Кредит-ақша саясаты

08.11.2012 2346
Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Кредит-ақша саясаты – мемлекет экономикасында ақша мөлшерін реттеу мақсатында қолданылатын шаралар кешені. К.-а.с. жалпы ұлттық өнім, баға деңгейі және ұлттық табыс сияқты аса маңызды макроэкон. көрсеткіштерге айтарлықтай әсерін тигізетіндіктен мемл. экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады. Бүкіл 20 ғ. бойына мынадай заңдылық орын алды: неғұрлым дамыған мемлекеттер, экон. өсуді ынталандыру, экон. жағдаяттың ауытқуын реттеу үшін нақ осы К.-а. с. құралын қарқынды пайдалануға тырысты, әйтсе де мұндай жанама ынталандыру әрқашан да күткендегідей нәтижелер бермеді. К.-а. с-н жүргізу ісі жауапты мемл. органдарға, әдетте, орт. банкке (Қазақстанда – ұлттық банкке) жүктеледі. Жалпы алғанда ақша массасы – орт. (ұлттық) банктің нақты ақшасының, банкноттары мен теңгелерінің (монета) және экон. агенттердің (кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың) коммерциялық банктерге салған салымдарының сомасы. Салымдарды халықтың салымдары ғана емес, сонымен бірге кәсіпорындардың есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттарындағы қалдық ақшалар да құрайды. Ақша массасының ұғымын ақша базасының ұғымынан ажырата білу керек. Ақша базасын нақ сол барлық нақты ақша мен коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары құрайды. Мәселенің мәні мынада: коммерциялық банктер коммерциялық несиелендіру тетігін пайдалана отырып, ақша массасының көлемін ақша базасының шегінен сан есе көбейтуі мүмкін. Өз клиенттеріне несие бере отырып, банктер іс жүзінде елдің орт. (ұлттық) банкіндегі өз депозиттерінен асып түсетін депозиттер жасайды. Басқаша айтқанда, банктің кредит беру тетігі болмаса, яғни банктер несие бермесе, мультипликативтік ұлғаю процесі ешқашан басталмас еді және ақша массасы мен ақша базасы ешқашан теңелмеген болар еді. Ақша массасының ақша базасына қатынасын ақша мультипликаторы деп атайды. Егер біз ақша базасын латынша Н әрпімен, ал ақша массасын М әрпімен таңбаласақ, онда мынадай формула аламыз: М=kH, мұнда k – ақша мультипликаторы. Сөйтіп, мемлекеттің К.-а. с-ның мәні іс жүзінде ақша массасының көлемі айқындайтын осы екі шамаға (Н – ақша базасы мен k – ақша мультипликаторына) ықпал етуінде. Қазіргі мемлекеттерде орт. банктің ақша базасының шамасын неғұрлым жиі өзгертіп отыратын әдісі – ашық рыноктағы операциялар, яғни өз үкіметінің борышқорлық қағаздарын сатып алу – сату. Ашық рынокта бағалы қағаздарды сатып алудың мысалы ретінде ұлттық банк коммерциялық банктен үкімет облигацияларын 1 млрд. теңгеге, сатып алатын операциясын қарастыралық. Ұлттық банктің мемл. бағалы қағаздар түріндегі меншігі 1 млрд. теңгеге артады, мұның өзі баланс активінің “Мемлекеттік бағалы қағаздар” бабында көрсетіледі. Облигацияларға айырбас ретінде ұлттық банк осы облигацияларды сатқан коммерциялық банктің шотына 1 млрд. теңге аударады. Басқаша айтқанда, баланс пассивінің ұлттық банктегі банк депозиттері бабы 1 млрд. теңгеге артады. Коммерциялық банк өз резервін алғашқы мезетте ұлттық банктегі салымдар ретінде ұсталатын 1 млрд. теңгеге көбейтті. Алайда бұл орайда ұлттық банктің сатушыға өзінің меншікті бухгалтерлік кітаптарында депозиттер жасау жолымен облигация үшін төлей алатынын ескеру қажет. Бұл депозит басқа банктерге төлемдер төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін немесе нақты ақшаға айырбасталуы мүмкін. Банктегі депозиттің кәдуілгі иесі де өз шотынан нақты ақшаны ала алады, сондай-ақ, ұлттық банкке депозит салған банк те өз салымын қысқартқаны үшін айырбас ретінде нақты ақша ала алады. Ұлттық банк облигация үшін өз банкіндегі депозитпен төлегенде ол ақша базасын бірден көбейтеді. Ұлттық банк мемл. облигациялар сияқты активтерді жай ғана сатып алып және олар үшін өз міндеттемелерімен төлеп, ақша базасын қалауынша ұлғайта алады. Ұлттық банк ақша базасын бұлайша ұлғайтуға коммерциялық банктер өтемпаз қаражатқа ділгер болатын дағдарыстар кезеңінде барады. Бұл оның өзінің өтем резервтерін көбейтуіне, демек, нақты секторды несиелендіру әлуетін күшейтуіне мүмкіндік береді, мұның өзі экон. өсу қарқынын күшейте алады. Бағалы қағаздарды сата отырып, орт. (ұлттық) банк ақша базасын қысқартатынын оңай аңғаруға болады. Ақша базасының қысқаруы коммерциялық банктердің қорларын азайтады, мұның өзі халыққа, кәсіпорындарға кредит беру көлемін азайтып, несиелендіру шарттарын қатайтады, экон. өсу қарқынын тежейді. Іс-дағды көрсетіп отырғанындай, ақша мультипликаторының тұрақсыз екені былай тұрсын, сонымен бірге ол тіпті оңай болжап білуге болмайтын шама. Мұның мәнісі орт. (ұлттық) банк тек ақша базасын реттеумен ғана әрбір нақты уақыт кезеңінде ақша массасын дәл анықтай алмайды деген сөз. Тіпті күтпеген титтей ауытқу ақша базасының осы шамасында ақша ұсынысын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Сондықтан орт. (ұлттық) банк ақша мультипликаторының шамасына әсер етудің арнаулы әдістерін пайдаланады. Алайда тіпті барлық осы әдістерді қолдану да орт. (ұлттық) банктің ақша мультипликаторының ауытқуын толық бақылауына бәрібір мүмкіндік бермейді. Ақша мультипликаторының формуласы мынадай: k=(1+c)/(r+c), мұнда c – нақты ақша-депозиттер, ал r – резерв-депозиттер (бұл орайда резерв дегеніміз, көбінесе, коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары. Формуладан көрініп отырғанындай, ақша мультипликаторы неғұрлым көп болса, резервтердің депозиттерге қатынасы соғұрлым аз болады. Ақша мультипликаторының нақты ақша-депозиттер қатынасына қалай тәуелді екенін анықтау қиынырақ. Бірақ мұнда да кері тәуелділік бар. Мұның мәнісі мынада: с аз болса, нақты ақша ретінде пайдаланылатын ақша базасының үлесі де аз болады, ал резерв ретінде пайдаланылатын үлес жоғары болады. Нақты ақша-депозиттер қатынасы, негізінен, халықтың мінез-құлқымен айқындалады, ол ақшаның қанша бөлігін нақты ақша (теңге-монета мен банкнот) түрінде ұстауға болатынын, ал қанша бөлігін салым (депозит) түрінде ұстауға болатынын шешеді. Халықтың қалауы: а) төлем түрлерін әдетке айналдыруына; ә) ақшаны нақты ақша түрінде сақтаудың трансакциялық шығыны мен шотқа қол жеткізу шығынының қатынасына; б) ағымдағы тұтыну көлемі мен мәміле санына; в) түрлі депозиттер бойынша пайыздардың ағымдағы ставкаларына байланысты. Бұл параметрлердің көбісі орт. (ұлттық) банктің бақылауына көне бермейді. Ал орт. (ұлттық) банктің резерв-депозиттер саласындағы мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Ол міндетті резервтік талаптардың мөлшерін, яғни коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдарының ең аз нормасын тағайындай алады. Міндетті резерв жасау нормативі – мемлекеттің К.-а. с-ның екінші аса маңызды құралы. Міндетті резерв жасау нормасын көбейте отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктердің өз клиенттеріне кредит беру және тиісінше ақша массасын мультипликациялау жөніндегі мүмкіндіктерін шектейді. Ал, керісінше, міндетті резерв жасау нормативін қысқарту ақша мультипликаторын көбейтеді, яғни нақ сондай немесе қысқара түсетін ақша базасында ақша массасын өсіреді. Іс жүзінде К.-а. с-ның осы құралдары пайдаланылатын барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, резервтік талаптар салымдардың тұрпатына қарай түрленіп отырады: мерзімді салымдар бойынша олар талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары. К.-а. с-ның үшінші басты құралы – қайта қаржыландыру ставкасы. Мұның өзі орт. (ұлттық) банктің коммерциялық банктерге беретін кредиттері бойынша пайыз ставкасы. Қайта қаржыландыру ставкасын құбылта отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктің артық резервтерінің шамасына, сондай-ақ, жанама түрде нақты ақша-депозиттер қатынасына да ықпал етеді. Шынында да, егер қайта қаржыландыру ставкасы жоғары болса, онда коммерциялық банктер өзінің артық резервтерінің мөлшерін көбейтуді жөн көреді. Өйткені өтемпаз қаражат жетіспеген жағдайда орт. (ұлттық) банктің кредиттері коммерциялық банкке тым қымбатқа түседі. орт. (ұлттық) банк қайта қаржыландыру ставкасын төмендеткен кезде коммерциялық банктердің айтарлықтай артық резерв жасауға деген құлшынысы кемиді. Олар ақшаны пайыз әкелетін активтерге салуға, ал кассалық алшақтық пайда болған жағдайда орт. (ұлттық) банктен қайта қарыз алуға көбірек мүдделі болады. Дамыған елдерде қайта қаржыландыру ставкасы, әдетте, коммерциялық банктердің кредиттік ставкаларының төм. шегінде ұсынылады; дамушы елдерде бұл принциптен ауытқудың уақытша орын алуы мүмкін. С. Аханов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Кредит-ақша саясаты – мемлекет экономикасында ақша мөлшерін реттеу мақсатында қолданылатын шаралар кешені. К.-а.с. жалпы ұлттық өнім, баға деңгейі және ұлттық табыс сияқты аса маңызды макроэкон. көрсеткіштерге айтарлықтай әсерін тигізетіндіктен мемл. экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады. Бүкіл 20 ғ. бойына мынадай заңдылық орын алды: неғұрлым дамыған мемлекеттер, экон. өсуді ынталандыру, экон. жағдаяттың ауытқуын реттеу үшін нақ осы К.-а. с. құралын қарқынды пайдалануға тырысты, әйтсе де мұндай жанама ынталандыру әрқашан да күткендегідей нәтижелер бермеді. К.-а. с-н жүргізу ісі жауапты мемл. органдарға, әдетте, орт. банкке (Қазақстанда – ұлттық банкке) жүктеледі. Жалпы алғанда ақша массасы – орт. (ұлттық) банктің нақты ақшасының, банкноттары мен теңгелерінің (монета) және экон. агенттердің (кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың) коммерциялық банктерге салған салымдарының сомасы. Салымдарды халықтың салымдары ғана емес, сонымен бірге кәсіпорындардың есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттарындағы қалдық ақшалар да құрайды. Ақша массасының ұғымын ақша базасының ұғымынан ажырата білу керек. Ақша базасын нақ сол барлық нақты ақша мен коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары құрайды. Мәселенің мәні мынада: коммерциялық банктер коммерциялық несиелендіру тетігін пайдалана отырып, ақша массасының көлемін ақша базасының шегінен сан есе көбейтуі мүмкін. Өз клиенттеріне несие бере отырып, банктер іс жүзінде елдің орт. (ұлттық) банкіндегі өз депозиттерінен асып түсетін депозиттер жасайды. Басқаша айтқанда, банктің кредит беру тетігі болмаса, яғни банктер несие бермесе, мультипликативтік ұлғаю процесі ешқашан басталмас еді және ақша массасы мен ақша базасы ешқашан теңелмеген болар еді. Ақша массасының ақша базасына қатынасын ақша мультипликаторы деп атайды. Егер біз ақша базасын латынша Н әрпімен, ал ақша массасын М әрпімен таңбаласақ, онда мынадай формула аламыз: М=kH, мұнда k – ақша мультипликаторы. Сөйтіп, мемлекеттің К.-а. с-ның мәні іс жүзінде ақша массасының көлемі айқындайтын осы екі шамаға (Н – ақша базасы мен k – ақша мультипликаторына) ықпал етуінде. Қазіргі мемлекеттерде орт. банктің ақша базасының шамасын неғұрлым жиі өзгертіп отыратын әдісі – ашық рыноктағы операциялар, яғни өз үкіметінің борышқорлық қағаздарын сатып алу – сату. Ашық рынокта бағалы қағаздарды сатып алудың мысалы ретінде ұлттық банк коммерциялық банктен үкімет облигацияларын 1 млрд. теңгеге, сатып алатын операциясын қарастыралық. Ұлттық банктің мемл. бағалы қағаздар түріндегі меншігі 1 млрд. теңгеге артады, мұның өзі баланс активінің “Мемлекеттік бағалы қағаздар” бабында көрсетіледі. Облигацияларға айырбас ретінде ұлттық банк осы облигацияларды сатқан коммерциялық банктің шотына 1 млрд. теңге аударады. Басқаша айтқанда, баланс пассивінің ұлттық банктегі банк депозиттері бабы 1 млрд. теңгеге артады. Коммерциялық банк өз резервін алғашқы мезетте ұлттық банктегі салымдар ретінде ұсталатын 1 млрд. теңгеге көбейтті. Алайда бұл орайда ұлттық банктің сатушыға өзінің меншікті бухгалтерлік кітаптарында депозиттер жасау жолымен облигация үшін төлей алатынын ескеру қажет. Бұл депозит басқа банктерге төлемдер төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін немесе нақты ақшаға айырбасталуы мүмкін. Банктегі депозиттің кәдуілгі иесі де өз шотынан нақты ақшаны ала алады, сондай-ақ, ұлттық банкке депозит салған банк те өз салымын қысқартқаны үшін айырбас ретінде нақты ақша ала алады. Ұлттық банк облигация үшін өз банкіндегі депозитпен төлегенде ол ақша базасын бірден көбейтеді. Ұлттық банк мемл. облигациялар сияқты активтерді жай ғана сатып алып және олар үшін өз міндеттемелерімен төлеп, ақша базасын қалауынша ұлғайта алады. Ұлттық банк ақша базасын бұлайша ұлғайтуға коммерциялық банктер өтемпаз қаражатқа ділгер болатын дағдарыстар кезеңінде барады. Бұл оның өзінің өтем резервтерін көбейтуіне, демек, нақты секторды несиелендіру әлуетін күшейтуіне мүмкіндік береді, мұның өзі экон. өсу қарқынын күшейте алады. Бағалы қағаздарды сата отырып, орт. (ұлттық) банк ақша базасын қысқартатынын оңай аңғаруға болады. Ақша базасының қысқаруы коммерциялық банктердің қорларын азайтады, мұның өзі халыққа, кәсіпорындарға кредит беру көлемін азайтып, несиелендіру шарттарын қатайтады, экон. өсу қарқынын тежейді.

Іс-дағды көрсетіп отырғанындай, ақша мультипликаторының тұрақсыз екені былай тұрсын, сонымен бірге ол тіпті оңай болжап білуге болмайтын шама. Мұның мәнісі орт. (ұлттық) банк тек ақша базасын реттеумен ғана әрбір нақты уақыт кезеңінде ақша массасын дәл анықтай алмайды деген сөз. Тіпті күтпеген титтей ауытқу ақша базасының осы шамасында ақша ұсынысын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Сондықтан орт. (ұлттық) банк ақша мультипликаторының шамасына әсер етудің арнаулы әдістерін пайдаланады. Алайда тіпті барлық осы әдістерді қолдану да орт. (ұлттық) банктің ақша мультипликаторының ауытқуын толық бақылауына бәрібір мүмкіндік бермейді. Ақша мультипликаторының формуласы мынадай: k=(1+c)/(r+c), мұнда c – нақты ақша-депозиттер, ал r – резерв-депозиттер (бұл орайда резерв дегеніміз, көбінесе, коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдары. Формуладан көрініп отырғанындай, ақша мультипликаторы неғұрлым көп болса, резервтердің депозиттерге қатынасы соғұрлым аз болады. Ақша мультипликаторының нақты ақша-депозиттер қатынасына қалай тәуелді екенін анықтау қиынырақ. Бірақ мұнда да кері тәуелділік бар. Мұның мәнісі мынада: с аз болса, нақты ақша ретінде пайдаланылатын ақша базасының үлесі де аз болады, ал резерв ретінде пайдаланылатын үлес жоғары болады. Нақты ақша-депозиттер қатынасы, негізінен, халықтың мінез-құлқымен айқындалады, ол ақшаның қанша бөлігін нақты ақша (теңге-монета мен банкнот) түрінде ұстауға болатынын, ал қанша бөлігін салым (депозит) түрінде ұстауға болатынын шешеді. Халықтың қалауы: а) төлем түрлерін әдетке айналдыруына; ә) ақшаны нақты ақша түрінде сақтаудың трансакциялық шығыны мен шотқа қол жеткізу шығынының қатынасына; б) ағымдағы тұтыну көлемі мен мәміле санына; в) түрлі депозиттер бойынша пайыздардың ағымдағы ставкаларына байланысты. Бұл параметрлердің көбісі орт. (ұлттық) банктің бақылауына көне бермейді. Ал орт. (ұлттық) банктің резерв-депозиттер саласындағы мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Ол міндетті резервтік талаптардың мөлшерін, яғни коммерциялық банктердің орт. (ұлттық) банктегі салымдарының ең аз нормасын тағайындай алады. Міндетті резерв жасау нормативі – мемлекеттің К.-а. с-ның екінші аса маңызды құралы. Міндетті резерв жасау нормасын көбейте отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктердің өз клиенттеріне кредит беру және тиісінше ақша массасын мультипликациялау жөніндегі мүмкіндіктерін шектейді. Ал, керісінше, міндетті резерв жасау нормативін қысқарту ақша мультипликаторын көбейтеді, яғни нақ сондай немесе қысқара түсетін ақша базасында ақша массасын өсіреді. Іс жүзінде К.-а. с-ның осы құралдары пайдаланылатын барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, резервтік талаптар салымдардың тұрпатына қарай түрленіп отырады: мерзімді салымдар бойынша олар талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары. К.-а. с-ның үшінші басты құралы – қайта қаржыландыру ставкасы. Мұның өзі орт. (ұлттық) банктің коммерциялық банктерге беретін кредиттері бойынша пайыз ставкасы. Қайта қаржыландыру ставкасын құбылта отырып, орт. (ұлттық) банк коммерциялық банктің артық резервтерінің шамасына, сондай-ақ, жанама түрде нақты ақша-депозиттер қатынасына да ықпал етеді. Шынында да, егер қайта қаржыландыру ставкасы жоғары болса, онда коммерциялық банктер өзінің артық резервтерінің мөлшерін көбейтуді жөн көреді. Өйткені өтемпаз қаражат жетіспеген жағдайда орт. (ұлттық) банктің кредиттері коммерциялық банкке тым қымбатқа түседі. орт. (ұлттық) банк қайта қаржыландыру ставкасын төмендеткен кезде коммерциялық банктердің айтарлықтай артық резерв жасауға деген құлшынысы кемиді. Олар ақшаны пайыз әкелетін активтерге салуға, ал кассалық алшақтық пайда болған жағдайда орт. (ұлттық) банктен қайта қарыз алуға көбірек мүдделі болады. Дамыған елдерде қайта қаржыландыру ставкасы, әдетте, коммерциялық банктердің кредиттік ставкаларының төм. шегінде ұсынылады; дамушы елдерде бұл принциптен ауытқудың уақытша орын алуы мүмкін.

С. Аханов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Ұқсас материалдар