Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығының екінші отырысы

13.02.2015 3314
2014 жылы 22 қазан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қауымдастық кафедрасы құрылған болатын.


Жастар арасында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру, этникалық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін зерттеу және насихаттау, бірыңғай әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді дамыту мақсаттарында 2014 жылы 22 қазан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қауымдастық кафедрасы құрылған болатын. Кафедра құрылған кезінен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған ауқымды іс-шараларға кірісіп кетті.

Бүгін, 12 ақпан 2015 жыл Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасында Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту бағытындағы этникалық саясатты насихаттау жұмысы және Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығының екінші отырысы өткізілді. Шараға ҚХА төрағасының орынбасары, кафедра меңгерушісі – Анатолий Башмаков, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ұлтаралық, дінаралық толеранттылық бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша проректоры – Дихан Қамзабекұлы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары – Ғазиз Телебаев, ҚХА қауымдастық кафедрасының төрайымы – Махаббат Қозыбаева, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлтаралық, конфессия аралық қатынастарды реттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасовалар қатысып, бүгінгі күннің тақырыбын ортаға салды.

Айта кету керек, 2013 жылдан бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің жетекші университеттерінде әдістемелік негіздегі алаңды қалыптастырып, белсенді жұмыстар атқарып келді. Соның нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы және төзімділік кафедралары ашылды. Ал, 2014 жылы ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын. Бүгінгі таңда, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында Қазақстан халқы Ассамблеясының 11 кафедрасы, Бейбітшілік және келісім орталығы, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары ашылды.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, ҚХА кафедрасының бағдарламасына сәйкес студенттік жастар арасында төзімділікті қалыптастыру бағытында ғылыми, тәрбие жұмыстары жүзеге аспақ.


Жақсылық Бекжанов

Ұқсас материалдар