Қазақ хандығының картасы Ватиканнан табылды

10.07.2015 7135
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында тың жаңалықтар жарияланып жатыр.

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында тың жаңалықтар жарияланып жатыр.

Мәселен, жақында ғалымдар Жамбыл облысының Мойынқұм ауданынан Керей ханның қыстауы болған жер табылды деп жариялады. Ендігі ретте, Ватиканнан Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы табылды деген сүйінші хабар жетті. Бұл туралы Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркітбай Аяған мәлімдеп отыр.

«Бұрын сонды айтылмаған дүниелерді зертеп, жарыққа шығаратын уақыт келді. Қазіргі таңда Қазақ хандығы туралы шетелдік қорлардан зерттелмеген материалдар табылып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан ғалымдары шетелдік Ресей, Қытай, Иран, Франция, АҚШ ғалымдарымен қоян-қолтық бірлесіп жаңалықтар ашуда. Жақында Ватиканда Қазақ хандығының XVI  ғасырдағы картасы табылды», – деді Бүркітбай Аяған.   Елбасының Жарлығынан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына орайт тарихымыз жан-жақты зерттеліп, «Қазақ хандығының құрылу тарихы» және «Қазақ хандары» атты кітап жарық көрген болатын.

Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өнедерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Бұл хандық құрылған уақыттағы дерек. Ал, 16-17 ғғ. Қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түскен болатын. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым хан.

Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия,Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.

XVI ғасырдың 2 жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Ұқсас материалдар