Елімізде пойыздар жүре бастады

02.06.2020


Шамамен екі ай үзілістен соң темір жол қатынасы қайта жанданды. Бірақ та шығарып салушылар мен күтіп алушылар темір жол вокзалына кіргізілмейді. Жолаушылар пойыздарға отыру үшін темір жол вокзалына жол жүру құжатымен қоса жеке қорғаныш құралдары болғанда ғана кіргізіледі. Оған қоса, ішке кіргенде жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Егер де 37 градустан жоғары болса, арнайы медициналық тексеріліске жіберіледі. Ал қарт кісілердің ауыр жүктерін көтерісуге темір жол қызметкерлері көмектеседі. Сонымен қатар, жолаушы азаматтарға вагонның ішінде жүруге болмайды. Тағы бір айта кетерлігі, пойыздардағы мейрамханалар әлі ашылмаған.