Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы

08.11.2012 4427
Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемл-тердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемл-тердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемл-терге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға уәкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықар. бейбітшілік пен  қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар (БҰҰ жарғысы, 11 және 13-бап). Осы баптарға сәйкес, БА экон., әлеум саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықар. ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ халықар. құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан  келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. БА Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. БА-ның (Жарғының 18-бабында атап көрсетілген) маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. БА жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық к-т құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 к-тінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, БА-ның барлық к-терінің қызметін үйлестірумен, ал екінші к-т уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. БА-ның негізгі 7 к-тінің мынадай міндеттері бар: Бірінші к-т саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси к-т Бірінші к-тке қатысты мәселелермен; Екінші к-т экон. және қаржы мәселелерімен; Үшінші к-т әлеум.-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші к-т қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын терр-ларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші к-т әкімш. және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы к-т құқықтық мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі консультативтік және Жарналар жөніндегі к-ті бар. БА өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие. М. Сәрсенбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемл-тердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемл-тердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемл-терге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға уәкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықар. бейбітшілік пен  қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар (БҰҰ жарғысы, 11 және 13-бап). Осы баптарға сәйкес, БА экон., әлеум саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықар. ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ халықар. құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан  келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. БА Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. БА-ның (Жарғының 18-бабында атап көрсетілген) маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. БА жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық к-т құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 к-тінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, БА-ның барлық к-терінің қызметін үйлестірумен, ал екінші к-т уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. БА-ның негізгі 7 к-тінің мынадай міндеттері бар: Бірінші к-т саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси к-т Бірінші к-тке қатысты мәселелермен; Екінші к-т экон. және қаржы мәселелерімен; Үшінші к-т әлеум.-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші к-т қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын терр-ларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші к-т әкімш. және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы к-т құқықтық мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі консультативтік және Жарналар жөніндегі к-ті бар. БА өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.

М. Сәрсенбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Ұқсас материалдар