Стивен Хокингтің серпін беретін 10 дәйексөзі

"Құрдымға кетіп бара жатсаңыз да, шығатын жол барын ұмытпаңыз"

Атақты ағылшын физигі Стивен Хокинг 76 жасында өмірден озды. Ол қозғалыс нейронының сирек формасының ауруына шалдыққанда бар болғаны 21 жаста еді. Дәрігерлер Стивенді бірер жыл ғана өмір сүреді деп кесіп айтады. Бірақ, Хокинг өмірі туралы айтқан болжамды түбегейлі жоққа шығарды. Ол әлемдегі ең мықты деген физиктердің қатарынан көрініп, Кембридж университетінің профессоры болды.

Бүгін біз атақты физиктің жалпы өмір туралы айтып кеткен дәйексөздерінің ішінен әзілмен өрнектелген, адамдарға серпін беретіндерін таңдап алдық.

Мүгедектік туралы

Физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға айтарым, мүгедектік кедергі келтірмейтін нәрселерге ұмтылыңыз және мүмкіндігіңіз шектеулілігінен істей алмайтын нәрселеріңіз үшін өкінбеңіз. Өзіңіздің рухыңызға мүгедектігіңізді сіңдіре көрмеңіз.

Артықшылық туралы

Менің мақсатым өте қарапайым. Бұл әлемді толық түсіну: ол неге бұлай? Не бар және олар не үшін өмір сүреді?

Тағдыр жайлы

Менің байқағаным, тағдырымыз алдын-ала жазулы тұр деп есептейтіндердің өзі де, жолдан өтерде жан-жағына қарайлайды.

Әзіл туралы

Осындай күлкілі болмаса, өмір өте қайғылы болар еді.

IQ деңгей туралы

Өздерінің IQ деңгейімен мақтанатын адамдарды түсінсем бұйырмасын, олар нағыз ақымақтар.

Күнімен не туралы ойланады?

Әйелдер туралы, себебі олар тұнған жұмбақ жандар.

Өзінің үш баласына айтатын кеңесі

Біріншіден, аяқтарыңның астына емес, жұлдыздарға қараңдар. Екіншіден, жұмыстарыңды тастамаңдар. Онсыз өмірден мән кетеді. Жұмыс болмаса, өмір шын мәнінде бос болады. Үшіншіден, сендердің жолдарың болып, өз махаббаттарыңды кезіктірсеңдер, оны аялап өтіңдер.

Құдай туралы

Құдай шынымен бар шығар, бірақ ғылым әлемді жаратушысыз-ақ түсіндіруге қауқарлы.

Қиындықтар туралы

Ісіңіз бір жерде тұрып қалса, ашуланбаңыз. Мен ондай кезде ол проблеманы терең ойланып, тағы басқа да нәрселермен айналысамын. Кейде шешімін табу үшін бірнеше жылдар өтеді. Мәселен, ақпарат жоғалту мәселесі мен қара құрдым арасында 29 жыл өтті.

Кітаптары туралы

Алдымнан шығатын әрбір сұраққа таң қала отырып, ғылыми жауаптар іздеуге тырыстым. Сол үшін Мадоннаның секс туралы кітабынан гөрі, менің физика туралы кітабым көбірек сатылып кеткен шығар.

Материал автордың рұқсатымен жарияланды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер