Аристотель

08.11.2012 30101
Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012   Аристотель  — көне грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторы. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 384  – 322 ж. өмір сүрген. Аристотель 367 – 347 ж. Платон Академиясында білім алып, кейін осында оқытушылық қызмет атқарған. 347 – 334 жылдары ел аралап, Кіші Азияда, т.б. елдерде болады. 343 – 340 ж. 13 жасар Александр Македонскийді тәрбиелейді. Афинаға қайта оралған соң, 334 – 323 ж. философиялық мектептің (ликей) негізін салады. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда Аристотель шәкірттерін серуендетіп жүріп, дәріс беретін болған. Соған байланысты бұл мектеп гректің perіpatetіkos, яғни серуендей жүріп орындау мәніндегі сөзіне сәйкес «перипатетикалық мектеп» деп аталады. Аристотель еңбектері көзі тірісінде реттеліп жинақталмаған. Сондықтан оның шығармалары туралы ғылымда талас әлі тоқтаған жоқ. Аристотель Платон дүниеден қайтқанға дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып ұстазының идеялар туралы іліміне сын айтады. Осы тұжырымды негізге алып, Мәскеу философия институтының ұжымы «Философиялық мұра» топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын («Мысль» баспасы, 1981 – 1983) жарыққа шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: «Метафизика» және «Жан туралы». Құрылымы жағынан «Метафизика» дербес он төрт кітаптан тұрады. «Метафизикасында» Аристотель Платонның негізгі ілімі – идеялар туралы тұжырымын сынға алады. 1-томға енген екінші жұмыс «Жан туралы». Бұл – психология ғылымының бастауы болған тұңғыш еңбек. Аристотельдің айтуынша, жан – тәннің өмір сүру себебі және негізі. Оның жан туралы айтқан көптеген пікірлері күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ. 2-томға Аристотельдің «Ұғымдар, «Герменевтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топика» және «Софизмдік (грекше ойдан шығарылған деген ұғымды білдіреді) терістеулер туралы» еңбектері енген. Бұл еңбектерде Аристотель жаңа білім саласы логиканың негізін салған. 3-том «Физика», «Аспан туралы», «Пайда болу және жойылу», «Метеорологика» деген еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге, яғни қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына негіз болып қаланды. 4-томға «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика», «Саясат», «Поэтика» деген еңбектері енген. Алғашқы екі шығармада мораль мәселелері қарастырылады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Никомах (баласы) Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді. Содан ол кітап «Никомахтың этикасы» деп аталып кеткен. Жалпы этика Аристотельдің білімдер жіктеу жүйесінде көрнекті орын алған. Ол ғылымдарды үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық ғылым. Біріншісіне философия, математика және физиканы, екіншісіне – этика мен саясатты, ал үшіншісіне – өнер, қолөнер және тұрмысқа тікелей қатысты ғылым түрлерін жатқызды. «Саясат» деген еңбегінде мемлекет мәселелеріне тоқталған. Ол  мемлекеттік құрылымның алты түрін атап, оларды екі топқа бөледі. Алғашқы үшеуін дұрыс, үшеуін қате құрылым ретінде көрсетеді. Аристотель «Поэтикасы» – қазіргі заманғы өнертану мен әдебиет тануға негіз болып қаланған шығарма. Аристотель ілімін жүйелеп, түсіндіру ісінде араб философтары әл-Кинди мен ибн-Рушд, түрік ойшылы Әбу Наср әл-Фараби, парсылық ибн-Сина еңбектері ерекше рөл атқарады. «Шығыс перипатетиктері» аталған бұл ойшылдар  Аристотельдің барлық шығармаларына терең талдаулар жасады. Осы қызметі үшін әл-Фараби кезінде «Екінші ұстаз» атанған. Қазақтың тарихи қиссаларында, дастандарында, ақындар шығармаларында Аристотель есімі жиі кездеседі. Абай қара сөзінде Аристотельге – «хаким» деп аса құрмет білдірген. Аристотель  шығармаларын Батыс Еуропаға кеңінен таныстырған ибн-Рушд. Одан әріде католик ойшылы Фома Аквинат Аристотельді христиан ойшылы ретінде дәлелдеуге көп еңбек еткен.    

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

 

Аристотель  — көне грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторы. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 384  – 322 ж. өмір сүрген. Аристотель 367 – 347 ж. Платон Академиясында білім алып, кейін осында оқытушылық қызмет атқарған. 347 – 334 жылдары ел аралап, Кіші Азияда, т.б. елдерде болады. 343 – 340 ж. 13 жасар Александр Македонскийді тәрбиелейді. Афинаға қайта оралған соң, 334 – 323 ж. философиялық мектептің (ликей) негізін салады. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда Аристотель шәкірттерін серуендетіп жүріп, дәріс беретін болған. Соған байланысты бұл мектеп гректің perіpatetіkos, яғни серуендей жүріп орындау мәніндегі сөзіне сәйкес «перипатетикалық мектеп» деп аталады. Аристотель еңбектері көзі тірісінде реттеліп жинақталмаған. Сондықтан оның шығармалары туралы ғылымда талас әлі тоқтаған жоқ. Аристотель Платон дүниеден қайтқанға дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып ұстазының идеялар туралы іліміне сын айтады. Осы тұжырымды негізге алып, Мәскеу философия институтының ұжымы «Философиялық мұра» топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын («Мысль» баспасы, 1981 – 1983) жарыққа шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: «Метафизика» және «Жан туралы». Құрылымы жағынан «Метафизика» дербес он төрт кітаптан тұрады. «Метафизикасында» Аристотель Платонның негізгі ілімі – идеялар туралы тұжырымын сынға алады. 1-томға енген екінші жұмыс «Жан туралы». Бұл – психология ғылымының бастауы болған тұңғыш еңбек. Аристотельдің айтуынша, жан – тәннің өмір сүру себебі және негізі. Оның жан туралы айтқан көптеген пікірлері күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ. 2-томға Аристотельдің «Ұғымдар, «Герменевтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топика» және «Софизмдік (грекше ойдан шығарылған деген ұғымды білдіреді) терістеулер туралы» еңбектері енген. Бұл еңбектерде Аристотель жаңа білім саласы логиканың негізін салған. 3-том «Физика», «Аспан туралы», «Пайда болу және жойылу», «Метеорологика» деген еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге, яғни қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына негіз болып қаланды. 4-томға «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика», «Саясат», «Поэтика» деген еңбектері енген. Алғашқы екі шығармада мораль мәселелері қарастырылады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Никомах (баласы) Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді. Содан ол кітап «Никомахтың этикасы» деп аталып кеткен. Жалпы этика Аристотельдің білімдер жіктеу жүйесінде көрнекті орын алған. Ол ғылымдарды үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық ғылым. Біріншісіне философия, математика және физиканы, екіншісіне – этика мен саясатты, ал үшіншісіне – өнер, қолөнер және тұрмысқа тікелей қатысты ғылым түрлерін жатқызды. «Саясат» деген еңбегінде мемлекет мәселелеріне тоқталған. Ол  мемлекеттік құрылымның алты түрін атап, оларды екі топқа бөледі. Алғашқы үшеуін дұрыс, үшеуін қате құрылым ретінде көрсетеді. Аристотель «Поэтикасы» – қазіргі заманғы өнертану мен әдебиет тануға негіз болып қаланған шығарма. Аристотель ілімін жүйелеп, түсіндіру ісінде араб философтары әл-Кинди мен ибн-Рушд, түрік ойшылы Әбу Наср әл-Фараби, парсылық ибн-Сина еңбектері ерекше рөл атқарады. «Шығыс перипатетиктері» аталған бұл ойшылдар  Аристотельдің барлық шығармаларына терең талдаулар жасады. Осы қызметі үшін әл-Фараби кезінде «Екінші ұстаз» атанған. Қазақтың тарихи қиссаларында, дастандарында, ақындар шығармаларында Аристотель есімі жиі кездеседі. Абай қара сөзінде Аристотельге – «хаким» деп аса құрмет білдірген. Аристотель  шығармаларын Батыс Еуропаға кеңінен таныстырған ибн-Рушд. Одан әріде католик ойшылы Фома Аквинат Аристотельді христиан ойшылы ретінде дәлелдеуге көп еңбек еткен.