«100kadam.kz» интернет-порталы іске қосылды

06.01.2016 3138
Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша арнайы жоба қолға алынып «100kadam.kz» интернет-порталы іске қосылды.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша арнайы жоба қолға алынып «100kadam.kz» интернет-порталы іске қосылды.

100kadam.kz интернет-порталы – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазконтент» және "Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамдарының бірлескен жобасы.

Жандос Шолақов, «Қазконтент» АҚ басқарушы директоры:

- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөнінде толық ақпарат беру үшін «100kadam.kz» сайтын əзірледік. Сайт қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Порталдың ерекшелігі – «100 нақты қадам» бір сайтта орналастырылған. Сайттағы ақпарат негізгі бес бөлімнен тұрады, яғни, бұл өзімізге мəлім бес интитуционалдық реформа. Сəйкесінше, əрбір бөлімнің ішіне сол тақырыпты қамтитын қадамдар орналасқан. Сайттағы тағы бір орталық функционалды бөлім – ол жаңалықтар. Яғни, 100 қадамға қатысты республика бойынша өтіп жатқан іс-шаралар, аймақтық жəне республика деңгейіндегі ақпарттарды жаңалықтар бөліміне шоғырландырдық.

Атап өтсек, 100kadam.kz интернет-порталы «Кəсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру мен экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік» және «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бөлімдерінен тұрады.

Өз кезегінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов атап өткендей, 100kadam.kz интернет-порталының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінген.

«Бұл сайтты жасаған кездегі басты мақсатымыз оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Сондықтан біз ең жаңа технологияларды пайдалана отырып, арнайы мемлекеттік техникалық қызмет көрсететін органдармен бірлесе сайттың қауіпсіздігін қарастырдық. Сайтты әзірлеген кезде серверлік инфрақұрылымға орнаттық. Егер ертең серверлік инфрақұрылымның күші жетпей бара жатса немесе сайттың көлемі артса, кез келген сәтте еш қиындықсыз серверлерді ауыстырмай-ақ, осы порталды жаңаша көтеруге қол жеткізіліп отыр. Сонымен қатар, жиырма төрт сағат мониторинг жасайтын арнайы мамандар бар. Желіде қолайсыз жағдай туындаса, міндетті түрде қолға алынып, ол тез арада жөнделеді», - деді басқарушы директор.

Сайттағы басты материал - Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы. 

Бұдан бөлек, сайттың көзі нашар көретін адамдарға арналған арнайы нұсқасы бар.


 Bnews.kz

Ұқсас материалдар