«Болашақ: іс-әрекет әлеуеті» атты тақырыптық бос орындар жәрмеңкесі

31.10.2014 2130
Астанада 40-тан компания қатысқан «Болашақ: іс-әрекет әлеуеті» атты тақырыптық бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Тәуелсіздік сарайында 40-тан астам компаниялардың және 500-ден аса үміткердің қатысуымен «Болашақ» Қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министлігінің, «Халықралаық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның қолдауымен «Болашақ: іс-әрекет әлеуеті» тақырыптық бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Тақырыптық жәрмеңкеде 40-тан астам жұмыс беруші қатысты, оның ішінде «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Кселл» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Казконтент» АҚ, «Назарбаев Университет» ДББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері», «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, BI Group, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, KPMG, Ernst&Young, «Қазатомпром» ҰАК» және тағы да басқа компаниялар қатысты.

Жәрмеңке мақсаты – жас мамандарға, «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне мансаптық өрлеуге жәрдемдесу. Бұл мақсатқа қол жеткізу – экономиканың әр салаларында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі шеңберінде өте маңызды.

Шара шеңберінде «Болашақ» қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен панельдік пікірталас өтті: «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев, «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аналитика және болдам департаментінің директоры Дәрмен Сәдуақасов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығметов, және «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек панельдік пікірталастың модераторы ретінде сөз сөйледі.

Панельдік пікірталастың қатысушылары кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасын, инновациялар және технологиялар беталысын, Қазақстанның мұнай-газ саласын, салалық сараптық желілердің даму мәселелерін және басқа да ұлттық экономиканың өзекті мәселелерін белсене көтеріп талқылады. 

Бұдан басқа, панельдік пікірталаста жас мамандарға, «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне мансаптық даму мен өсуге жәрдемдесуге бағытталған «Болашақ» Қауымдастығының мансап орталығы назарға ұсынылды.

Стратегиялық менеджмент саласының жас маманы, жәрмеңкеге қатысушы Рустам Тоқмағамбетовтың айтуынша, тақырыптық бос орындар жәрмеңкесі жас маманның мансаптық сүйемелдеу процесінің жүйелеуіне жағдай жасайды және «Болашақ» қауымдастығының мансап орталығы мансаптық жоспарлауда маңызды буын болады. Сонымен қатар, шараға қатысушылардың айтуынша, тақырыптық бос орындар жәрмеңкесін өткізу – қазақстандықтардың әлемдік бірлестігінде бәсекелестіктің басымдылығын жоғарылатуға жағдай жасайтын оң мансап үшін қажетті жағдайлар жасайды.

Жалпы, бос орындар жәрмеңкесі мансаптық даму және білікті кадрлардың жетіспеушылык мәселелерін шешуде, адами және әлеуметтік капиталдарды қалыптастыру, еңбек нарығында сұраныс пен ұсынымдар, елдің түрлі салаларының дамудағы әлемдік технологиялардың трансферті мәселелері бойынша диалогтық алаңдарды құруда сараптық бірлестіктің жандандыруына жағдай жасайды. 

Көрмеде түсірілген суреттерді мына сілтемеден таба аласыздар. 

Ұқсас материалдар