Экология

08.11.2012 2338
Соңғы редакциялау: 28 қазан  2012 жыл   ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Э. с. мемл. немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Э. с-ның негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, мед.-биол. тұрғыдан қауіпсіздігі, халық ш-ның барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Э. с. міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Э. с. жүргізу үшін тех.-экон. тұрғыдан ғыл. негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экол. зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технол. әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Э. с. әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Э. с. адамның барлық іс-әрекеттерінің экол. қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемл. Э. с. ҚР қоршаған ортаны қорғау мин-нің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Э. с-ны жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Э. с. мен мемл. Э. с. жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997). Р. Сәтімбекұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 10-том

Соңғы редакциялау:

28 қазан  2012 жыл

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Э. с. мемл. немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Э. с-ның негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, мед.-биол. тұрғыдан қауіпсіздігі, халық ш-ның барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Э. с. міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Э. с. жүргізу үшін тех.-экон. тұрғыдан ғыл. негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экол. зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технол. әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Э. с. әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Э. с. адамның барлық іс-әрекеттерінің экол. қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемл. Э. с. ҚР қоршаған ортаны қорғау мин-нің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Э. с-ны жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Э. с. мен мемл. Э. с. жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997).

Р. Сәтімбекұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 10-том