Қасымов Қуандық Ишанғалиұлы

04.04.2013 3381
Облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры Қ. И. Қасымов мәдениет саласында 43 жыл бойы жұмыс жасап келеді. Еңбек жолын 196 жылы бастады. Сергеев аудандық мәдениет үйінің баянисі, балалар музыка мектебінің мұғалімі, Сергеев аудандық мәдениет үйінің директоры ретінде бастаған. .          7 жыл бойы Жамбыл,  12 жыл бойы Соколов, Қызылжар аудандарының мәдениет бөліміннің меңгерушісі.     Өмірінің 30 жылын ауылдың мәдениетіне арнаған. Қазақ әні шығармашылығы  саласындағы білімі арқасында ол  қазақ мәдениетінің  дамуына зор үлес қосты. Облысымыздың бірнеше шығармашылық ұжымдарының іргетасын қалаушысы. 1976 жылы  Сергеев ауданының  мәдениет үйінің жанында  академиялық хор құрды. Хордың репертуарына Қазақстан композиторларының шығармалары кірді: С. Мұхаметжановтың «Ғасырлар үні»; М. Төлебаевтың «Біржан-Сара»; Е. Брусиловскийдің !қыз Жібек» және т.б.. 1977 жылы қазақ ұлттық «Ақ бидай» атты ән-би ансамблін құрып, аталмыш шығармашылық ұжымның көркемдік жетекшісі болды. «Ақ бидай» ән-би ансамблі республикадағы белгілі шығармашылық ұжымдардың бірі болып, «Ленин комсомолы» атты үгітпоезының құрамында көршілес Ресей Федерациясының  Омбы, Пермь, Түмен, Қорған облыстарында қазақ өнерін насихаттап, 1980 жылы Мәскеу олипиадасында  өз өнерін көрсетті. Қ. И. Қасымовтың облыста  ақындар айтыстарының жаңғыртылуына  тікелей қатысы бар. 1980-1986 жылдары Көкшетау, Қарағанды, солтүстік қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен  аймақтық айтыстар ұйымдастырған. Баритон дауысына ие  Қ. И. Қасымов  бірнеше рет үкіметтік концерттерге, республикалық және жергілікті маңызы бар  іс-шараларға солист-вокалист ретінде қатысты.   1989 жылы Ресейдің Халық әртісі Геннадий Заволокиннің қатысуымен  алғашқы рет  «Ойна гармонь, күмбірле домбыра» атты облыстық фестивальді және әр ұлт өкілдерінің ойын-сауық мерекесін өткзіп, халықтар достығын нығайтуға өз үлесін қосты. 2002-2006 жылдары Облыстық филармонияны басқарып  жанынан қазақ ұлт аспаптар оркестрін, «Әдемау» қазақ би ансамблін, эстрадалық симфония оркестрін, камералық хор ұжымдарын ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. 2006 жылдың желтоқсан айынан С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрын басқарады. 2008 жылы камералық симфония оркестрі мен би тобын ұйымдастырды. 2010 жылы балет треппасы құрылды. Оның театрға келуімен қойылымдардың кәсіби деңгейі өскенін Республикалық  конкурстар мен фестивальдардағы  жеңістері дәлелдейді. Қ.Қасымов өз ісінің хас шебері, жұмысына адал, жауапкершілігі мол, адами  қасиеті  жоғары маман. Дереккөзі: СҚО Мәдениет басқармасы

Облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры
Қ. И. Қасымов мәдениет саласында 43 жыл бойы жұмыс жасап келеді. Еңбек жолын 196 жылы бастады. Сергеев аудандық мәдениет үйінің баянисі, балалар музыка мектебінің мұғалімі, Сергеев аудандық мәдениет үйінің директоры ретінде бастаған. .
        
7 жыл бойы Жамбыл,  12 жыл бойы Соколов, Қызылжар аудандарының мәдениет бөліміннің меңгерушісі.
   
Өмірінің 30 жылын ауылдың мәдениетіне арнаған. Қазақ әні шығармашылығы  саласындағы білімі арқасында ол  қазақ мәдениетінің  дамуына зор үлес қосты. Облысымыздың бірнеше шығармашылық ұжымдарының іргетасын қалаушысы. 1976 жылы  Сергеев ауданының  мәдениет үйінің жанында  академиялық хор құрды. Хордың репертуарына Қазақстан композиторларының шығармалары кірді: С. Мұхаметжановтың «Ғасырлар үні»; М. Төлебаевтың «Біржан-Сара»; Е. Брусиловскийдің !қыз Жібек» және т.б..

1977 жылы қазақ ұлттық «Ақ бидай» атты ән-би ансамблін құрып, аталмыш шығармашылық ұжымның көркемдік жетекшісі болды. «Ақ бидай» ән-би ансамблі республикадағы белгілі шығармашылық ұжымдардың бірі болып, «Ленин комсомолы» атты үгітпоезының құрамында көршілес Ресей Федерациясының  Омбы, Пермь, Түмен, Қорған облыстарында қазақ өнерін насихаттап, 1980 жылы Мәскеу олипиадасында  өз өнерін көрсетті.

Қ. И. Қасымовтың облыста  ақындар айтыстарының жаңғыртылуына  тікелей қатысы бар. 1980-1986 жылдары Көкшетау, Қарағанды, солтүстік қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен  аймақтық айтыстар ұйымдастырған.
Баритон дауысына ие  Қ. И. Қасымов  бірнеше рет үкіметтік концерттерге, республикалық және жергілікті маңызы бар  іс-шараларға солист-вокалист ретінде қатысты.  

1989 жылы Ресейдің Халық әртісі Геннадий Заволокиннің қатысуымен  алғашқы рет  «Ойна гармонь, күмбірле домбыра» атты облыстық фестивальді және әр ұлт өкілдерінің ойын-сауық мерекесін өткзіп, халықтар достығын нығайтуға өз үлесін қосты.

2002-2006 жылдары Облыстық филармонияны басқарып  жанынан қазақ ұлт аспаптар оркестрін, «Әдемау» қазақ би ансамблін, эстрадалық симфония оркестрін, камералық хор ұжымдарын ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.
2006 жылдың желтоқсан айынан С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрын басқарады.
2008 жылы камералық симфония оркестрі мен би тобын ұйымдастырды.
2010 жылы балет треппасы құрылды.

Оның театрға келуімен қойылымдардың кәсіби деңгейі өскенін Республикалық  конкурстар мен фестивальдардағы  жеңістері дәлелдейді. Қ.Қасымов өз ісінің хас шебері, жұмысына адал, жауапкершілігі мол, адами  қасиеті  жоғары маман.

Дереккөзі: СҚО Мәдениет басқармасы