Мемлекеттік құнды қағаздар

08.11.2012 2167
Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 Мемлекеттік құнды қағаздар, Мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік билік органдары атынан шығарылады. Оларды ҚР өлттық банкінің 1997 ж. 14 ақпандағы ғ396 қаулысы бойынша бекітілген ережелерге сәйкес ҚР Қаржы мин. респ. бюджеттің тапшылығын бейинфляц. тұрғыда қаржыландыру мақсатымен шығарады. М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру мынадай әдістермен жүзеге асырылады: а) бағаның көптігін қанағаттандыратын аукциондық әдіс, әдетте, дисконттық М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру кезінде пайдаланылатын әдіс, мұнда өтінімдерді қанағаттандыру ең жоғары деңгейде дисконтталған бағадан басталады және шығарылымның бүкіл жарияланған көлемі таусылған жағдайда аяқталады. Өтінімдер бастапқы дилерлердің өтінімдерінде көрсетілген дисконттарды ескере отырып қанағаттандырылады; ә) бірыңғай баға деңгейі бойынша өткізілетін аукциондық әдіс, әдетте, екі және одан көп жылға дейінгі мерзімде айналыста жүретін пайыздық М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру кезінде пайдаланылады. М. қ. қ-ды бұл әдіспен орналастыруда қатысушылардан түсетін өтінімдер аукцион шарттарына сәйкес аукционның осы қатысушылар ұсынған баға шарттары бойынша қабылданады, ал өтінімдер аукционның жарияланған көлемі таусылатын деңгейде өтінімде көрсетілген пайыздық мөлшерлемеде қанағаттандырылады, яғни өтінімдер бірыңғай баға шарттары бойынша қанағаттандырылады; б) жазылыс әдісі – М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру үдерісінде орналастырылатын М. қ. қ-дың әрбір түрі бойынша эмитент белгілеген сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылатын әдіс, мұнда М. қ. қ-ды сатып алуға берілетін өтінімдер бастапқы дилерлерден шығарылымның жарияланған көлеміне жеткенге дейін қабылданады. Жазылыс әдісі инвесторлардың – жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшасын тарту мақсатымен қолданылады; в) орналастыруға дейінгі әдіс – орташа өлшемделген дисконтты немесе құнды қағаздардың осы түрі бойынша соңғы рет жүргізілген бастапқы орналастырудың жылдық пайыздық мөлшерлемесін басшылыққа ала отырып, қосымша орналастыру әдісі. Аталмыш құнды қағаздарды бастапқы орналастыру ережелері М. қ. қ-ды аукциондық әдіспен бастапқы орналастыру тәртібін, жазылыстық әдіспен орналастыру тәртібін, өткізілген аукционның көрсеткіштері бойынша қосымша орналастыру тәртібін белгілейді. А. Тоқсанбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

Мемлекеттік құнды қағаздар, Мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік билік органдары атынан шығарылады. Оларды ҚР өлттық банкінің 1997 ж. 14 ақпандағы ғ396 қаулысы бойынша бекітілген ережелерге сәйкес ҚР Қаржы мин. респ. бюджеттің тапшылығын бейинфляц. тұрғыда қаржыландыру мақсатымен шығарады. М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру мынадай әдістермен жүзеге асырылады: а) бағаның көптігін қанағаттандыратын аукциондық әдіс, әдетте, дисконттық М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру кезінде пайдаланылатын әдіс, мұнда өтінімдерді қанағаттандыру ең жоғары деңгейде дисконтталған бағадан басталады және шығарылымның бүкіл жарияланған көлемі таусылған жағдайда аяқталады. Өтінімдер бастапқы дилерлердің өтінімдерінде көрсетілген дисконттарды ескере отырып қанағаттандырылады; ә) бірыңғай баға деңгейі бойынша өткізілетін аукциондық әдіс, әдетте, екі және одан көп жылға дейінгі мерзімде айналыста жүретін пайыздық М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру кезінде пайдаланылады. М. қ. қ-ды бұл әдіспен орналастыруда қатысушылардан түсетін өтінімдер аукцион шарттарына сәйкес аукционның осы қатысушылар ұсынған баға шарттары бойынша қабылданады, ал өтінімдер аукционның жарияланған көлемі таусылатын деңгейде өтінімде көрсетілген пайыздық мөлшерлемеде қанағаттандырылады, яғни өтінімдер бірыңғай баға шарттары бойынша қанағаттандырылады; б) жазылыс әдісі – М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру үдерісінде орналастырылатын М. қ. қ-дың әрбір түрі бойынша эмитент белгілеген сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылатын әдіс, мұнда М. қ. қ-ды сатып алуға берілетін өтінімдер бастапқы дилерлерден шығарылымның жарияланған көлеміне жеткенге дейін қабылданады. Жазылыс әдісі инвесторлардың – жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшасын тарту мақсатымен қолданылады; в) орналастыруға дейінгі әдіс – орташа өлшемделген дисконтты немесе құнды қағаздардың осы түрі бойынша соңғы рет жүргізілген бастапқы орналастырудың жылдық пайыздық мөлшерлемесін басшылыққа ала отырып, қосымша орналастыру әдісі. Аталмыш құнды қағаздарды бастапқы орналастыру ережелері М. қ. қ-ды аукциондық әдіспен бастапқы орналастыру тәртібін, жазылыстық әдіспен орналастыру тәртібін, өткізілген аукционның көрсеткіштері бойынша қосымша орналастыру тәртібін белгілейді.

А. Тоқсанбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Ұқсас материалдар