Жалпы мәлімет. Климаты

27.02.2013 14137
Жалпы мәлімет Бүгінгі заман қаласы – өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық-географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын, әлеуметтік-экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз популяциясы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы «қала» ұғымымен астасып жатыр, алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы – оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы, соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су корына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселелері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері – су, ауа, жер атаулы қалың нөпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске үшырайды. Мұндағы басты мәселе, ауа мен су көзінің қашанда жаңарып, тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді. ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөліктері және Вячеслав бөгені аймағы енгізілді. Астана қаласының аумағы ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный, Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағы ауылдардың және Целиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды. Бүгінде Астана – 71014 га (1998 ж. – 25,8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегаполис, соның ішінде, Алматы ауданы – 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574,4 мың адамнан асты. Бүгінгі таңда Астана – мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін, Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалпы өнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Астана қаласының үлесіне тиесілі. Климаты. Климатының өзіндік ерекшелігі тым континенттік болып келеді, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерінің аз және күн көзінің өткір болуы салдарынан көлдердің суы азайып, шағын өзен арналарының кеуіп қалуына әсерін тигізеді. Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-5,5 айға созылады. Қарашаның ортасына карай түскен қар 130-140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы – 17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады). Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мүндай күндердің ұзақтығы жылына 10-14-тен 38-45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды, боран оңтүстік-батыстан соғады. Қар қалың түскен жылдары өзендер тасып, көлтабандар көлге, көлдер шалқыған айдынға айналады. Бұлтты күндер аз, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С-ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11-12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғы найзағайлы күн саны шамамен 19-25 күн аралығында, ұзақтығы 2,4 сағат. Жазда 1-2, кейде 4-9 күндей бүршақ жауатын мезгіл байқалады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 300 мм, оның 30% – көктемге, 34% – жазға, 36% күз, қыс айларына келеді. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы – 5 м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Жалпы мәлімет

Бүгінгі заман қаласы – өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық-географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын, әлеуметтік-экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз популяциясы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы «қала» ұғымымен астасып жатыр, алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы – оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы, соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су корына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселелері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері – су, ауа, жер атаулы қалың нөпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске үшырайды. Мұндағы басты мәселе, ауа мен су көзінің қашанда жаңарып, тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді. ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөліктері және Вячеслав бөгені аймағы енгізілді.

Астана қаласының аумағы ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный, Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағы ауылдардың және Целиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды.

Бүгінде Астана – 71014 га (1998 ж. – 25,8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегаполис, соның ішінде, Алматы ауданы – 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574,4 мың адамнан асты.

Бүгінгі таңда Астана – мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін, Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалпы өнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Астана қаласының үлесіне тиесілі.

Климаты.

Климатының өзіндік ерекшелігі тым континенттік болып келеді, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерінің аз және күн көзінің өткір болуы салдарынан көлдердің суы азайып, шағын өзен арналарының кеуіп қалуына әсерін тигізеді. Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-5,5 айға созылады. Қарашаның ортасына карай түскен қар 130-140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы – 17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады). Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мүндай күндердің ұзақтығы жылына 10-14-тен 38-45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды, боран оңтүстік-батыстан соғады. Қар қалың түскен жылдары өзендер тасып, көлтабандар көлге, көлдер шалқыған айдынға айналады. Бұлтты күндер аз, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С-ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11-12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғы найзағайлы күн саны шамамен 19-25 күн аралығында, ұзақтығы 2,4 сағат. Жазда 1-2, кейде 4-9 күндей бүршақ жауатын мезгіл байқалады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 300 мм, оның 30% – көктемге, 34% – жазға, 36% күз, қыс айларына келеді. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы – 5 м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар