Жаңалықтар

Бүгін Түрікменстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бүгін Түрікменстан Республикасының Тәуелсіздік күні
27.09.2018 03:27 3062

27 қыркүйек Түрікменстанның ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні аталып өтілуде.

1991 жылдың 27 қазанындағы Түрікмен Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Конституциялық заңы қабылданған соң, Түрікменстан тәуелсіз демократиялық мемлекеті болып жарияланған болатын. Сол уақыттан бері Тәуелсіздік күні қазан айының 27 және 28 күндерінде аталып өтетін. Биылғы жылдан бастап Түрікменстан Тәуелсіздік күнін 27 қыркүйекке ауыстырды.

Түрікменстан — көпұлтты мемлекет. Оның аумағында қырықтан астам ұлт өкілдері тұрады. Түрікмен ұлты 78,6 % құраса, өзбектер — 9,4 %-ын, орыстар —3,2 %-ын құрайды, қалғаны өзге ұлт өкілдері (қазақтар, әзірбайжандар, армяндар, украиндар, татарлар, белуджи және т.б.).

Қазақстанда бес мыңға тарта түрікмен ұлты тұрады. Басым көпшілігі Маңғыстау облысында тұрақтаған.

1995 жылы Алматы қаласында түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы құрылып, 1998 жылдан бастап Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай облыстарында және Астана қаласында ашылды.

Этномәдени орталықтардың би ансамбльдері, вокалдық топтар мен жастар қанаты құрылып, қазақстандық ұлттық бірлік пен қоғамдық жарасымды дәріптеу бағытында жұмыс жасап отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Түрікменстан арасында бауырластық қатынас мығым орнап, сауда және өнеркәсіп саласында ынтымақтастық құрылған.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға