Қазақстан – Румыния. Тағы да жалғыз ұпай

12.10.2016 2428
Әлем чемпионатының іріктеу турнирі

2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп,  0:0 есебімен тең ойнады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет өз алаңында тең түсіп, Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі «Е» тобында бесінші орынға табан тіреді.

Елордада күннің салқындағанына қарамастан ұлттық құраманы қолдауға футбол сүйер қауым «Астана Арена» стадионына жиналды. Бірінші таймда румыниялық Богдан Станку  мен қазақстандық Сергей Хижниченко қауіпті сәттерді тудырса, екінші таймда Самат Смақов мен Исламбек Қуат қарсыластың қақпасына бағытталған соққыларымен көзге түскен болатын.

Алайда екі команда да қақпа саңылауын таба алмай, тең ойынмен тарады. Ұлттық құрамамыз келесі кездесуін 11-ші қарашада сырт алаңда Данияға қарсы өткізеді.

 

Самат Смақов, Қазақстан құрамасының капитаны:

— Жеңіске қол жеткізе алмағанымыз өкінішті. Барынша тырысып бақтық. Меніңше, біз бүгін бір ұпайға қол жеткізген жоқпыз, керісінше екі ұпайдан айырылдық.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов ұлттық құрама сапында өзінің соңғы ойынын өткізді. Самат Смақов «Екі айдан кейін отыз сегіз жасқа толамын. Әр нәрсе өз уақытымен. Уақытында кете білген де дұрыс» - деді, берген сұхбатында.

 

1

ЧЕРНОГОРИЯ

3

2

1

0

7-1

7

2

  ПОЛЬША

3

2

1

0

7-5

7

3

  РУМЫНИЯ

3

1

2

0

6-1

5

4

  ДАНИЯ

3

1

0

2

3-4

3

5

  ҚАЗАҚСТАН

3

0

2

1

2-7

2

6

  АРМЕНИЯ

3

0

0

3

1-8

0


Алмас САУДАМБАЙ 

Суреттер: vesti.kz

Ұқсас материалдар