Атақты Барселона Instagram парақшасында Шымкент қаласының суреттерін салды

07.10.2015 3753
6 қазан күні Барселона футбол клубының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Шымкент қаласынан түсірілген суреттер жарияланды.

6 қазан күні Барселона футбол клубының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Шымкент қаласынан түсірілген фотолар жарияланды. Фотоларда клубтың қыздар командасы ОҚО орталығындағы Бәйдібек ата монументі мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткішінің алдында суретке түскен. 

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні, яғни бүгін «БИІК-Қазығұрт» клубы футболдан әйелдер командалары арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалында «Барселона» футбол клубының қыздар командасын қабылдайды. 

Өткен жылы «БИІК-Қазығұрт» клубы 2014-2015 кезеңінің чемпионы «Франфурт» 2:2 есебімен тең ойнап, неміс қыздары жеңе алмаған жалғы команда атанған. 

Үстіміздегі жылдың 20 тамыз күні Ньон қаласында өткен жеребеде қазақстандық клубқа каталониялық клуб қыздар командасы бұйырған болатын. 

Ең жоғары рейтингке ие 15 ұлттық ассоциациядан 24 команда 1/16 финалға тікелей қатысады. Қалған 8 команда іріктеу раундтары арқылы анықталды.  


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар