Фоторепортаж: Карантиндегі қала

08.04.2020


Күллі әлемге таралған қауіпті індетке байланысты еліміздегі бірнеше қалаларда карантин жарияланғаны баршамызға мәлім.

Оқушылар соңғы тоқсандағы сабақты үйде отырып, онлайн түрде оқуға кірісті. Студенттер де қашықтан оқытуға ауысты. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың нұсқауымен төтенше жағдай кезінде бірқатар мекемелер қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Музей, кітапхана, өнер орталықтары және т.б. уақытша жұмыстарын тоқтатты. Сонымен қоса, сұлулық салондары, мейрамханалар, жаттығу залдары жабылып, концерт, көрме ұйымдастыру кейінге қалдырылды. Тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар ғана жұмысын жалғастырып жатыр.

Сонымен, карантиндегі Нұр-Сұлтан қаласының қазіргі келбеті, тыныс-тіршілігі қандай? Көріңіздер...

Суреттер авторы: Артем Чурсинов.