ҚазақшаҚазақша
Мақала

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры

#
| 5.12.2012, 13:49 | Автор | 605

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры - Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі. Абай даңғылыда орналасқан.
Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды
Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері — И. Байзаков, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов,Ж. Шанин,Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзакова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады.
1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды. 20 жылдығына орай 1946 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды. Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М. О. Әуезовтің есімі берілді.
Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.
Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты.
2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады.[1]
Тарихы
Қазақ драма театры, М.О. Әуезов атындағы, Еңбек Қызыл Ту және “Халықтар достығы” орденді Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры – тұңғыш кәсіпқой ұлттық сахналық мекеме. 1925 жылдың ақырында қазіргі Қызылорда қаласында Ұлт театры болып ұйымдастырылды. Алғашқы директоры әрі көркемдік жетекшісі Д.Әділов.М.Әуезовтың “Еңлік – Кебек” трагедиясының 3-актісімен (С.Қожамқұловтың қоюы бойынша) және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен 1925 ж. желтоқсандағы өткен Қазақ өлкелік 5 партконференция кезінде тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. 1926 ж. 31 қаңтарда болған Ұлт театрының ресми ашылуында Қ.Кемеңгеровтың“Алтын сақинасы” ойналды. Театр репертуарын жақсарту үшін Халық ағарту комиссары С.Сәдуақасовтың тікелей басшылығымен арнайы бәйге өткізілді. Театр труппасы 1929 ж. Алматыға қоныс аударды. 1937 ж. академиялық театр атағын алды. Театрға 1961 ж. жазушы, драматург М.О. Әуезовтің есімі берілді. Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығарманың танымал шеберлері – И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, Қ.Бадыров, Қ.Мұңайтпасов,З.Атабаева, Ш.Әлібекова, Ш.Байзақова, М.Шамова, Ж.Шанина ойнады. Актер әрі режиссер. Шанин театрдың шығармашылық жағынан қалыптасу жолында зор еңбек сіңірді. 30-жылдардың 1-жартысында қазақ жерінде кеңес өкіметі тұсындағы ұжымдастыру шараларын жүзеге асыру барысын бейнелейтін пьесалар қойылды. Осы жылдары К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Бейісов, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, К.Қармысов,Қ.Әділшінов, Ш.Айманов, С.Майқанова, З.Құрманбаева, С.Телғараев, А.Абдуллина, О.Жұмағұлов, Ж.Өгізбаев, Р.Қойшыбаева, Г.Сыздықова, т.б. сахна шеберлерінің келуі театрдың күрделі драмалық шығармаларды меңгеруіне жол ашты. Сондай-ақ, театрға арнайы шақыртумен келген орыс режиссерлерінің де (М.Г. Насонов, И.Г. Боров, СоколовМ.А. Соколов, Ю.Л. Рутковский, М.В. Соколовский, Я.П. Танеев) еңбегі ерекше болды. Олар қойған әрбір спектакль актерлердің нағыз сахна мектебіне айналды. Режиссер Насонов Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясын (1933) қайта қойды. Ол спектакльдің сахнада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі үрдісін сақтаумен бірге, басты рөлдердің (Еңлік – Байсейітова, Кебек – Байсейітов) психологиялық тұрғыда шешім табуына баса назар аударды. 1934 ж. Қазақ драма театрынан музыка театр (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры), т.б. өнер ұжымдары бөлініп шықты. 1935 – 1937 ж. М.Әуезовтің, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың тарихи тақырыптағы туындылары, орыс кеңес драматургиясынан, орыс және шет ел классикасынан қойылған спектакльдер театр ұжымының шығармашылық бағыт-бағдары мен ізденіс-табыстарын айқындады. 1941 – 1945 ж. туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін, адамдарымыздың асқақ, адал, ынтымақшылдық рухы мен берік достығын, майдан мен тылдағы қаhармандық күресін көрсететін пьесалар театр репертуарынан мол орын алды. Театр труппасына Алматы, Москва, Ленинград және Ташкенттіңарнаулы оқу орындарын бітірген маман актерлер келіп қосылды.
Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмір мен жасампаз еңбекті, республика еңбеккерлерінің жаңа тұрмыс-салтын, ұжымдастыру құрылымын нығайту және кеңестік қатаң жүйеге негізделген жаңа қоғам орнату жолындағы күресін баяндайтын, қазақ зиялылары мен жастардың мақсат-мұратын, ізгі арман-тілегін бейнелейтін Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат” (1947, реж. Айманов), “Күншілдік” (1955, реж. М.И. Гольдблат), “Мансап пен ұждан” (1974, реж. Ә.Мәмбетов) және “Кәусар” (1985, реж. С.Асылхан), Ғ.Мұстафиннің“Миллионер” (1950, реж. А.Тоқпанов), т.б. авторлардың сахналық шығармалары көрермен көңілінен шықты. Әуезовтің “Абай” (1952, реж. Айманов, суретші В.В.Голубович пен рөлдерді орындаушылар Қ.Бадыров, Бөкеева, С.Қожамқұлов, Қойшыбаева, Қуанышбаев, Өмірзақов) және Ә.Нүрпейісовтің “Қан мен тер” (1974, реж. Мәмбетов, суретшіА.С.Кривошеин мен рөлдерді орындаушылар А.Әшімов, Ф.Шәріпова, Ы.Ноғайбаев) спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйл., ал Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-Ана” (1966, реж.Мәмбетов, суретші А.И.Ненашев пен рөлдерді орындаушылар Майқанова, Шәріпова, Римова) мен А.Я. Каплердің “Ленин 1918 жылы” (1970, реж. Мәмбетов, рөлдерді орындаушылар М.Сүртібаев пен Қожамқұлов) спектакліне ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. берілді. Театр ұжымы 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, мәскеуліктердің назарына 5 спектакль (Әуезов, “Еңлік – Кебек”; С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”; Мүсірепов, “Ақын трагедиясы”; Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” және У.Шекспир, “Асауға тұсау”) ұсынды. Театр ұжымы орыс және батыс еуропа драматургиясының классик. туындыларынан Н.В. Гогольдің, М.Горькийдің, А.П. Чеховтың, Лопе де Веганың, Шекспирдің, М.Метерлинктің, К.Гоццидің пьесаларын қойды. ТМД елдері драматургиясының таңдаулы туындылары да театр репертуарынан берік орын алды. 1980 – 90 ж. бүгінгі күн тақырыбына жазылған, басқа да алуан жанрлы драм. шығармалар театр сахнасына шықты. А.Сүлейменовтің “Төрт тақта жайнамаз” (1989, реж. Ә.Рахимов),Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” (1990, реж. А.Әшімов), Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” (1990, реж. Ә.Мәмбетов), т.б. туындылары театр сахнасына шықты. 1990 жылдан кейінгі кезеңде театр репертуары жаңа шығармалармен байып, әлемдік және қазақ драматургтерінің классик. шығармаларын көрермендер назарына ұсынды, кейбіреулерін қайта сахналады. У.Шекспирдің “Кориалан” (1991), “\Асауға тұсау\” (1994), С.Жүнісовтің “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” (1994), Сүлейменовтың “Жетінші палата” (1993, барлығын сахналаған реж. Ә.Мәмбетов), Иран-Ғайыптың “Шыңғысхан” (1994, реж. Б.Атабаев), К.Гоццидің “Турандот ханшайым” (1994, реж. Әл-Тарази), М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндері” (1996, реж. М.Байсеркенов), Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” (1996, реж. Атабаев), М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” (1997, реж.Қ.Сүгірбеков), Әуезовтің “Қилы заман” (1997, реж. Рахимов), “Қарагөз” (1997, реж. Мәмбетов), Шахимарданның “Томирис” (2000, реж. Әл-Тарази), Ш.Айтматовтың “Ана – жер Ана” (2002, реж. Мәмбетов), Г.Гаутман“Ымырттағы махаббат” (2002, реж. Р.Андриасян), т.б.
Театр ұжымы 1926 жылдан бастап жазғы гастрольге шығуды игі дәстүрге айналдырып, республиканың елді мекендерінде өнер көрсетіп келеді, сонымен қатар гастрольдік сапармен Мәскеу, Нөкіс, Қазан, Уфа, Шираз, Ташкент, Нанси қаласыларында болды. 1930 жылдан актерлер даярлайтын студия (үзілістермен), 1971 жылдан Ұзынағашта (Алматы обл. Жамбыл ауданы) театр бөлімшесі жұмыс істеді. Қазіргі кезеңде Қазақ драма театрының құрамында Ш.Жандарбекова, Ф.Шәріпова,С.Оразбаев, З.Шәріпова, Ш.Ахметова, Т.Жаманқұлов, Ә.Кенжеев, Ж.Медетбаев, Қ.Тастанбеков, Т.Тасыбекова, т.б. талантты актерлер еңбек етеді (2003). 1981 ж. театрдың жаңа ғимараты (арх. О.Баймырзаев, М.Жақсылықов, А.Қайнарбаев; ҚазКСР-і Мемл. сыйл., 1982) пайдалануға берілді. Ғимараттың көлемдік-композициялық құрылыс өзегіне үлкен (1000 орынды) және кіші (250 орынды) көрермендер залы алынған. Ғимарат алдына 1981 ж. М.Әуезов ескерткіші (мүсіншісіЕ.А.Сергебаев, ҚазКСР Мемл. сыйл., 1982) орнатылды. Театр Еңбек Қызыл Ту (1946), “Халықтар достығы” (1976) ордендерімен марапатталған.

 

 
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Іс-әрекеттер
Рейтинг
 
0 дауыс
Бөлісу