Мұрат Мөңкеұлы

08.11.2012 12698
  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МҰРАТ Мөңкеұлы (1843, қазіргі Атырау обл. Қызылқоға ауд. Қарабау а. – 1906, Жайық бойындағы Өрлік а.) – айтыскер ақын, жырау. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығы әрдайым жеңіске жеткізген. М. елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қоныстың отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алады. Оның “Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны”, “Қазақтың жер-мұрасы”, “Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?” деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады. М-тың басты шығармасы – “Үш қиян”. Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. “Үш қиян” толғауымен “Сарыарқа”, “Әттең, қапы дүние-ай”, “Қазтуған” жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе – жер, құтты қоныс жайы. Ол “Қарасай-Қази”, “Шәлгез”, “ұұ-мар Қазиұлына айтқаны” атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін “Оқудан қайтқан азаматқа” өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры – би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері. М. майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. “Өлім”, “Қыз”, “Арғымақ сайлап не керек”, “Аттан сұлу болар ма?”, “Жалғаншы фәни жалғанда” атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. Хат үлгісінде жазылған үш туындысы (“Оқудан қайтқан жігітке хат”, “Еліне жазғаны”, “Бір досқа”) сақталған. М. “Қырымның қырық батыры” жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау – Мұрат – Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен. М. шығармалары “Мұрат ақынның ұұмар Қазиұлына айтқаны” (Қазан, 1908), “Ақын” (Қазан, 1912), “Мұрат ақынның сөздері” (Ташкент, 1924), “Бес ғасыр жырлайды” (1989), “Алқаласа әлеумет” (1991), т.б. жинақтарда жарияланды. Б.Қорқытовтың құрастыруымен жеке жинағы шықты. М. шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарова, Қ.Мәдібай, т.б. ғалымдар зерттеген. Ақын шығармалары орыс тіліне аударылған. Ж. Тілепов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МҰРАТ Мөңкеұлы (1843, қазіргі Атырау обл. Қызылқоға ауд. Қарабау а. – 1906, Жайық бойындағы Өрлік а.) – айтыскер ақын, жырау. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығы әрдайым жеңіске жеткізген. М. елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қоныстың отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алады. Оның “Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны”, “Қазақтың жер-мұрасы”, “Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?” деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады. М-тың басты шығармасы – “Үш қиян”. Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. “Үш қиян” толғауымен “Сарыарқа”, “Әттең, қапы дүние-ай”, “Қазтуған” жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе – жер, құтты қоныс жайы. Ол “Қарасай-Қази”, “Шәлгез”, “ұұ-мар Қазиұлына айтқаны” атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін “Оқудан қайтқан азаматқа” өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры – би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері. М. майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. “Өлім”, “Қыз”, “Арғымақ сайлап не керек”, “Аттан сұлу болар ма?”, “Жалғаншы фәни жалғанда” атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. Хат үлгісінде жазылған үш туындысы (“Оқудан қайтқан жігітке хат”, “Еліне жазғаны”, “Бір досқа”) сақталған. М. “Қырымның қырық батыры” жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау – Мұрат – Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен. М. шығармалары “Мұрат ақынның ұұмар Қазиұлына айтқаны” (Қазан, 1908), “Ақын” (Қазан, 1912), “Мұрат ақынның сөздері” (Ташкент, 1924), “Бес ғасыр жырлайды” (1989), “Алқаласа әлеумет” (1991), т.б. жинақтарда жарияланды. Б.Қорқытовтың құрастыруымен жеке жинағы шықты. М. шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарова, Қ.Мәдібай, т.б. ғалымдар зерттеген. Ақын шығармалары орыс тіліне аударылған.

Ж. Тілепов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том