Намаз

08.11.2012 3468
Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл   НАМАЗ – исламның иманнан кейінгі екінші парызы; тәкпір, ниетпен басталып, сәлеммен аяқталатын, белгілі бір сөздер мен дене қимылдарын қамтитын ғибадат. Н. – қиям (тік тұру), қирағат (құраннан сүре оқу), рукуғ (еңкею), сәжде (жерге маңдай қою), қағда (отырыс) арқылы орындалатын құлшылық. Исламда Н. Құран Кәрім, Сүннет, Ижма арқылы бекітілген. Ол туралы Құран Кәрімде тоқсаннан аса аят бар. Бұрынғы үмбеттерде бес уақыт Н. жоқ еді. Бірақ уақыттары белгіленбеген жалпылама Н. құлшылығы деп аталатын ғибадат түрі болған. Н. хижрадан бір жарым жыл бұрын Исра уа-л-Мираж түнінде парыз етілді. Әл-Бұхари хадисінде бұл туралы былай делінеді: “ Әзіреті Пайғамбарға (ғ.с.) исра түнінде, намаз елу уақыт болып парыз етілді. Одан кейін азайтылды да бес уақытқа түсірілді. Сосын Құдай тағала былай деді: “Ей Мұхаммед! Расында біз уәдемізге тұрамыз, уәде өзгермейді. Сен үшін бұл бес уақыт намаз елу уақыт намаз болып саналады” (79-хадис). Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың бес уақыт Н. парыз болмастан бұрын жасаған құлшылығы тәфәккур ғибадаты деп аталады. Алдыңғы үмбеттерде де Н. құлшылығы болғанын Құран аяттарынан байқауға болады. Мыс., Әзіреті Лұқпан баласына Н. оқуды бұйырған (Лұқпан/17). Ибраһим пайғамбар Хижаз аймағы үшін тілек тілегенде Н. сөзін қосады. Алла тағала Тұр тауындағы алғашқы уахи кезінде Әзіреті Мұсаның намаз оқуын талап еткен (Таха/14). Н. оқудың шарттары: “ақыл-есі дұрыс болу, ер бала 12 жастан жоғары, қыз бала 9 жастан жоғары болуы міндетті. Н-дың 12 парызы бар: алтауы сыртында, алтауы ішінде. Сыртындағы алтауы: 1) Ғұ-сылы, дәреті болуы; 2) киімі, денесі, Н. оқитын орны таза болуы; 3) әуреті жабық болуы (ерлердің кіндігінен тізесіне дейін, әйелдердің жүзі мен екі қолы білекке дейін және тобығынан төменгі жерінің барлығы әурет жері болып есептелінеді); 4) жүзін құбылаға қаратуы; 5) әр Н-дың уақыты енуі; 6) ниет етуі. Ішіндегі алтауы: 1) алғашқы тәкбір айту; 2) қиям, тік тұру; 3) қирағат, Құран аяттарынан оқу; 4) рукуғ, еңкею; 5) сәжде, жерге маңдай қою; 6) қағдан ахир, соңғы отырыс. Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың айтуы бойынша: Н. діннің тірегі, кім Н-ды орындамаса, дінін бұзғаны. Діни рәсім бойынша таң, бесін, намаздыгер, намазшам, құптан, үтір уәжіб Н. оқылады. Н. әсерлі болуы үшін Құдайды көріп тұрғандай құлшылық жасалуы керек. Егер оған сенімі жетпесе онда ол мені көріп тұр дегендей сезімде болуы керек деген түсінік бар. Н. оқып жатқан адамның алдынан өту әдепсіздік болып саналады. Жамағатпен мешіттерде Н. өтелген кезде бір кісі алдында, қалғандары оның артында оған ұйып оқиды. Жамағатпен оқылған Н-дың сауабы жеке оқыған Н-дың сауабынан жиырма жеті есе артық. Тауарих Н-ы – рамазан айында құптан Н-ы мен үтір Н-ының арасында оқылады. Айт Н-дарын – қасиетті мейрам Фітір айт мен Құрбан айт күндерінде жұртшылықпен бірге өтейді. Жұ­ма Н-ы апта сайын жұма күндері көпшілік қауыммен мешітте өтеледі. Парыз және сүннет Н-дардан басқа нәпіл Н-дар оқылады. С. Есентемір Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том  

