Мүсіндеме

08.11.2012 5629
Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo – шекимін, қашаймын) – бейнелеу өнерінің бір түрі. М. туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. М. қатты немесе пластик. материалдардан жасалады, негізінен адамды (кейде жан-жануарды) бейнелейді. М. тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, б.з.б. 8 – 2 ғ-ларда дамыған “Аң стилі” ежелгі М-нің көрнекті мысалы бола алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған М. ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы М. тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің (Мирон, Скопас, Геркулес, Циклоп, т.б.) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы М-нің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, М. адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі. Донателло, Микеланджело, Гужон, Пилон, т.б. туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды. 18 – 19 ғ-ларда М. адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында дамыды. Оның құрамында, классик., примитивизм, кубизм (П.Пикассо), конструктивизм (Н.Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, т.б. бағыттағы М. бар. Қазақстан жеріндегі М-нің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, т.б.) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) М-нің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі М. өкілдерінің (Б.Төлеков, Е.Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, т.б.) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі М. бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е.Рахмадиев, Н.Далбай, Ш.Төлешев). Сонымен қатар М. әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және дүниежүзіндегі М. саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы: ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған (Кенесары мүсіні, Астана, 2001; Мұқағали Мақатаев, Алматы, 2003; Әл-Фараби мүсіні; ҚазөУ қалашығы, 2004, т.б.). М-ның тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символик. және аллегор. тұлғалар, анималистік мүсіндер. М-нің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, т.б.) байланысты. М. мазмұнына қарай: монументтік-декоративті, қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді. Өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку, т.б. болып келеді. М. негізінен 2 түрге бөлінеді: жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру). Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады (мыс., Қазақстан Жазушылар одағы үйіндегі “Кітап бейнесі” атты монументтік мүсін). Шағын пішінді М-нің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Архит. және табиғи ортамен байланысты монументтік М. (ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді. Монументтік-декоративті М. архит. құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, т.б. мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан. Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы М-нің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол М-нің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады. С. Бекқұлова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo – шекимін, қашаймын) – бейнелеу өнерінің бір түрі. М. туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. М. қатты немесе пластик. материалдардан жасалады, негізінен адамды (кейде жан-жануарды) бейнелейді. М. тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, б.з.б. 8 – 2 ғ-ларда дамыған “Аң стилі” ежелгі М-нің көрнекті мысалы бола алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған М. ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы М. тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің (Мирон, Скопас, Геркулес, Циклоп, т.б.) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы М-нің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, М. адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі. Донателло, Микеланджело, Гужон, Пилон, т.б. туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды. 18 – 19 ғ-ларда М. адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында дамыды. Оның құрамында, классик., примитивизм, кубизм (П.Пикассо), конструктивизм (Н.Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, т.б. бағыттағы М. бар. Қазақстан жеріндегі М-нің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, т.б.) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) М-нің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі М. өкілдерінің (Б.Төлеков, Е.Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, т.б.) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі М. бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е.Рахмадиев, Н.Далбай, Ш.Төлешев). Сонымен қатар М. әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және дүниежүзіндегі М. саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы: ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған (Кенесары мүсіні, Астана, 2001; Мұқағали Мақатаев, Алматы, 2003; Әл-Фараби мүсіні; ҚазөУ қалашығы, 2004, т.б.).

М-ның тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символик. және аллегор. тұлғалар, анималистік мүсіндер. М-нің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, т.б.) байланысты. М. мазмұнына қарай: монументтік-декоративті, қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді. Өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку, т.б. болып келеді. М. негізінен 2 түрге бөлінеді: жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру). Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады (мыс., Қазақстан Жазушылар одағы үйіндегі “Кітап бейнесі” атты монументтік мүсін). Шағын пішінді М-нің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Архит. және табиғи ортамен байланысты монументтік М. (ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді. Монументтік-декоративті М. архит. құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, т.б. мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан. Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы М-нің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол М-нің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады.

С. Бекқұлова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том