 26 ж. Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы. 1926 – 30 ж. РКФСР экон. кеңесінің мүшесі. 1930 – 37 ж. Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссары, Қазақ АКСР ХКК жанындағы ғылым жөніндегі к-ттің төрағасы, Қазақ АКСР ХКК жанындағы қорықтар мен тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Саяси қайраткер ретінде БК(б)П 10 – 16-съездерінің, Коминтерннің 5-конгресінің делегаты; КСРО БОАК-інің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституц. комиссияның мүшесі (1925 – 26); КСРО БОАК-інің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі (1928 – 29) болды. 1921 – 26 ж. РК(б)П Қазоблбюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды. 1937 ж. қуғын-сүргінге ұшырады. Ол мәдени-әлеум. салаға әсіресе республикадағы оқу-ағарту ісінің дамуына ерекше көңіл бөлді. Жаңақала ауд-ндағы орта мектептің бірі, Алматының бір көшесі М. есімімен аталады. Шығ.: Мои личные воспоминания о мобилизации казахского населения на тыловые работы в империалитическую войну в 1916 г., Кзыл-Орда, 1926. К. Нұрпейіс Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МЕҢДЕШЕВ Сейітқали Меңдешұлы (16.6.1882, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл а. – 1937) – қоғам және мемлекет қайраткері. 1903 ж. Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған. Бірінші орыс революциясы тұсында өңірдегі зиялы қауым өкілдерінен құрылған астыртын ұйымның жетекшісі болып, ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. 1916 ж. қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахань түрмесіне қамалды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ішкі Орда қазақтарының өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға атсалысты. 1918 ж. Кеңестердің Бөкей губ. съезінде губ. атқару к-тінің мүшесі болып сайланды. 1919 ж. шілдеде қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомның мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды. 1920 – 25 ж. Қазақ АКСР ОАК-інің төрағасы қызметінде жүріп ашаршылыққа қарсы күресті басқарды, 1921 ж. Қазақстанның солт. аймақтарын, 1924 ж. Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосуда үлкен қажыр-қайрат көрсетті. Патша өкіметі кезінде қоныс аударушыларға тартып әперілген шұрайлы жерлерді қазақтарға қайтару керектігі жөнінде мәселе көтерді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен кеңестік билік ымыраға келмеуі керек деп есептеді. 1925 – 26 ж. Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы. 1926 – 30 ж. РКФСР экон. кеңесінің мүшесі. 1930 – 37 ж. Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссары, Қазақ АКСР ХКК жанындағы ғылым жөніндегі к-ттің төрағасы, Қазақ АКСР ХКК жанындағы қорықтар мен тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Саяси қайраткер ретінде БК(б)П 10 – 16-съездерінің, Коминтерннің 5-конгресінің делегаты; КСРО БОАК-інің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституц. комиссияның мүшесі (1925 – 26); КСРО БОАК-інің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі (1928 – 29) болды. 1921 – 26 ж. РК(б)П Қазоблбюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды. 1937 ж. қуғын-сүргінге ұшырады. Ол мәдени-әлеум. салаға әсіресе республикадағы оқу-ағарту ісінің дамуына ерекше көңіл бөлді. Жаңақала ауд-ндағы орта мектептің бірі, Алматының бір көшесі М. есімімен аталады.

Шығ.: Мои личные воспоминания о мобилизации казахского населения на тыловые работы в империалитическую войну в 1916 г., Кзыл-Орда, 1926.

К. Нұрпейіс

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Ұқсас материалдар