Айғаным Сарғалдақұлы. Ғұбайдолла Уәлиханов

04.04.2013 3099
Айғаным Сарғалдаққызы (1783-1853), Уәли ханның зайыбы. Уәли қайтыс болғаннан (1821) кейін ол 30 жыл бойы Көкшетау округінің (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағының бөлігі) шынайы билеушісі болды. Өз заманынан озық туған адам бірнеше шығыс тілдерін меңгерген. Ол тұрғындардың үлкен құрметіне және Ресей патшалығының қолдауына ие болған. Ресей империясы СІМ Азия департаментімен хат-хабар алмасқан. Айғаным ханшаның достары арасында М.М.Сперанский болды. Ол өз руының және жақындарының жерге меншігін қорғай білді. Өлкенің қоғамдық-саяси өміріне үлкен ықпал етті. Ұлы Шыңғысты Омбы қаласына оқуға жіберіп, оның тағдырында шешуші рөл атқарды. Өзінің немересі, болашақ ғалым Шоқан Уәлихановты тәрбиелеп, оның дүниетанымьш қалыптастыруға ықпал етті. Сырымбеттегі Айғаным қонысында ағаштан қиып үй салудың және қазақ жерінде егіншіліктің дамуына септігін тигізді. Ғұбайдолла Уәлиханов (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз), Уәли ханның үлкен ұлы, Орта жүздің мұрагер сұлтаны. 1824 жылдан Көкшетау округінің аға сұлтаны болған Ғұбайдолла Сібір жүйесінің оң қанатына қарсы жерлерге иелік етті. 1822 жылы ресейлік әкімшілік, Сібір қырғыздары туралы Жарғыны қабылдаған және кейіннен сыртқы, оның ішінде Көкшетау округтері құрылған соң ол Орта және Ұлы жүз қазақтарының атынан жергілікті биліктің іс-әрекеттеріне ауызша және жазбаша түрде наразылық білдірген. Мәселен, Батыс Сібірдің генерал-губернаторы П.Капцевичпен Петропавл қаласында алғашқы жеке кездесуінде оған өзінің талабын айтқан. Тарихи құжаттарда Ғұбайдолла мен Уәли ханның жесір тоқалы арасында өлке әкімшілігіне адалдық мәселесінде келіспеушілік болғаны туралы мәліметтер сақталған. Уақыт өте келе Ғұбайдолла Цин үкіметінің саяси мүдде нысанына айнала бастады. Қытай өкіметі жергілікті ру басшыларының кейбір өкілдерінің көмегімен Батыс Қытаймен шекаралас қазақ көшпенділерінің аудандарындағы саяси жағдайға ықпал етпек болды. 1824 жылдың жазында Құлжадан Ғ.Уәлихановқа шамамен округ губернаторының шеніндегі лауазымды тұлға басқарған циндік әскерлердің отряды жіберілді, олар Ғұбайдолланы хан тағына отырғызуға көмектеспек еді. Алайда кездесу өтетін Баянауыл түбінде отрядты жүзбасы Карбышев басқарған орыс казактары қоршап алып, оларды кейін қайтарды. Баянауыл түбіндегі оқиға туралы Батыс Сібір билік орындарына жіберілген хабарламаға жауапта Ресей Сыртқы істер ми-нистрлігі "Цин империясымен қабылданған достық қатынас ережелерін сақтау" ұсынылған, ал сұлтан Уәлихановқа "бұл әрекеттің ресейлік бодандық міндеттерімен сәйкес келмейтіндігі" атап көрсетілді. Кейбір деректерге қарағанда, 1827 жылы Ғұбайдолла інісі Аббаспен Пекинге жету үшін Құлжаға жол тартқан, алайда ол сәтсіз аяқталған. Цин үкіметі Шығыс Түркістанда көтерілістің басталуына байланысты бұл сапардың уақыты келмеген деп санаған. 1837 жылы Уәлиханов Орта жүздің билері мен старшындарының делегациясын бастап Тобыл қаласына келіп, қазақ жерлерінде округтер құрылғанына қанағаттанбайтынын жеткізген. Бірақ оның оппозициялығы және хандық биліктің алып тасталуына өткір қарсы шығуы Березовоға (қазіргі РФ-ның Түмен облысындағы Березово селосы) жер аударылуымен аяқталды.

Айғаным Сарғалдаққызы (1783-1853), Уәли ханның зайыбы. Уәли қайтыс болғаннан (1821) кейін ол 30 жыл бойы Көкшетау округінің (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағының бөлігі) шынайы билеушісі болды. Өз заманынан озық туған адам бірнеше шығыс тілдерін меңгерген. Ол тұрғындардың үлкен құрметіне және Ресей патшалығының қолдауына ие болған. Ресей империясы СІМ Азия департаментімен хат-хабар алмасқан. Айғаным ханшаның достары арасында М.М.Сперанский болды. Ол өз руының және жақындарының жерге меншігін қорғай білді. Өлкенің қоғамдық-саяси өміріне үлкен ықпал етті. Ұлы Шыңғысты Омбы қаласына оқуға жіберіп, оның тағдырында шешуші рөл атқарды. Өзінің немересі, болашақ ғалым Шоқан Уәлихановты тәрбиелеп, оның дүниетанымьш қалыптастыруға ықпал етті. Сырымбеттегі Айғаным қонысында ағаштан қиып үй салудың және қазақ жерінде егіншіліктің дамуына септігін тигізді.

Ғұбайдолла Уәлиханов (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз), Уәли ханның үлкен ұлы, Орта жүздің мұрагер сұлтаны. 1824 жылдан Көкшетау округінің аға сұлтаны болған Ғұбайдолла Сібір жүйесінің оң қанатына қарсы жерлерге иелік етті. 1822 жылы ресейлік әкімшілік, Сібір қырғыздары туралы Жарғыны қабылдаған және кейіннен сыртқы, оның ішінде Көкшетау округтері құрылған соң ол Орта және Ұлы жүз қазақтарының атынан жергілікті биліктің іс-әрекеттеріне ауызша және жазбаша түрде наразылық білдірген. Мәселен, Батыс Сібірдің генерал-губернаторы П.Капцевичпен Петропавл қаласында алғашқы жеке кездесуінде оған өзінің талабын айтқан. Тарихи құжаттарда Ғұбайдолла мен Уәли ханның жесір тоқалы арасында өлке әкімшілігіне адалдық мәселесінде келіспеушілік болғаны туралы мәліметтер сақталған. Уақыт өте келе Ғұбайдолла Цин үкіметінің саяси мүдде нысанына айнала бастады. Қытай өкіметі жергілікті ру басшыларының кейбір өкілдерінің көмегімен Батыс Қытаймен шекаралас қазақ көшпенділерінің аудандарындағы саяси жағдайға ықпал етпек болды. 1824 жылдың жазында Құлжадан Ғ.Уәлихановқа шамамен округ губернаторының шеніндегі лауазымды тұлға басқарған циндік әскерлердің отряды жіберілді, олар Ғұбайдолланы хан тағына отырғызуға көмектеспек еді. Алайда кездесу өтетін Баянауыл түбінде отрядты жүзбасы Карбышев басқарған орыс казактары қоршап алып, оларды кейін қайтарды. Баянауыл түбіндегі оқиға туралы Батыс Сібір билік орындарына жіберілген хабарламаға жауапта Ресей Сыртқы істер ми-нистрлігі "Цин империясымен қабылданған достық қатынас ережелерін сақтау" ұсынылған, ал сұлтан Уәлихановқа "бұл әрекеттің ресейлік бодандық міндеттерімен сәйкес келмейтіндігі" атап көрсетілді. Кейбір деректерге қарағанда, 1827 жылы Ғұбайдолла інісі Аббаспен Пекинге жету үшін Құлжаға жол тартқан, алайда ол сәтсіз аяқталған. Цин үкіметі Шығыс Түркістанда көтерілістің басталуына байланысты бұл сапардың уақыты келмеген деп санаған. 1837 жылы Уәлиханов Орта жүздің билері мен старшындарының делегациясын бастап Тобыл қаласына келіп, қазақ жерлерінде округтер құрылғанына қанағаттанбайтынын жеткізген. Бірақ оның оппозициялығы және хандық биліктің алып тасталуына өткір қарсы шығуы Березовоға (қазіргі РФ-ның Түмен облысындағы Березово селосы) жер аударылуымен аяқталды.