Фоторепортаж: Абайдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін зал

09.08.2020


ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Абай» академиялық залы жұмыс істейді. Бұл зал ұлы ақынның 170-жылдығына орай 2015 жылдың 27 қаңтарында ашылған болатын. Мұнда кемеңгердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көптеген суреттер, кітаптар және маңызды құжаттар қойылған. Залдың өзге залдардан ерекшелігі, оқырмандарға тынығу бөлмесі де қарастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл зал жыл сайын түрлі маңызды деректермен толықтырылып отырады.

Суреттер авторы: Бауыржан Жуасбаев.