Елордалықтар назарына ресейлік суретші Василий Поленовтың картиналары ұсынылды

10.03.2020


«Василий Поленов және оның маңайындағы суретшілер» атты көрме-экспозиция суретшінің 175 жылдығына және Ресей музейінің құрылғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Көрмеге Василий Поленов атындағы мемлекеттік мемориальдық тарихи-өнер және табиғи музей-қорығы топтамасындағы атақты орыс суретшілері жұмыстарының 30-ға тарта көшірмесі қойылған.

Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында өтіп жатқан экспозициядан келушілер  К.Коровин, И.Левитан, А.Репин сынды өзге де шеберлердің картиналарын тамашалай алады.

Суреттер авторы: Артем Чурсинов.