Елімізде мешіттер мен шіркеулер ашылды

20.05.2020


Еліміздегі біраз мешіттер мен шіркеулер санитарлық талаптарды сақтай отырып есіктерін айқара ашты. Екі айға созылған карантиннен кейін Алла үйіне келіп, бірі пітір садақасын берсе, өзгесі құлшылық жасап, Құран бағыштап жатыр. Ал өңірлердегі кейбір мешіттер мен шіркеулерді карантин жағдайына әрі індет қаупіне байланысты кейінірек ашу жоспарланып отыр. Олар аймақтың уақыт ерекшелігін ескере отырып, таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-де дейін жұмыс істейді.