Жаңалықтар

Алматы қаласының ҚХА қайырымдылық акцияларын белсенді ұйымдастырады

Алматы қаласының ҚХА қайырымдылық акцияларын белсенді ұйымдастырады
31.05.2019 19:03 2317

Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық қатынастар саласында өз жұмысын Мемлекет басшысының Ассамблея сессияларында белгіленген халықтың бейбітшілігін, патриотизмін сақтауға, сондай-ақ Алматы қаласы аумағында тұратын этностардың ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын насихаттауға бағытталған стратегиялық міндеттермен тығыз байланыста жүзеге асырады.

Алматы – бір миллион сегіз жүз мыңнан астам халқы бар елдің ірі мегаполисі. Қалада жүз отызға жуық этнос өкілдері тұрады.

Алматы қаласы тұрғындарының этникалық құрамының басым бөлігін келесі тоғыз ұлт құрайды:   қазақтар – 1 072 694 (59,52 %), орыстар – 469 614 (26,06 %), ұйғырлар – 98 468 (5,46%), кәрістер – 33 410 (1,85 %), татарлар – 24 474 (1,35 %), украиндар – 10 577 (0,58 %), әзірбайжандар – 12 797 (0,71 %), өзбектер – 11 691 (0,66%), дұнғандар – 9 829 (0,54 %). Сондай-ақ немістер – 7 499 (0,41 %), түріктер – 9 394 (0,52 %), қырғыздар – 8 306 (0,46 %), ингуштар – 2 734 (0,15 %), шешендер – 2 844 (0,15 %), күрдтер – 3 799 (0,21 %), армияндар – 2 214 (0,12 %), белорустар – 1 609 (0,08 %), басқалары – 20 040 (1,11 %).

Мегаполис аумағында он тоғыз республикалық және отыз жеті қалалық этномәдени бірлестіктердің орталық кеңселері орналасып, жұмыс істеп отыр. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді (отыз жеті қалалық этномәдени орталық).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша Алматы қаласы ҚХА құрылымдық бөлімшелері мен этномәдени бірлестіктері 2018 жылы отыздан аса іс-шара өткізді. Атап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша түсіндіру презентациялары, дөңгелек үстелдер, конференциялар, сондай-ақ жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және қолдау бойынша және Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы қаласы ҚХА-ның жалпы қалалық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен аудандық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Алматы қаласының Ассамблея Хатшылығының мәліметінше, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту шеңберінде Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері мен жұртшылығының қатысуымен, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен қала және республикалық этномәдени бірлестіктері қоғамды біріктіру, толеранттылықты, қоғамдық келісімді, бейбітшілік және жақсылық идеясын дамытуға бағытталған бір жүз отыз бес іс-шараны ұйымдастырып, өткізген.

Аналар кеңесі

Алматы қаласында қалалық ҚХА жанынан Аналар кеңесі құрылып, оның құрамына сегіз аудандық және отыз сегіз этномәдени бірлестіктердің жанынан құрылған Аналар кеңесі кіреді.

Алматы қаласы ҚХА Хатшылығы қабылдаған қосымша іс-шаралар ҚХА Аналар кеңесінің қызметін жандандыруға, қоғамдық келісім мен жалпы мемлекеттік міндеттерді іске асырудағы олардың рөлін арттыруға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы қосымша іс-шаралардың жоспарына сәйкес Аналар кеңесі отбасында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды құқықтық қорғау және қолдау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Жыл басынан бастап қалалық Аналар кеңесі бір жүз жиырма екі іс-шара ұйымдастырған, оның ішінде қырық жетісі қайырымдылыққа бағытталған іс-шара. Осы тұрғыда Кеңес қаланың көпбалалы аналарына көмек көрсетіп, екі мыңға жуық отбасын қамтыған. Аталған көмек сондай-ақ 1 наурыз – Алғыс айту күнінде жиырма шақты аз қамтылған және көпбалалы отбасына бір миллион теңге көлемінде көрсетіліп отыр.

Кеңес «Болашақ ұрпақ», «Мектепке жол», «Кедергісіз болашақ», «Бөтен бала болмайды», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Балаларға қуаныш сыйла», «Бақытты балалық шақ» жобаларын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын белсенді жүзеге асырып отырған жөні бар.

Қоғамдық келісім

2019 жылы Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі өз қызметін Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының қоғамдық бақылау, қайырымдылық, медиация, халықтың өзекті мәселелерін талқылау және шешу, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысудың негізгі бағыттарын дамытумен күшейтті.

Есептік кезеңде Қоғамдық келісім кеңесі үш отырыс өткізді. Онда келесі мәселелер қарастырылған:

– Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, басшылық құрамды таңдау;

– әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттар бойынша жұмыс топтарының басшысын бекіту;

– Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы орынбасарларының бекітілген аудандарға сәйкес және Жол картасы мәнмәтінінде жергілікті бюджеттерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешенде озық технологияларды ілгерілету бойынша бағыттарын айқындау;

– Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдау жұмысын ұйымдастыру;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және табиғи монополиялар қызметтерінде тарифтерді жүйелендіру.

Жол картасын іске асыру аясында Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерін тарту бойынша жергілікті бюджеттерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешендегі технологияларды ілгерілету бойынша кеңес келесі жұмыстарды жүргізді:

– Кеңес мүшелері қала және аудан әкімдерінің есеп берулеріне қатысты;

– Қоғамдық келісім кеңесі қалалық Қоғамдық кеңесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды;

– Алматы қаласының ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты арасында татуластыру рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды;

– Кеңес өкілі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы мониторинг тобына енгізілді;

–   қалалық ҚХА Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің құрамынан қоғамдық мониторинг топтары құрылды. Бұл топ 2019 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар (кинотеатрлар, мұражайлар, кітапханалар, сауда ойын-сауық орталықтары және т.б.), білім беру және денсаулық сақтау мекемелері бойынша «тосқауылсыз ортаны» құруда тиісті нормалардың болуын және оның бұзылмауын анықтау мәніне қоғамдық мониторинг жүргізу.

Медиация

Алматы қаласы ҚХА жанындағы Медиаторлар кеңесі құрған медиация кабинеті оңтайлы жұмыс жүргізуде. Кеңес қалалық деңгейде семинарлар өткізіп, медиаторлар мыңға жуық келушілерге кеңес берді. Екі жүзден астам қоғамдық-құқықтық істерді, сонымен қатар үш жүзге жуық азаматтардың сотқа дейінгі істерін қарастырды. Жиырма жеті кәсіби медиатор соттарға қатысты.

Ғылыми-сарапшылық топ

Алматы қаласының ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік–талдау органы болып табылады. Оның құрамына жиырма екі мүше кіреді – саясаттанушылар, тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, этникааралық қатынастарды зерттеушілер, қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері.

Ғылыми-сарапшылық топтың негізгі міндеттері:

– Алматы қаласындағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдістерін кешенді сараптамалық бағалау, осы үдерістердің қалада, елде және әлемде дамуын болжау;

– Алматы қаласы ҚХА қызметін этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу;

– этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;

– Қазақстан қоғамының бірлігін нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси және азаматтық институт ретіндегі рөлін күшейтуге жәрдемдесу.

ҚХА ҒСТ қызметі түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Оның құрамында үш сектор құрылған: ғылыми-сарапшылық, сараптамалық және үйлестіру.

Алматы қаласының ҚХА ҒСТ бастамасымен 2012 жылдың қыркүйек айында ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының тұрақты жұмыс істейтін депозитарийі ұйымдастырылды, оның негізінде ҚХА мүшелерінің кітаптарының тұсаукесері, шығармашылық кездесулер, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Депозитарий қоры бес бөлімнен тұрады: этнос тарихы, халық мәдениеті мен өнері; этносаралық қатынастар; көркем әдебиет; Қазақстанның баспасөздегі этностары.

ҚХА ҒСТ жыл сайын өткізетін қалалық ғылыми-практикалық конференциясы дәстүрге айналды. 2012-2016 ж.ж. өткізілген үш конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылды, олар Алматы қаласы мен республиканың этномәдени бірлестіктері арасында таратылды.

Ғылыми-сараптамалық топтың бастамасы бойынша Алматы қаласы ҚХА Хатшылығымен бірлесіп студент жастармен, мектептерде, лицейлерде, колледждерде, әскери училищелерде, әскери комиссариаттардың шақыру пункттерінде, зауыттар мен өндірістік мекемелерде кездесулер өткізіледі.

Қайырымдылық акциялары

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Сарқыт», «Сыбаға», «Шашу» қайырымдылық акциясы аясында алпыстан аса қайырымдылық іс-шаралар өткізілді, екі мыңнан астам мұқтаж азаматтар мен жүзге жуық отбасы он бір миллон теңгеден астам сомаға көмек алды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Бақытты отбасы» көпбалалы аналарды қолдау қорына он екі миллион теңге аударды.

Жастар қанаты

Алматы қаласының ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысы оңтайлы үйлестірілген. Қаңтар айында республикалық жастар қозғалысы іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі 2019 жылға арналған жоспар бекітілді. Олар елуден астам іс-шара өткізуді жоспарлады.

Есепті кезеңде «Жаңғыру жолы» РЖҚ ұйымдастыруымен жиырма іс-шара өткізілді. Жастар қанатының белсенділері Алматы қаласында ҚХА өткізетін қалалық іс-шараларына үздіксіз қатысады.

Қазақстан Республиксының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясымен бірлесіп, қала жастары үшін Алматы қаласы ҚХА-ның «Айбын» әскери-патриоттық клубы құрылды.

Алматы қаласы ҚХА хатшылығы «Жаңғыру жолы» РЖҚ-мен бірлесе отырып, жастарды мемлекеттік-патриоттық негізде біріктіру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу, Ассамблеяның жұмысына жастардың қатысуын белсендіру, жастар арасындағы қоғамды «Үшінші жаңғырту» және рухани жаңарту міндеттерін одан әрі ілгерілету, ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» РЖҚ қызметіне жастарды көптеп тарту арқылы ҚХА серіктестерінің санын кеңейту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Этносаралық қатынастар саласындағы іс-шараларды ақпараттық жариялауды жүзеге асыру үшін Алматы қаласында он этникалық бұқаралық ақпараттық құрал өз қызметін жүзеге асырады: түрік халықаралық «Ахыска» газеті, республикалық «Коре Ильбо» газеті, «Уйгур Авази», «Азия сегодня», «Казачий курьер», «Жийна Курд», «Силк роуд тудей» газеті, неміс «Deutsche Allgemeine Zeitung» газеті, «Алматинский курьер «Полоний» журналы, «Тәңритағ» ойын-сауық ұйғыр телеарнасы.

Этномәдени бірлестіктер жанында жиырма жеті шығармашылық ұжым, сондай-ақ үш ұлттық театр жұмыс істейді: Қ. Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры.

Жалпы Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі Елбасының ішкі саяси бағытын толық ұстануын және оң динамикасын көрсетеді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға