Көптілділік

08.11.2012 3532
Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) К-гі және ұлт пен ұлыстың К-гі болып бөлінеді. К-тің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеум., экон., мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте К. сирек. Онда жеке адамның ғана К-гі ұшырасады (Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда). К. – АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. К.: жаппай К., ішінара К. болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай К-гі қалыптасқан. Сондықтан да К. көп ұлтты геогр. кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай К. Кавказдағы армян, аджар, осетин, күрд, грек, т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас. Мұндағы славян тектес халықтардың дені – негізінен бір тілде ғана сөйлейтіндер, қазақтардың көпшілігі екі тілде сөйлейді. Ал ұйғыр, өзбек, дүнген, күрд, түрік, әзербайжан, тәжік, татар, т.б. ұлт өкілдері арасында К. кең тараған. Неміс, корей, шешен ұлттарында да К. едәуір жиі ұшырасады. Кейінгі кезде шет тілін үйренуге ден қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында да К. көбейіп келеді. Бүтіндей ұлт пен ұлыстың К-гі – социолингвистердің зерттеу нысаны боларлық күрделі құбылыс. Жаппай К. жағдайында коммуникативтік формалар (диалектілер, говорлар, әр алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі қолдану иерархиясын құрайды. Мыс., 1) тар локалды шағын топ арасындағы қатынас (үй-ішілік тіл); 2) топаралық тұрмыспен байланысты локалды қатынас құралы (мыс., Азия мен Африканың көп ұлтты елдеріндегі “базар” тілі); 3) билік жүргізетін әкімш. (немесе ұлт) тілі; 4) көп ұлтты аймақтың ресми тілі; 5) мемл. тіл (немесе халықар. байланыс тілі). Егер бастапқы екеуі ресми қатынас құралы болмай, тек ауызекі сөйлесу тіліне жатса, соңғы үшеуінің атқарар қызметі жан-жақты. Олар – жалпы халыққа ортақ қарым-қатынас құралы, білім мен ғылымның, ақпарат пен баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің тілі. К. билингвизмнен (қостілділіктен) бастау алады. К. сирек кездеседі. 1989 ж. мәлімет бойынша, бұрынғы Кеңестер Одағындағы 73 млн. қос тілділердің (23,4%), 61 млн-ының екінші тілі орыс тілі болған. Олардың шағын ғана тобы К-ге (полиглотқа) жатқан. К. үшін тілдің қолдану мәртебесінің жан-жақты болуы, қажеттіліктің қалыптасуы, сондай-ақ тілдердің туыстығы (генетик. және типол. жақындығы) шешуші рөл атқарады. С. Бизақов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) К-гі және ұлт пен ұлыстың К-гі болып бөлінеді. К-тің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеум., экон., мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте К. сирек. Онда жеке адамның ғана К-гі ұшырасады (Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда). К. – АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. К.: жаппай К., ішінара К. болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай К-гі қалыптасқан. Сондықтан да К. көп ұлтты геогр. кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай К. Кавказдағы армян, аджар, осетин, күрд, грек, т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас. Мұндағы славян тектес халықтардың дені – негізінен бір тілде ғана сөйлейтіндер, қазақтардың көпшілігі екі тілде сөйлейді. Ал ұйғыр, өзбек, дүнген, күрд, түрік, әзербайжан, тәжік, татар, т.б. ұлт өкілдері арасында К. кең тараған. Неміс, корей, шешен ұлттарында да К. едәуір жиі ұшырасады. Кейінгі кезде шет тілін үйренуге ден қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында да К. көбейіп келеді. Бүтіндей ұлт пен ұлыстың К-гі – социолингвистердің зерттеу нысаны боларлық күрделі құбылыс. Жаппай К. жағдайында коммуникативтік формалар (диалектілер, говорлар, әр алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі қолдану иерархиясын құрайды. Мыс., 1) тар локалды шағын топ арасындағы қатынас (үй-ішілік тіл); 2) топаралық тұрмыспен байланысты локалды қатынас құралы (мыс., Азия мен Африканың көп ұлтты елдеріндегі “базар” тілі); 3) билік жүргізетін әкімш. (немесе ұлт) тілі; 4) көп ұлтты аймақтың ресми тілі; 5) мемл. тіл (немесе халықар. байланыс тілі). Егер бастапқы екеуі ресми қатынас құралы болмай, тек ауызекі сөйлесу тіліне жатса, соңғы үшеуінің атқарар қызметі жан-жақты. Олар – жалпы халыққа ортақ қарым-қатынас құралы, білім мен ғылымның, ақпарат пен баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің тілі. К. билингвизмнен (қостілділіктен) бастау алады. К. сирек кездеседі. 1989 ж. мәлімет бойынша, бұрынғы Кеңестер Одағындағы 73 млн. қос тілділердің (23,4%), 61 млн-ының екінші тілі орыс тілі болған. Олардың шағын ғана тобы К-ге (полиглотқа) жатқан. К. үшін тілдің қолдану мәртебесінің жан-жақты болуы, қажеттіліктің қалыптасуы, сондай-ақ тілдердің туыстығы (генетик. және типол. жақындығы) шешуші рөл атқарады.

С. Бизақов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том