Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі: географиясы, өсімдіктер әлемі

15.03.2013 20074
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді. Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды. Парктің жалпы аумағы 68 453 га. құрайды. Географиясы Парктің аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді, сондықтан қазіргі уақытта оның қатысты шағын биіктіктері бар (теңіз деңгейінен 400-ден 1027 м-ге дейін жоғары). Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) — Ақбет тауы. Аңыз бойынша тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа бергені үшін таудан құлаған. Парк аумағында үш ірі тұщы сулы көл  - Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан.  Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады. Ең ірі көл — Сабындыкөл (тура аудармасы — «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған. Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл — Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын. Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда соншама мөлдір емес, сондықтан ол шомылуға келе қоймайды, бірақ онда көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген балықшыларды қызықтырады. Бұл көл балалық шағы осы жерде өткен қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров құрметіне осылай аталған (көлдің жанында орналасқан аттас кентте және ақынның құрметіне аталған мұражай жұмыс істейді). Өсімдіктер әлемі Паркте өсімдіктің төрт түрі бар - тоғай, орманды дала, орман мен шабындық. Парктегі өсімдік әлемінің әртүрлілігі Баянауыл қарағайы мен қара қандағашты қоса алғанда 460 түрге жуық өсімдікті құрайды. Баянауыл қарағайы тас пен өсімдіктің ғажайып үйлесімділігін жасай отырып, тастарда өседі. Парктегі өсімдіктердің әртүрлілігі оның өсімдігі тапшы шөлейт дала ортасында орналасқанын ескере отырып, ерекше таң қалдырады. Ақ қайыңмен, қарағаймен, қандағашпен және көктерекпен қоса паркте көптеген бұталар, соның ішінде жидек беретін бұталар – таңқурай, ит мұрын, қарақат, долана өседі. Шабындықтарда құлпынай жиі кездеседі. Орманда саңырауқұлақтар өседі. Паркте көнезамандық өсімдіктердің 50 түріне жуығы, көнезамандық қара қандағаш пен көнезамандық тас қарақат кездеседі. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді.

Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды.

Парктің жалпы аумағы 68 453 га. құрайды.

Географиясы

Парктің аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді, сондықтан қазіргі уақытта оның қатысты шағын биіктіктері бар (теңіз деңгейінен 400-ден 1027 м-ге дейін жоғары). Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) — Ақбет тауы. Аңыз бойынша тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа бергені үшін таудан құлаған.

Парк аумағында үш ірі тұщы сулы көл  - Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан.  Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады.

Ең ірі көл — Сабындыкөл (тура аудармасы — «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған.

Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл — Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын.

Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда соншама мөлдір емес, сондықтан ол шомылуға келе қоймайды, бірақ онда көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген балықшыларды қызықтырады. Бұл көл балалық шағы осы жерде өткен қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров құрметіне осылай аталған (көлдің жанында орналасқан аттас кентте және ақынның құрметіне аталған мұражай жұмыс істейді).

Өсімдіктер әлемі

Паркте өсімдіктің төрт түрі бар - тоғай, орманды дала, орман мен шабындық.

Парктегі өсімдік әлемінің әртүрлілігі Баянауыл қарағайы мен қара қандағашты қоса алғанда 460 түрге жуық өсімдікті құрайды. Баянауыл қарағайы тас пен өсімдіктің ғажайып үйлесімділігін жасай отырып, тастарда өседі. Парктегі өсімдіктердің әртүрлілігі оның өсімдігі тапшы шөлейт дала ортасында орналасқанын ескере отырып, ерекше таң қалдырады. Ақ қайыңмен, қарағаймен, қандағашпен және көктерекпен қоса паркте көптеген бұталар, соның ішінде жидек беретін бұталар – таңқурай, ит мұрын, қарақат, долана өседі. Шабындықтарда құлпынай жиі кездеседі. Орманда саңырауқұлақтар өседі. Паркте көнезамандық өсімдіктердің 50 түріне жуығы, көнезамандық қара қандағаш пен көнезамандық тас қарақат кездеседі.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Ұқсас материалдар