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

 

НАМАЗ – исламның иманнан кейінгі екінші парызы; тәкпір, ниетпен басталып, сәлеммен аяқталатын, белгілі бір сөздер мен дене қимылдарын қамтитын ғибадат. Н. – қиям (тік тұру), қирағат (құраннан сүре оқу), рукуғ (еңкею), сәжде (жерге маңдай қою), қағда (отырыс) арқылы орындалатын құлшылық. Исламда Н. Құран Кәрім, Сүннет, Ижма арқылы бекітілген. Ол туралы Құран Кәрімде тоқсаннан аса аят бар. Бұрынғы үмбеттерде бес уақыт Н. жоқ еді. Бірақ уақыттары белгіленбеген жалпылама Н. құлшылығы деп аталатын ғибадат түрі болған. Н. хижрадан бір жарым жыл бұрын Исра уа-л-Мираж түнінде парыз етілді. Әл-Бұхари хадисінде бұл туралы былай делінеді: “ Әзіреті Пайғамбарға (ғ.с.) исра түнінде, намаз елу уақыт болып парыз етілді. Одан кейін азайтылды да бес уақытқа түсірілді. Сосын Құдай тағала былай деді: “Ей Мұхаммед! Расында біз уәдемізге тұрамыз, уәде өзгермейді. Сен үшін бұл бес уақыт намаз елу уақыт намаз болып саналады” (79-хадис). Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың бес уақыт Н. парыз болмастан бұрын жасаған құлшылығы тәфәккур ғибадаты деп аталады. Алдыңғы үмбеттерде де Н. құлшылығы болғанын Құран аяттарынан байқауға болады. Мыс., Әзіреті Лұқпан баласына Н. оқуды бұйырған (Лұқпан/17). Ибраһим пайғамбар Хижаз аймағы үшін тілек тілегенде Н. сөзін қосады. Алла тағала Тұр тауындағы алғашқы уахи кезінде Әзіреті Мұсаның намаз оқуын талап еткен (Таха/14). Н. оқудың шарттары: “ақыл-есі дұрыс болу, ер бала 12 жастан жоғары, қыз бала 9 жастан жоғары болуы міндетті. Н-дың 12 парызы бар: алтауы сыртында, алтауы ішінде. Сыртындағы алтауы: 1) Ғұ-сылы, дәреті болуы; 2) киімі, денесі, Н. оқитын орны таза болуы; 3) әуреті жабық болуы (ерлердің кіндігінен тізесіне дейін, әйелдердің жүзі мен екі қолы білекке дейін және тобығынан төменгі жерінің барлығы әурет жері болып есептелінеді); 4) жүзін құбылаға қаратуы; 5) әр Н-дың уақыты енуі; 6) ниет етуі. Ішіндегі алтауы: 1) алғашқы тәкбір айту; 2) қиям, тік тұру; 3) қирағат, Құран аяттарынан оқу; 4) рукуғ, еңкею; 5) сәжде, жерге маңдай қою; 6) қағдан ахир, соңғы отырыс. Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың айтуы бойынша: Н. діннің тірегі, кім Н-ды орындамаса, дінін бұзғаны. Діни рәсім бойынша таң, бесін, намаздыгер, намазшам, құптан, үтір уәжіб Н. оқылады. Н. әсерлі болуы үшін Құдайды көріп тұрғандай құлшылық жасалуы керек. Егер оған сенімі жетпесе онда ол мені көріп тұр дегендей сезімде болуы керек деген түсінік бар. Н. оқып жатқан адамның алдынан өту әдепсіздік болып саналады. Жамағатпен мешіттерде Н. өтелген кезде бір кісі алдында, қалғандары оның артында оған ұйып оқиды. Жамағатпен оқылған Н-дың сауабы жеке оқыған Н-дың сауабынан жиырма жеті есе артық. Тауарих Н-ы – рамазан айында құптан Н-ы мен үтір Н-ының арасында оқылады. Айт Н-дарын – қасиетті мейрам Фітір айт мен Құрбан айт күндерінде жұртшылықпен бірге өтейді. Жұ­ма Н-ы апта сайын жұма күндері көпшілік қауыммен мешітте өтеледі. Парыз және сүннет Н-дардан басқа нәпіл Н-дар оқылады.

С. Есентемір

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том