Есім хан

08.11.2012 4316
Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ЕСІМ ХАН, Еңсегей бойлы ер Есім (т.ж.б. — 1645) — Қазақ хандығының ханы (1598 — 1645), Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қ-нда тұрып, билік жүргізген. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен бірге Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосқан. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, ағасы Тәуекел 80 мыңдай әскермен Бұхараға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. 1598 ж. Тәуекел қайтыс болған соң, хан тағына отырды. 1599 ж. Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қ. мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алды. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды. 17 ғ-дың басында Ташкентті билеуші Тұрсын мен Е. х. арасында билік үшін күрес шиеленісе түсті. Тұрсыннан жеңілген Е. х. Шығ. Түркістан билеушісі Абд әр-Рахымның ордасына кетеді. Кейбір зерттеулерде Е. х. Шығ. Түркістанға Абд әр-Рахым ханның тілегі бойынша барған деп көрсетіледі. Абд әр-Рахым ханның қызы Падшаh аруға үйленеді. Абд әр-Рахым Е. х-ның ағасы (кейбір деректерде інісі) Күшік сұлтанның қызын алады. Бұл кезде Шығ. Түркістан хандығының ішкі саяси жағдайы шиеленісіп, өзара талас-тартыстар күшейген еді. Е. х. Абд әр-Рахым ханмен біріге отырып, Шығ. Түркістандағы көптеген қалаларды қайтадан хан билігіне бағындырады. Сөйтіп, Шығ. Түркістан хандығының Абд әр-Рахым хан төңірегіне топтасуына жәрдемдеседі. Осы тұста билікке таласқан өз ағаларынан қуғын көріп, қашып жүрген Әбілғазы Баҝадүр хан Е. х-ды паналап, оның қолында үш айдай тұрады (қ. Әбілғазы Баҝадүр хан). Шығ. Түркістан хандығына арқа сүйеген Е. х. 1628 ж. Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін қайтадан толық өз қолына алып, бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрды. Е. х. ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, “Еңсегей бойлы ер Есім” атанады. Е. х-ның қалмақтар мен Тұрсынға қарсы күресінде Қарасай, Алатау, Жалаңтөс, Жарылқамыс, Сүлеймен, Маянбай, Жиембет, т.б. батырлар ерлігімен көзге түсті. Жиембеттің “Уа, Еңсегей бойлы Ер Есім” деп басталатын жыры осы кезеңде туған. Қалмақтарға қарсы күресте Е. х. Бат. Қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым-қатынасты күшейтті. Е. х. қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Е. х-ға арнап қырғыз жеріндегі Кеңсай шатқалында ескерткіш салынса, Е. х. Ташкентте қырғыз Көкім биге күмбез орнатқан. Е. х. билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 300 — 400 мыңға дейін атты әскер шығара алған. Ал бұл кезде көршілес үлкен мемлекеттер Иран 50 — 60 мың, Ресей 70 — 80 мың, Қытай 100 мыңдай ғана атты әскер шығарған. Е. х. Жетісу жеріндегі Қазақ хандығының ықпалын күшейту мақсатында Шығ. Түркістанмен саяси байланысын жақсартты. Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы — “Есім ханның ескі жолы” қазақ елінде 19 — 20 ғ-лар ортасына дейін сақталып, қызмет етті. Ресей деректерінде Е. х-ның тұсында қазақ халқы арасындағы жеті атаға дейін некеге тұрмау тәртібі заңдастырылғаны туралы айтылады. Е. х. қазақ халқының ата салтының сақталуына шешуші мән берді. Қазақ хандығының бірлігін нығайтып, шекарасын кеңейтуге үлкен үлес қосты. Е. х. Түркістанда жерленген, қабірінің басына кесене орнатылған. М. Мырзахметов, С. Жолдасбайұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ЕСІМ ХАН, Еңсегей бойлы ер Есім (т.ж.б. — 1645) — Қазақ хандығының ханы (1598 — 1645), Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қ-нда тұрып, билік жүргізген. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен бірге Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосқан. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, ағасы Тәуекел 80 мыңдай әскермен Бұхараға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. 1598 ж. Тәуекел қайтыс болған соң, хан тағына отырды. 1599 ж. Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қ. мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алды. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды. 17 ғ-дың басында Ташкентті билеуші Тұрсын мен Е. х. арасында билік үшін күрес шиеленісе түсті. Тұрсыннан жеңілген Е. х. Шығ. Түркістан билеушісі Абд әр-Рахымның ордасына кетеді. Кейбір зерттеулерде Е. х. Шығ. Түркістанға Абд әр-Рахым ханның тілегі бойынша барған деп көрсетіледі. Абд әр-Рахым ханның қызы Падшаh аруға үйленеді. Абд әр-Рахым Е. х-ның ағасы (кейбір деректерде інісі) Күшік сұлтанның қызын алады. Бұл кезде Шығ. Түркістан хандығының ішкі саяси жағдайы шиеленісіп, өзара талас-тартыстар күшейген еді. Е. х. Абд әр-Рахым ханмен біріге отырып, Шығ. Түркістандағы көптеген қалаларды қайтадан хан билігіне бағындырады. Сөйтіп, Шығ. Түркістан хандығының Абд әр-Рахым хан төңірегіне топтасуына жәрдемдеседі. Осы тұста билікке таласқан өз ағаларынан қуғын көріп, қашып жүрген Әбілғазы Баҝадүр хан Е. х-ды паналап, оның қолында үш айдай тұрады (қ. Әбілғазы Баҝадүр хан). Шығ. Түркістан хандығына арқа сүйеген Е. х. 1628 ж. Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін қайтадан толық өз қолына алып, бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрды. Е. х. ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, “Еңсегей бойлы ер Есім” атанады.

Е. х-ның қалмақтар мен Тұрсынға қарсы күресінде Қарасай, Алатау, Жалаңтөс, Жарылқамыс, Сүлеймен, Маянбай, Жиембет, т.б. батырлар ерлігімен көзге түсті. Жиембеттің “Уа, Еңсегей бойлы Ер Есім” деп басталатын жыры осы кезеңде туған. Қалмақтарға қарсы күресте Е. х. Бат. Қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым-қатынасты күшейтті. Е. х. қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Е. х-ға арнап қырғыз жеріндегі Кеңсай шатқалында ескерткіш салынса, Е. х. Ташкентте қырғыз Көкім биге күмбез орнатқан. Е. х. билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 300 — 400 мыңға дейін атты әскер шығара алған. Ал бұл кезде көршілес үлкен мемлекеттер Иран 50 — 60 мың, Ресей 70 — 80 мың, Қытай 100 мыңдай ғана атты әскер шығарған. Е. х. Жетісу жеріндегі Қазақ хандығының ықпалын күшейту мақсатында Шығ. Түркістанмен саяси байланысын жақсартты. Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы — “Есім ханның ескі жолы” қазақ елінде 19 — 20 ғ-лар ортасына дейін сақталып, қызмет етті. Ресей деректерінде Е. х-ның тұсында қазақ халқы арасындағы жеті атаға дейін некеге тұрмау тәртібі заңдастырылғаны туралы айтылады. Е. х. қазақ халқының ата салтының сақталуына шешуші мән берді. Қазақ хандығының бірлігін нығайтып, шекарасын кеңейтуге үлкен үлес қосты. Е. х. Түркістанда жерленген, қабірінің басына кесене орнатылған.

М. Мырзахметов, С. Жолдасбайұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Ұқсас материалдар