Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ АЙМАҚТАРДАҒЫ РӨЛІ АРТА ТҮСПЕК

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ АЙМАҚТАРДАҒЫ РӨЛІ АРТА ТҮСПЕК
28.09.2018 07:40 1710

Батыс Қазақстан облысында алғашқы Қоғамдық келісім кеңестері 2012 жылы құрылды. Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында берген тапсырмасына сәйкес 2013 жылы олар жапппай жер-жерлерде құрыла бастады.

Қоғамдық келісім кеңестері консультативтік-кеңестік орган болып саналады және тұрақтылықтың, азаматтық бейбітшіліктің, қоғамдық келісімнің және жалпыұлттық бірліктің нығаюына жәрдемдеседі.

Олардың заңдық тұлға мәртебесі жоқ, аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық құрылымына жатады.

Қоғамдық келісім кеңестері — қоғамдық бастамалардың ұйытқысы

Қоғамдық келісім кеңестері міндетіне аймақтарды әлеуметтік жіне басқа да дау-жанжалдардың алдын алу мен шешуге қатысты ұсынымдарды жасау; Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған азаматтық қатысуларды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламалар қолдау мен дамыту; қайырымдылықты, медиация мен жергілікті жерлердегі қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға жәрдемдесу.

Қазақстанда 5 жыл ішінде қоғамдық келісім кеңесінің жүйесі қалыптасты, бірыңғай методологиялық базасы жасалды, белгілі жұмыс тәжірибесі жинақталды.

2016 жылы ең үздік тәжірибелер негізінде құрастырылған ҚКК жұмысының типтік моделіне сәйкес олардың қызметі деңгейлер бойынша бірыңғайландырылған (облыстық, қалалық, аудандық, селолық), жұмыстың біртұтас регламенттері енгізілді, методологиялық базасы қалыптастырылды.

 Кезінде Солтүстік-Қазақстан облысында ҚКК қызметін ұйымдастыру, мониторинг жасау мен бағалауға қатысты әдістемелік нұсқауы құрастырылған болатын. Бұл тәжірибе пайдалану үшін барлық аймақтық ҚКК ұсынылды.

Аталмыш нұсқаудың құндылығы оның белгілі бір сыртқы және ішкі өлшемдер бойынша ҚКК рейтингтік бағалауының жаңа әдістемесінің жасалуында. 

Азаматтық бастамаларды қолдау мен ынталандыру, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы, қоғамдық бақылау механизмдерін күшейтуге байланысты бүгінгі таңда ҚКК қоғамдық келісімді нығайтуға жаңа тылсым беріп, Ассамблея қызметінің жаңа бағытын айқындап берді деуге толық негіз бар.

ҚКК дамыту мен қолдау көрсету шаралары 2025 жылға дейінгі Ассамблеяны дамыту және нығайту Концепциясымен, Концепцияны орындаудың шаралар жоспарымен, Ассамблеяның сессиялары мен Кеңестерінің хаттамалық шешеімдерімен қарастырылған.

Әрине, дәл қазір құрылған Кеңестер қойылып отырған  барлық талаптарға сәйкес келеді деу ерте. Алайда, аз ғана уақыт аралығында облыс, қала, аудан, селолық округтар, кәсіпорындар мен шағын аудандарды қамтитын ҚКК жүйесі қалыптасты.

2018 жылдың 12 қыркүйгінде Қызылордадағы мәжілісте ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко Кеңестердің жұмысын ұйымдастыруға, оның ішінде олардың Ассамблея міндеттерін шешуге қатысуына байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Бүгінгі таңда республика бойынша 2991 кеңес құрылды, олардың көбісі Алматы облысында (628), басым көпшілігі - ауылдық кеңестер - 2 594, соңынан кәсіпорындарда кеңестер жүргізілуде —166.

Олардың алдына қоғамдық диалогты ұйымдастыруда және халықты толғандыратын мәселелерді шешуде ҚКК ресурстары мен әлеуетін тиімді пайдалану мақсаты қойылды.

2017 жылы бірқатар облыстық құрылымдарда ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылды. Мысалы, оңтүстік-Қазақстан облысында селолық окріг әкімдерінің ҚКК алдында есеп беру тәжірибесі енгізілді. Қостанай облысында ҚКК көшпелі қоғамдық қабылдаулары ұйымдастырылды.

Шығыс-Қазақстан облысында «Шығыс Қазақстан – жанжалсыз аймақ» жобасының орындалуы басталды. Батыс Қазақстан облысында ҚКК Орал қаласының жекелеген мөлтек аудандары деңгейінде  құрыла бастады.

ҚКК тәжірибе жүзінде қоғамдық бастамалардың ұйытқысы болып, азаматтық белсенділікті ынталандырып отыруы қажет.

Шығысқазақстандықтардың үлгісі

Шығыс-Қазақстан облысы Ассамблеясы ҚКК жұмысын ұйымдастырудың жақсы үлгісін көрсетуде.

ШҚО барлық деңгейдегі кеңестердің құрамы жыл ішінде 237 адамға жаңарып, ҚКК мүшелер саны 1239-дан 1512-ге дейін артты. (+237). 594 іс-шара өткізілген, 235 мәселе шешілді, оның ішінде су тасқыны салдарын жою, балаларды сауықтыру орталықтарына жеткізуді ұйымдастыру, аз қамтылған отбасыларындағы онкологиялық науқастарға көмек көрсету.

ҚХА XXVI сессиясының тапсырмаларына сәйкес, ҚКК жергілікті бюджеттердің тиімді пайдаланылуын және агроөнеркәсіптік секторда үдемелі технологияларды ілгерілетуді бақылауға қатысу ұйымдастырылды. Мысалы, Шемонаиха ауданының ҚКК мүшелері «Камышинское», «Воробьев и К», «Защита Уба» ауылшаруашылығы кәсіпорындарында озық үлгідегі технологияларды енгізуге қолдау көрсетті. Бесқарағай ауданындағы ҚКК малшаруашылығы мен егіншілік саласына озық технологияларды енгізу процессін өз бақылауларына алды. Оның ішінде  О.Токашев шаруа қожалығында тамшылатып суармалауды енгізу,  «Семей орманы» бірлестігінде швед технологиясы бойынша көшеттерді өсіріп-баптау, «Казагрофинанс»-тың ШҚО филиалы мамандарының жаттықтыру курстары бар.

Облыстық ҚКК мүшелері қала, аудан, селолық округтер деңгейінде жұмыстарды жоспарлау мен орындалуын қадағалау жөніндегі комиссия құрамына енді; әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жергілікті бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті әкімдердің есептерін тыңдауға қатысады.

ҚКК алдағы жұмысы қалай болмақ?

Бүгінгі таңда аймақтық ҚКК алдында жергілікті бюджеттердің нәтижелі орындалуын қадағалау мен агроөнеркәсіп секторында озық технологиялырды жылжыту жұмыстарын жандандыру мақсаттары тұр.

Біріншіден, ҚКК мемлекеттік органдар басшыларын таңдау, жергілікті қауымдастықтың өзекті мәселелерін талқылау мен өкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар енгізу тәжірибесін кеңейту қажет.

Бұл ретте олар жергілікті жерлерде (аудандар мен селолық округтерде) өткір әлеуметтік мәселелерді талқылау мен жедел қарастыруды қамтамасыз етуге міндетті. Қажет болған жағдайда ұсыныстар Ассамблеяның сессиясы немесе Кеңесі арқылы қарауға енгізілуі немесе ассамблеяның төрағасы ретінде әкімнің тапсырмасы ретінде бекітілуі мүмкін.   

Екіншіден, билік вертикалін қалыптастыру туралы міндетің қойылуы жайдан-жай емес. Алдымен бұл төменгі ҚКК қолдау көрсету, олардың жұмыс тәжірибесін жалпылау және тәжірибемен алмасу үшін маңызды.

Қажет болған жағдайда, қалалық, аудандық, селолық деңгейдегі ҚКК көтеріп отырған мәселелер мен сұрақтарды облыстық ҚКК отырыстарына шығару қажет, оларды аймақтық ассамблеяның Кеңесі мен сесиясына, облыс әкіміне қою қажет. Бұл тұрғындардың мәс елелерінің шешеілуіне ықпал етіп, әлеумет алдында ҚКК беделін арттырады.

Үшіншіден, ҚКК қатысумыен келіп және шешімін тауып жатқан өтініштердің стаитистикасы атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесінің маңызды көрсеткіші болып саналады. Алайда, есептердің мәліметіне жүгінсек, екінші кварталда ең көп өтініш саны ШҚО (281), Қарағанды (208), Актөбе (177) облыстарында тіркелген. Астана (4) мен Алматы (7)  қалалары және Маңғыстау облысы бойынша (9) ең аз өтініш тіркелген.

 2018 жылдың I және II тоқсаны бойынша ұсынылған ақпараттарын талдау нәтижесі көрсеткендей, ҚКК есептерінде көп жағдайда өздерінің тікелей қатысуы жоқ уәкілетті органдар  мен Ассамблеяның басқа құрылымдарының (аналар кеңесі, медиация кабинеттері) жұмыстарының қорытындылары келтіріліп жатады.

Қойылған міндеттер мен тапсырмаларды ойдағыдай орындау үшін ҚКК активінің білімі мен шеберлігін арттыру, жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тарту, жастар резервін дайындау қажет. Кадрлардың білімін жетілдіру маңызды,

РГУ «Қоғамдық келісім» РММ, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы, аймақтық оқу орталықтарының алаңдарын пайдалана отырып кадроларды дайындау өте маңызды.

Бұдан басқа Ассамблеяның мүмкіндіктерін пайдалану қажет, медиация кабинеттері мен қоғамдық медиаторлардың, ғылыми-сараптамалық топтардың, Ассамблея кафедраларының, журналистер клубының, достық үйлерінің инфрастуруктурасын пайдалана отырып, олардың негізінде қоғамдық қабылдаудың жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

БАҚ-пен де жұмысты да естен шығармау қажет. 2018 жылдың бірінші тоқсанында БАҚ пен әлеуметтік желілерде ҚКК қызметіне арналған жалпы саны 234 матераил орналастырылған. Республика деңгейінде бұл өте төмен көрсеткіш.

ҚКК жұмысының басты мағынасы мен мазмұны атқарылып отырған жұмыстарына сапалық пен нәтижелікті күшейті керек.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға