Қазақ батырларының артынан ерген аңыз бен шындық!

30.06.2014 7201
Қазақта батырлар көп болды! Артынан аңыз ерген, бір өзі жүз жақты жауды жайпаған батырлар да болған!

Қазақта батырлар көп болды! Артынан аңыз ерген, бір өзі жүз жақты жауды жайпаған батырлар да болған!

Алтын ғасыр деп тарихшыларымыздың пікірінше, әрі сонау тарихи қым-қиғаш оқиғалардың хронологиясына сүйене отырып ХҮІІІ ғасырды атаймыз. Әлбетте, одан басқа кезеңдерде батырлықтың айбары кеміс түсіп қалды деген пікірден аулақпыз. Әйтпесе Керей мен Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Шығай, Тәуекел, Есім, Жәңгірлердің тұсында да ішкі-сыртқы соғыстардың жиі болып тұрғаны тарихтан белгілі. Ал сол шайқастардың баршасынан ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы екі есе ауыр, әрі қайғылы болды.

1) 1718 жылы Аягөздің бойында бірнеше дүркін қақтығыс болады. Қазақ қолын Боранбай, Нарботалар қолпаштаған Қабанбай басқарып, жасақтың саны аздау болғанмен, жеңіске бір табан қалды. Қалмақтардың беті қайтқандай еді.

2) 1723-тің жазын ала қалың нөпір дұшпан қолы лап берді. Жауға қарсы тұру қиынға соқты алғашында. Жұрт босып оңтүстікке, орталыққа қарай кетті. Қазақ әскерлері үлгергенше жиылып, қарсылық білдіруге тырысып бақты.

3) Артынша 1726 жылы Жетісудан өтіп кеткен жау әскерін Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жайратып салды. Қолбасшылық Әбілхайыр ханға тиген-тін Қарақұмдағы жиында. Кейін Қалмаққырылған аталған шайқас жеңіске деген үлкен серпіліс болды.

4) 1729 (1730) жылы балқаш көлінің оңтүстігіндегі Аңырақай даласында қалың қалмақты аңыратқан кезекті жеңіс жауынгерлерге рух, қарашаға медеу сыйлады.

5) Ғасырдың 40-ыншы, 50-інші, 60-ыншы жылдары ұлт батырлары қазақ дерін жоңғарлардан азат ету үшін сансыз жорық жасап, бәйгеге басын тікті. Соның нәтижесінде қазіргі қазақ жерінің шекарасы қайта қалпына келген-ді.

Атандай атпал батырлардың қатарына кімдерді жатқызамыз? Олар: Қабанбай, Боранбай, Нарбота, Бөгенбай, Көкжал Барақ, Шақантай, Шынқожа, Наурызбай, Райымбек, Ханкелді, Ақтамберді, Малайсары, Жолбарыс, Еспенбет сындылар. Бұл басы ғана. Аттары аталмағандары тым көп. Үш жүзде жеке-жеке орда тігіліп, хан сайланып, қаншама жасақтар құрылған. Жүрек жұтқан алып батырлардың текті намысы жерге тапталмай азаттық үшін күресті. Азаттық үшін кесіліп кетті. Аруақты хан Абылайдың да ерлікке толы ғұмыры осы ғасырда өтті. Үмбетей, Бұқар, Ақтамберділердің рухты жырлары да сындарлы кезеңде өмірге келді. Бүгінде кейбірінің есімі елеусіз қалып жатыр. Батыр бабасын ардақтай білген ұлттың ұрпағына ескертетін жайт. 

Ұқсас материалдар