Жалпы мәлімет

27.02.2013 12784
Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Қала орталық Қазақстанның солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астананың тарихы ежелгі заманнан тамыр тартады. Археологиялық зерттеу барысында астана мен оның төңірегінен табылған палеолит дәуірінің қоныстары, тұрақтары мен шеберханалары алғаш бұл өңірді қоныстанушылар тас дәуірінде пайда болғандығын аңғартады. Ғалымдардың пікірінше, Нұра мен Есіл өзендерінің аралығы бұдан 1,8-2,5 млн жыл бұрын алғашқы адамдардың мекені болған. Шамамен, осыдан 500 мың жыл бұрын олардың мүйізтұмсық секілді ірі аңдарды аулағаны белгілі болып отыр. Ерте дәуір адамдары балық аулаумен де шұғылданған. Табиғат байлығын күнкөріс көзіне балаудан еңбек жұмсап, өндіру үрдісіне көшу аймақты мекен етушілердің мәдени тіршілігін біршама озгертті. Егер Орталық Қазақстанда экономикалық әлеует кен қазу, металл балқытудың дамуымен анықталса, ал оның солтүстігінде кошпелі мал шаруашылығы басым болды. Бұл аймақта негізінен қыш құмыра жасау онері белең алды. Астана мен оның теңірегін мекендеген қола дәуірінің адамдары езін қоршаған ортамен етене жақын ғұмыр кешті. Олар андрон мәдениетін бастан өткерді. Қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы, дүниетанымы, салттары мен әдет-ғұрыптары киімінен, жерлеу рәсімінен, ыдыстағы өрнектерінен көрініс тапты. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықта бұл аймақты сақтайпалары, оның ішінде, исселондар мекендеді. Аймақ тарихына әсіресе, ғұндар өшпес із қалдырды. Нүра мен Есіл өзендерінің арасында, Сарыарқаның нақ кіндігінде орналасқан мызғымас ордадан айбынды ғұн көсемдері қамал салды. Ғұн тілінде «ақ» - «батыс», ал «мола» - «қамал» деген мағынаны береді. Демек «ақмола» сөзі «батыс қамалы» болып аударылады. Мұндай қорытынды жасауға Қостанай облысынан табылған Ақсикент қалашығының да «батыстағы қала» болып аударылатындығы тарихи дәлел бола алады. Ғұн империясы Сарыарка төсінде Дешті Қыпшақтың ғасырлар бойы киелі ордасы болған бірнеше қамал салғаны тарихтан мәлім. Сондай қамалдың бірі 11-13 ғасырларда ірге тепкен қыпшақтар қаласы Бозоқ еді. Ол керуен жолдары тоғысында орналасқан. Ежелгі кала жұрты қазіргі Астананың солтүстік-шығысында жатыр. Ресей, Орта Азия, тіпті Батыс Еуропаның соғыс өнері мен мәдениетіне қыруар жаңалық енгізген қыпшақтар қазіргі Астана ірге көтерген төңіректе басқа да бірнеше қамал-қалалардың іргесін қалады. Солардың бірі – Нұра өзеніндегі Ботағай қаласы. Қазіргі Астана ірге тепкен аймақ Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында айрықша рөл аткарды. Қазақ халқының ежелгі заң қағидасы «Жеті жарғыны» шығарған Тәуке ханның ордасы тап осы аймақта орналасты. Бұл қаланың атауы алғаш рет Ресей картасына 1694 ж. енгізілді. Оның сызбасын елшілік сапармен Тәуке ханның ордасында болып қайтқан Ресей елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин жасады. 20 парактан тұратын бұл сызба-карта «Қазақ ордасы» деп аталады. Онда Тәуке ханның өзен жағасында тұрған ордасына жету үшін Нүраны кешіп өткендері, Қорғалжын көлі мен хан ор-дасы аралығындағы Нұра өзені жағасында Бота-ғай атты қаланың қанат жайғаны баяндалады. Тәуке ханның қалаға жасаған қамқорлығын ай-тып, елшілер дінге сенушілерге арнап салынған керемет үйлердің көптігіне қызығады. Ботағай-дың халқы көп қала екені, бүл жерде Үлы Жібек жолымен жүретін көптеген керуен жолдарының түйісетіндігі де айтылады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Қала орталық Қазақстанның солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

Астананың тарихы ежелгі заманнан тамыр тартады. Археологиялық зерттеу барысында астана мен оның төңірегінен табылған палеолит дәуірінің қоныстары, тұрақтары мен шеберханалары алғаш бұл өңірді қоныстанушылар тас дәуірінде пайда болғандығын аңғартады. Ғалымдардың пікірінше, Нұра мен Есіл өзендерінің аралығы бұдан 1,8-2,5 млн жыл бұрын алғашқы адамдардың мекені болған. Шамамен, осыдан 500 мың жыл бұрын олардың мүйізтұмсық секілді ірі аңдарды аулағаны белгілі болып отыр. Ерте дәуір адамдары балық аулаумен де шұғылданған. Табиғат байлығын күнкөріс көзіне балаудан еңбек жұмсап, өндіру үрдісіне көшу аймақты мекен етушілердің мәдени тіршілігін біршама озгертті. Егер Орталық Қазақстанда экономикалық әлеует кен қазу, металл балқытудың дамуымен анықталса, ал оның солтүстігінде кошпелі мал шаруашылығы басым болды. Бұл аймақта негізінен қыш құмыра жасау онері белең алды.

Астана мен оның теңірегін мекендеген қола дәуірінің адамдары езін қоршаған ортамен етене жақын ғұмыр кешті. Олар андрон мәдениетін бастан өткерді. Қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы, дүниетанымы, салттары мен әдет-ғұрыптары киімінен, жерлеу рәсімінен, ыдыстағы өрнектерінен көрініс тапты.

Біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықта бұл аймақты сақтайпалары, оның ішінде, исселондар мекендеді. Аймақ тарихына әсіресе, ғұндар өшпес із қалдырды. Нүра мен Есіл өзендерінің арасында, Сарыарқаның нақ кіндігінде орналасқан мызғымас ордадан айбынды ғұн көсемдері қамал салды. Ғұн тілінде «ақ» - «батыс», ал «мола» - «қамал» деген мағынаны береді. Демек «ақмола» сөзі «батыс қамалы» болып аударылады. Мұндай қорытынды жасауға Қостанай облысынан табылған Ақсикент қалашығының да «батыстағы қала» болып аударылатындығы тарихи дәлел бола алады. Ғұн империясы Сарыарка төсінде Дешті Қыпшақтың ғасырлар бойы киелі ордасы болған бірнеше қамал салғаны тарихтан мәлім. Сондай қамалдың бірі 11-13 ғасырларда ірге тепкен қыпшақтар қаласы Бозоқ еді. Ол керуен жолдары тоғысында орналасқан. Ежелгі кала жұрты қазіргі Астананың солтүстік-шығысында жатыр.

Ресей, Орта Азия, тіпті Батыс Еуропаның соғыс өнері мен мәдениетіне қыруар жаңалық енгізген қыпшақтар қазіргі Астана ірге көтерген төңіректе басқа да бірнеше қамал-қалалардың іргесін қалады. Солардың бірі – Нұра өзеніндегі Ботағай қаласы.

Қазіргі Астана ірге тепкен аймақ Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында айрықша рөл аткарды. Қазақ халқының ежелгі заң қағидасы «Жеті жарғыны» шығарған Тәуке ханның ордасы тап осы аймақта орналасты. Бұл қаланың атауы алғаш рет Ресей картасына 1694 ж. енгізілді. Оның сызбасын елшілік сапармен Тәуке ханның ордасында болып қайтқан Ресей елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин жасады. 20 парактан тұратын бұл сызба-карта «Қазақ ордасы» деп аталады. Онда Тәуке ханның өзен жағасында тұрған ордасына жету үшін Нүраны кешіп өткендері, Қорғалжын көлі мен хан ор-дасы аралығындағы Нұра өзені жағасында Бота-ғай атты қаланың қанат жайғаны баяндалады. Тәуке ханның қалаға жасаған қамқорлығын ай-тып, елшілер дінге сенушілерге арнап салынған керемет үйлердің көптігіне қызығады. Ботағай-дың халқы көп қала екені, бүл жерде Үлы Жібек жолымен жүретін көптеген керуен жолдарының түйісетіндігі де айтылады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар