Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театры

18.02.2014 3315
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ, Ж.Шанин атында, 1934 ж. ұйымдастырылған. Сол жылы қыркүйекте Ғ.Жасақбаевтың “Заман заңы” пьесасымен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ, Ж.Шанин атында, 1934 ж. ұйымдастырылған. Сол жылы қыркүйекте Ғ.Жасақбаевтың “Заман заңы” пьесасымен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. Актерлер Ж.Арғынбаев, А.Дәукенова, Е.Досымбетов, М.Жүсіпов, Т.Мәдіходжаев, Ә.Мырзалиев, И.Тәуірбалин, т.б. театр труппасының алғашқы ұйымдастыру жұмысынан бастап, оның сахналық-шығарм. жағынан қалыптасу, өсу жолында елеулі еңбек сіңірді. Алғашқы жылдары театр репертуарынан Шаниннің “Арқалық батыр”, Е.Ерданаевтың “Малқамбай”, С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”, М.Әуе-зов­тің “Еңлік – Кебек” атты драм. шығармалары орын алды. 1935 – 36 ж. театр труппасы гастрольдік сапармен елді мекендерді (Арыс, Қызылорда, Мерке, Түркістан, Шәуілдір, т.б.) аралап, спектакльдер көрсетті. 1938 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) театр уч-щесінің қазақ студиясын бітірген Г.Батырғалиева, Х.Бөкеева, І.Қарсақбаев, Ә.Өмірзақова, Х.Шәженов, т.б. қызметкерлердің қосылуы театрдың актерлер құрамын күшейте түсуге игі ықпал жасады. 1941 – 45  ж. Мәскеуден Моссовет атынд. театрдың эвакуациямен Шымкентке көшіп келуі де театр өмірінде елеулі оқиға болды. Осы кезде театр труппасы негізінен тарихи-қаһармандық (М.Ақынжановтың “Исатай – Махамбет” және Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы”) және патриоттық тақырыптағы драм. шығармаларды (Ә.Әбішевтің “Отан үшін”, Әуезовтің “Сын сағатта”, С.Мұқановтың “Жеңіс жыры”, Әуезов пен Әбішевтің “Намыс гвардиясы”) қойды. Әр жылдары театр құрамында актерлер Р.Досжанова, М.Дөненбаева, Е.Садақбаева, І.Шанин, Ф.Шериязданова, А.Абдуллина, А.Қалмырзаев, Ж.Серікбаева, Р.Байкенов, С.Досмағамбетов, Ғ.Дүйсеков, С.Ерғалиев, О.Жұмабеков, Ә.Мұхамедияров, М.Найманбаев, Ә.Ордабаев, М.Өтебаев, С.Өтемісов, Ж.Тұрсынов, Ә.Шанин; режиссерлер Ғ.Арғынбаев, Ғ.Хайруллина, В.И. Дьяков, Г.Н. Зорин, В.Н. Молчанов, М.Г. Насонов, Ю.Л. Рутковский, Ж.Омаров, Е.Оразымбетов, Т.Өтебаев, Ә.Құлданов, театр суретшісі І.Жұмағұлов, т.б. қызмет етіп, театр өнерінің өркендеуіне мол үлес қосты. 1958 ж. театр ұжымы Алматыда өткен театр көктемі байқауына қатысып, Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” пен О. де Бальзактың “Өгей шеше” спектаклін көрсетті. 1972 ж. театрға режиссер, драматург, театр қайраткері Шаниннің есімі берілді. Гастрольдік сапармен театр труппасы 1980, 1984 және 1994 ж. Алматыда болып, өнер көрсетті. Театр ұжымы 1984 ж. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің Құрмет

 

К. Егізбаев, К. Нұрпейісов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Ұқсас материалдар