Эксперименталды номинацияға дауыс беру

Дауыс беру

баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы Ұлттық сыйлық
өтінімдерді қабылдау уақыты:
0
0
0
0
0
0
0
0
күн
сағат
минут
секунд
Сыйлықтың ұйымдастырушысы -
АО «Qazcontent»





+7 (7172) 79 82 06 (вн.115, 152)
Премияның құрылтайшысы -

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, оны насихаттан ерекшелейтін кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.Конкурс мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету, және 2017 жылдың қорытындысы бойынша олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аударту. Сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі 2018 жылғы 28 маусымда өтеді
Ереже
Үздік фотосурет 2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған фотосурет. Фотосуреттер бұлтты сақтау қорына жүктеліп, ағымдағы сұранымға суретке толық қолжетімділік беретін сілтеме қоса тіркелуі керек. Файл форматы: JPG, JPEG
Үздік фотосурет
Үздік репортаж 2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Оқиғаны баяндау тереңдігіне және беру тәсіліне назар аударылады
 
Үздік репортаж
2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Қамтылған фактілердің кеңдігіне, талдаманың толықтығына және қорытындыларының сапасына, тақырыптың қоғамдық маңыздылығына назар аударылады
 
Үздік аналитикалық материал
2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Ақпарат жинаудың жоспарлылығына, зерттеудің бірізділігіне және қорытындыларының эксклюзивтілігіне назар аударылады
 
Үздік журналистік зерттеу
2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Журналистің талқыланатын сұрақтардағы біліктілігіне, сұхбат құруына және диалогтың психологиялық аспектілеріне назар аударылады
 
Үздік сұхбат
«Туған жер» бағдарламасының контексінде. 2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Материалды ұсыну тәсіліне, тақырыпты ашу тереңдігіне және эксклюзивтілігіне назар аударылады
 
Қазақстан туралы үздік танымдық материал
2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Екі тақырыпқа назар аударылады – халықаралық қоғамдастықтағы Қазақстанның рөлі, Қазақстан дамуының контексіндегі әлемдік оқиғалар
 
Үздік халықаралық аналитикалық материал
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраным берген күнге дейінгі аралықта тек бір ғана облыстың, немесе Астана, немесе Алматы аумағында радиожиілікті пайдалану арқылы тәулік бойы хабар тарататын радиостанция. Сұраным 2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы радиостанцияның қызметін сипаттайтын жобаларды, бағдарламаларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы стансаның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Аудиофайл mp3 форматындағы эфирімен, 30 минуттан аспайтын хронометражымен қоса берілуі керек. Файлдар бұлтты сақтау қорына жүктеліп, оларға толық қолжетімділік беретін сілтеме ағымдағы сұранымға қоса тіркелуі керек.
 
Үздік аймақтық радиостанция
2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында кем дегенде 4 нөмір шығарған, уәкілетті органда тіркелген мерзімді басылым. Сұраным мерзімді басылымның қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы баспасөз басылымының төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Мерзімді басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы қоса берілуі керек. Басылу сапасы мен түсі есептелмейді. Файлдар бұлтты сақтау қорына жүктеліп, оларға толық қолжетімділік беретін сілтеме ағымдағы сұранымға қоса тіркелуі керек
 
Үздік аймақтық баспасөз басылымы
Сұраным 2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы радиостанцияның қызметін сипаттайтын жобаларды, бағдарламаларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы стансаның төлқұжаты түрінде ұсынылады. Аудиофайл mp3 форматындағы эфирімен, 30 минуттан аспайтын хронометражымен қоса берілуі керек. Файлдар бұлтты сақтау қорына жүктеліп, оларға толық қолжетімділік беретін сілтеме ағымдағы сұранымға қоса тіркелуі керек
 
Қазақстанның үздік радиостанциясы
«Үздік интернет БАҚ» аталымы бойынша сұраным интернет-ресурстың қызметін сипаттайтын жобаларды, контентті, интернет-оқиғаны, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, соған қоса, маңызды фактілерді көрсету арқылы презентация (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында) түрінде ұсынылады. Көрсетілген уақыттағы кірушілер саны бойынша есептілік қоса беріледі (Google analytics). Файлдар бұлтты сақтау қорына жүктеліп, оларға толық қолжетімділік беретін сілтеме ағымдағы сұранымға қоса тіркелуі керек
 
Үздік интернет БАҚ
2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында кем дегенде 4 нөмір шығарған, уәкілетті органда тіркелген мерзімді басылым. Сұраным мерзімді басылымның қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы баспасөз басылымының төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Мерзімді басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы қоса берілуі керек. Басылу сапасы мен түсі есептелмейді. Файлдар бұлтты сақтау қорына жүктеліп, оларға толық қолжетімділік беретін сілтеме ағымдағы сұранымға қоса тіркелуі керек
 
Үздік республикалық баспасөз басылымы

Омашев Намазалы Омашұлы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор
Дархан Қамзабекұлы Мыңбай
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің депутаты
Ерлан Халижанұлы Бекхожин
«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің» бас директоры, Журналистика Академиясының академигі
Мұрат Абдуламитұлы әбенов
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері
Рахым Сәкенұлы Ошақбаев
«TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры
Саясат Нұрбек
Саясаттанушы
Есен Елеукен
«Қазақстан Тапқырлар Клубы Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті
Әлібек Әлденей
Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының Вице-президенті
Махаббат Есен
Журналист
Александр Юрьевич Тараков
«Қоғамдық келісім» Республикалық Мемлекеттік мекемесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттік сыйлықтың лауреаты
Сәбит Сүлейменов
Atack Concert Kazakhstan концерттік агенттігі мен zakazbiletov.kz билет агенттігінің директоры.
Шахай Шүкір өмірәліұлы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жеке фотографы
Айгүл Мүкей
Журналист


Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 4 1201-кабинет («Алтын Орда» БО) тел. +7 (7172) 79 82 06 (ішкі 115, 152)
АО “Qazcontent” © 2017-2018

Өтінімді беру

Отправляем...
*
Форма

Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен жарияланған.

2. Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау және олардың шығармашылығына қоғам назарын аударту. Сыйлық лауреаттарын Қазылар алқасы анықтайды.

3. Сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі (эксперименталдық номинациялардан басқа):

1) Үздік фотосурет;

2) Үздік репортаж;

3) Үздік аналитикалық материал;

4) Үздік журналистік зерттеу;

5) Үздік сұхбат;

6) Қазақстан туралы үздік танымдық материал;

7) Үздік халықаралық аналитикалық материал;

8) Үздік аймақтық радиостанция;

9) Үздік аймақтық баспасөз басылымы;

10) Қазақстанның үздік радиостанциясы;

11) Үздік интернет-БАҚ;

12) Үздік республикалық баспасөз басылымы.

2. Өтініштерді беру тәртібі

1. Өтініштер электрондық түрде (ұсынылған үлгі бойынша қол қойылған скан-нұсқасы) el.kz интернет-ресурсының арнайы бөлімінде немесе urker2018@el.kz электрондық поштасы арқылы өзін-өзі ұсыну форматында қабылданады.

2. Бір автор тек бір ғана өтініш бере алады және 2 материал ұсынуға құқылы (бір аталымға 2 материал беруге, сондай-ақ әр түрлі аталымдар бойынша бір-бірден материал ұсынуға рұқсат етіледі).

3. ҚР уәкілетті органда тіркелгені туралы куәлігі бар БАҚ ұсынылған жұмыс бұл БАҚ-та жарияланбаса да, кез келген автордың атынан өтініш бере алады.

4. Ұжымдық аталымдар бойынша БАҚ-ның есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтініш береді.

3. Өтініштерге қойылатын талаптар

1. Номинация бойынша берілген барлық жұмыстар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін жариялануы тиіс.

2. Жұмыстардағы барлық фотосуреттер файлдың өлшемі 2 Мб кем емес JPEG форматында, бейне файлдар MPEG4 FullHD форматында, мәтіндік материалдар БАҚ-та жұмыстардың скриншоты түрінде немесе материал жарияланған нөмірдің түпнұсқасы түрінде ұсынылуы керек.

3. Өтінімдерді Қазақстан аумағында тіркелген БАҚ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары бере алады («Қазақстан туралы үздік танымдық материал» аталымы бойынша жұмыстар мен БАҚ-тан басқа).

4. «Үздік аймақтық баспасөз басылымы» және «Үздік республикалық баспасөз басылымы» номинациялары бойынша өтінім басылымның көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды, әрі өзге маңызды фактілерді көрсету арқылы басылымның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Мерзімді басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы да қоса берілуі керек.

5. «Үздік аймақтық радиостанция» және «Қазақстанның үздік радиостанциясы» номинациялары бойынша өтінім хронометражы 30 минуттан аспайтын, эфирімен қоса аудиофайлдар mp3 форматында берілетін, 2017 жылдығ 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында радиостанцияның қызметін сипаттайтын жобаларды, бағдарламаларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды, әрі өзге маңызды фактілерді көрсету арқылы станцияның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында).

6. «Үздік интернет-БАҚ» аталымы бойынша өтініш интернет-ресурстың қызметін сипаттайтын жобаларды, контентті, интернет-оқиғаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, әрі маңызды фактілерді көрсету арқылы презентация түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Көрсетілген уақыт аралығында сайтқа кіру саны бойынша есептілік қоса беріледі (Google analytics).

4. Өтінімдерді қарастыру және қорытынды шығару

1.Өтінімдерді қарау Қазылар алқасының мүшелерімен және ұйымдастыру комитетімен жүргізіледі:

Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келетін барлық өтінімдерді қарастырады да, сәйкес келген өтінімдерді Қазылар алқасы мүшелерінің қарауына ұсынады.

Қазылар алқасының мүшелері құпия дауыс беру арқылы сыйлық лауреаттарын таңдайды.

Ең көп дауыс жинаған төрт өтінім сыйлықтың номинаттары болып саналады. Қазылар алқасының мүшелері осы төрт номинаттардың арасынан құпия дауыс беру жолымен жеңімпазды таңдайды. Жеңімпаз бен номинаттар көпшілік дауыспен анықталады.

2. Сыйлық лауреаттарын жариялау 4 номинанттарды шақыра отырып, салтанатты түрде жарияланады. Әрбір лауреатқа берілетін сыйлықтың символы – қауырсын үлгісінде жасалған мүсінше (статуэтка) болып табылады.

3. Сыйлық лауреаттарына өзіне тиесілі ақпараттық, жарнамалық және презентациялық материалдарда, лауреаттың ресми сайтында, сонымен қатар өзі көрсететін қызметтер мен өнімдерді жарнамалау кампаниясында «Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2018» ұлттық сыйлығының лауреаты» мәртебесін көрсетуге құқық беріледі.