Астанада «білім жәрмеңкесі» өтті

12.10.2016 1178
Шетелде білім алу

Capital Education мектебінің ұйымдастыруымен Астанада «білім жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараға жиырмадан астам шетелдік білім ордаларының  өкілдері қатысып, үміткерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алла Жаворонкова, «Navitas» ЖОО бірлестігінің өкілі:

— Біздің ұйым шетелде оқығысы келетін азаматтарға қызмет көрсетумен айналысады. Кейбір елдерде әлі күнге он бір жылдық оқу жүйесімен жұмыс істейтіндіктен, шетелге оқуға түскісі келетін бала тағы бір жыл сол елдің мектебінде оқуға тиісті. Ал біздің ұсынатын бағдарламамыз арқылы оқушы бірден жоғарғы оқу орынына қабылданып, ол жерде бір жыл бойы тіл үйреніп, өз кәсібіне қатысты пәндерді үйрене бастайды. Бұл бір жылдық тіл үйрену курсы емес,  техникалық тұрғыдан алып қарағанда бірінші курспен тең дәрежеде жүретін бағдарлама.

Мамандардың айтуынша шетелге білім алуға кеткен қазақстандықтардың арасында медецина, мұнай-газ саласында оқып жатқандар саны басым көрінеді. Бұл нарық талап етіп отырған мамандықтар болғандықтан жастардың көпшілігі дәл осы мамандықтарды таңдайды.

Алла Жаворонкова, «Navitas» ЖОО бірлестігінің өкілі:

— Америка мен Еуропаның оқу жүйесін салыстырfnsy болсақ, АҚШ-та магистратурада оқу Еуропаға қарағанда ұзағырақ. Себебі АҚШ-та студенттің мамандыққа сіңісіп кетуіне көп жағдай жасалған. Ал Еуропаға оқуға түскен студент бірден тереңдетілген пәндерді оқуына тура келеді. Сол себепті студенттерге Еуропада оқу қиынырақ секілді көрінеді.  

 

Білім жәрмеңкесіне Литва Республикасының Қазақстандағы елшілігі де қатысып, Литвадағы ЖОО жайлы әңгіме қозғады. «Литва бүгінгі таңда білім саласын басты назарға алған мемлекет. Еуропа немесе АҚШ-мен салтырғанда оқу бағасы он есеге төмен. Сондай-ақ, Литвада өмір сүрудің өзі арзан. Біздің оқытушылар әлемдік рейтингте жоғарғы орындардан көрініп жүр. Сондықтан үлкен қаражат жұмсамай, сапалы білім алғыларыңыз келсе — Литваны таңдаңыздар!» - деді, елші. Литва Республикасында білім алудың тағы бір артықшылығы (немесе кемшілігі) халқының елу пайызы орыс тілін түсінетіндігінде.

Университет өкілдерінің айтуынша шетелде ағылшын тілінде білім алғысы келетіндер үшін — бакалавриат бағдарламасы бойынша орта есеппен жылына: 7-12 мың АҚШ доллары, ағылшын тілін білу деңгейі: TOEFL — 80-120, IELTS — 5,5-6-5;

Магистратура бағдарламасы бойынша орта есеппен жылына: 10-30 мың АҚШ доллары, ағылшын тілін білу деңгейі: TOEFL — 100-120, IELTS — 6,5-7-5-тен кем болмауы қажет.   


Алмас САУДАНБАЙ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Ұқсас материалдар