Ат үстіндегі батырлар (ФОТО)

14.04.2015 15949
Қазақтың хандары мен батырларына арналған ескерткіштер елімізде өте көп. Бір қызығы олардың дені аттың үстінде отыр.

Қазақтың хандары мен батырларына арналған ескерткіштер елімізде өте көп. Бір қызығы олардың дені аттың үстінде отыр. Қазақ ұғымында "аттан түспеген" деген әлі де бабында, күшінде, қолында билігі бар, пәрменді, бақуатты деген мағына береді. Ендеше аттың үстіндегі батырлардың ескерткіштеріне бір шолу жасайық. 

Алматы қаласы әкімінің 23.10.1991 күнгі № 15/398 шешімімен даңғылға қазақтың ұлы ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның есімі берілген.Абылайхан даңғылында 2000 жылы Абылайхан ескерткіші бой көтерді (Мүсінші:С.Баймағамбетов, С.Ералиев, 2000 жылы).

Ағыбай батырға ескерткіш 2007 жылы Балқаш қаласындағы Тәуелсіздік алаңында қойылды (мүсінші Ж. Қалиев, суретші Е. Шахиев).

Қазақ Мемлекетінің ізін қалаған ұлы Абылай ханның сенімді серігі болған, өзінің алғырлығымен, тапқырлығымен ел іргесін жаудан қорғауда көзсіз ерлік көрсеткен батыр Баян Қасаболатұлының (1710/15-1757) қоладан құйылған ескерткіші Павлодар қаласының орталық алаңдарының біріне орнатылды. 

Ерейментау қаласының орталығында Қанжығалы Бөгенбай батырға ашылған  ескерткіші 2009 жылы ашылды.

Әбілқайыр хан ескерткіші – облыс әкімшілігінің үйі алдында 2000 жылы орнатылған. Тұғырдың биіктігі – 2,8м, ені – 2,1 м, ұзындығы – 5,8 м. Авторы Ескен Сергебаев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері – Б.Егінбаев, Н.Қожағұлов.

Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауында Кенесары ханға қойылған ескерткіш бар. Авторы – мүсінші Нұрлан Далбай және сәулетші Шота Уәлиханов. Ат салтшысының биіктігі – 7 м, ал созылымдылығы – 6 м тұрады. Жалпы салмағы – 10 тонна. 2001 жылы 10 мамырда ескерткіш ресми түрде ашылған.

Қабанбай батырға арнап қойылған ескерткіштер өте көп. Соның бірі Талдықорған қаласында. Ескерткіш 2009 жылы ашылды. Ескерткіштің авторлары: архитекторы – Қабай Баулуков, мүсіншілері – Мәлік ЖүнісбайБолат Құсайынов. Биіктігі 5 метр, салмағы 5 тоннаны құрайды.

Наурызбай батырдың (2006 жылы) 300 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Қарасай ауданыныңаумағындағы биік төбе басына ескерткіш орнатылды. Ескерткіш жобасының авторы: Қ. Жарылқапов, мүсінші Н. Далбай, тас кесу жұмыстары - В. Черепанов. Ескерткіш 2006 жылдың 16-шы қыркүйегінде ашылды.

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында алыстан менмұндалап тұратын Тұрсынбай батыр ескерткіші.

Тарихта Шақшақ Жәнібек атанған батырға 1993 жылы Арқалық қаласында ескерткіш орнатылды.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Ұқсас материалдар