Жүктілік кезіндегі тамақтану

Басты жауапкершілік – дұрыс тамақтану

Әлемдегі «Ең сұлу әйел – жүкті әйел» деген ұғым бар. Әлбетте, шын мәнінде бала күтіп жүрген жүкті келіншектердің бет-жүзі нұрланып, әдемілене түсетіні бәрімізге аян. Алла Тағаланың әйел қауымына берген осы бір керемет нығметі, өмірге бала әкелу бақыты – ештемемен алмастыруға келмейтін үлкен сый. Отбасын құрып, бір мүддеге жұмылған қос жастың бала сүю бақытына тезірек кенелгісі келетіні айдан анық. Бал құрсаққа біткеннен күннен бастап, жүрегіңіздің астында соға бастаған тағы бір жүрекке деген жауапкершілік арта түседі. Ең басты жауапкершіліктердің бірі – дұрыс тамақтану. Олай болса жүктілік кезіндегі тамақтану мәселесін сөз етіп көрейікші. Нені ескерген дұрыс?

   

Болашақ ананың басты мәзірі – тамақтың сан алуандығында. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн.

Медицина тілімен айтқанда жүкті әйелдің тамақтану кестесін үш кезеңге бөлуге болады.    

Жүктіліктің алғашқы кезеңінде іштегі шарананың барлық ағзалары, оның жүйелері, талшықтары қалыптасады. Болашақ ананың ағзасына толыққанды ақуыздар мен дәрумендер керек. Мәселен, майы аз ет (қоян, тауық, күркетауық), балық және теңіз өнімдері, қышқыл сүт өнімдері. Жүктілік кезеіңінде күріш жеу міндетті. Маусымдық жеміс-жидектер, болмаса мұздатылған түрінде жесеңіз де дәрумені сақталады.

Жүктіліктің бірінші кезеңінде көпшілік болашақ аналар жұмыс кестесінің ыңғайына қарай уақтылы тамақтануға көп көңіл бөле алмауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын дұрыс тамақтануға уақыт тауып, толыққанды дәруменге бай азық-түлік тұтынуға тырысыңыз! Бұл өзіңіз үшін де, іштегі бала үшін де өте маңызды. Әсіресе таңғы астың атқарар рөлі басым.

Жүктіліктің бірінші триместрінде ағза өзгеше күйге, жаңа күйге бейімделе бастайды. Дәл осы кезеңде ақ халатты мамандар мүмкіндігінше калориясы аз диетаға көшуге кеңес береді. Барынша жеміс-жидек, жаңа сығылған шырын, кептірілген жеміс-жидектен қайнатылған сусын әсіресе итмұрыннан қайнатылған компотты көбірек ішу керектігі айтылады. Бейімделу кезеңінде көпшілік келіншектерді токсикоз мазалауы мүмкін. Токсикозбен күресу үшін сұйықтықты көбірек ішіп, мүмкіндігінше аз-аздан жиі-жиі тамақтанған абзал.

Әркез қалтаңызда гематоген мен қалташа толы жаңғақ немесе кептірілген жемістер жүретін болсын. Бұл – жүрек жалғауға таптырмайтын тағамдар әрі дәруменге бай. Егер ағзаңыз кейбір қалыпты тағамдарды қабылдай алмаса, балаларға арналған тағамдарды жеп көріңіз. Көп жағдайда балалардың тағамы токсикоздан құтылуға көмектеседі. Қораптағы каша, балаларға арналған жеңіл ірімшік, жеміс-жидек езбесі, пішенай т.б.

Алғашқы триместерде азық-түліктің сапасына қатты көңіл бөліңіз. Біртіндеп соус, құрамында химикаты бар жартылай фабрикат өнімдерінен, косервіленген өнімдерден бас тартыңыз. Мүмкіндігінше фолий қышқылына бай тағамдарды тұтынуға әркет жасаңыз. Фолий қышқылы – зат алмасуды жақсы реттейді. Оның жетіспеушілігі баланың дұрыс дамуына кедергі келтіретінін естен шығармаңыз. Әдетте фолий қышқылы аскөк, ақжелкен, жаңғақ, орамжапырақ, брокколи, бұршақ өнімдері мен жұмыртқада бар.

Диетолог мамандардың пікірінше, бірінші кезеңде жүкті әйелдер тұтынатын тағамның рационы 300 калориядан аспаса кем болмауы тиіс. Ал, екінші ртиместрде 340 ккал, үшінші триместрде 452 ккал-дан түсірмеген жөн. Дәл осы қалыпта тамақтансаңыз 80% ағзаға қажетті минерал мен дәрумен ағзаңызға сіңіретініңізге сенімді болсаңыз болады. Бұл әрине әйелдердің салмақ көрсеткішіне де әсер етпей қоймайды, десе де бірінші кезекте іштегі баланың денсаулығын ойлаған әлдеқайда тиімді. Есесіне балпанақтай бала туып, 9 ай бойы күткен үмітіңіз ақталады. Мамандардың пікірінше, жүкті әйелдер 16-20 кг салмақ қосуы тиіс.

Жүктіліктің екінші кезеңі

Жүктіліктің екінші кезеңінде іштегі баланың бойы мен салмағы белсенді түрде өсе бастайды. Осыған сәйкес ананың жатыры да мейілінше үлкейіп, өсе түседі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, тұтынатын тағамның рационын да ұлғайтқан абзал. Мүмкіндігінше жиі-жиі алайда сапалы тағам жеген дұрыс. Осы кезеңде микроэлементтерге деген сұраныс артады: темір, магний, цинк, селен, кальций, калииге бай тағамдар тұтыну керек. Іштегі бала аналық ресурстарды пайдалана отырып, микроэлементтердің «қорын» қалыптастырады. Бұл дегеніңіз – анасы тарапынан екеуіне де жеткілікті дәрумен тұтыну керектігін аңғартады.

Көп жағдайда жүкті әйелдердің екінші кезеңінде гемоглобиндері түсіп кетеді. Бұл – қалыпты жағдай. Десе де қалыпты екен деп босаңсудан аулақ болыңыз, гемоглобиннің аздығы балаңыздың денсаулығына зиян. Гемоглобинді ет, тауық еті мен балық өнімдерін сондай-ақ көкеніс пен балғын аскөк, қарақұмық, цитрус жемістерін, анар, итмұрын тұнбасын тұтыну арқылы көбейтуге болады.

Осы кезеңде рационнан кептірілген шұжық және қуырылған тағамдарды әрі тұзы ащы тағамдардан бас тартқан жөн. Ешқашан тұтынатын судың көлемін азайтпаңыз. Таза су – жүкті әйел үшін аса қажет өнім. Күніне 2-2,5 литр су ішкен абзал. Егер суды көп ішсем ісініп кетемін деген ойдан ада болыңыз. Ісікке апаратын сіз тұтынған су емес, тұз болуы мүмкін. Ол – консервіленген өнімдердің құрамындағы тұз, майонез, ірімшік (сыр), шұжық болуы мүмкін. Ал, ағзаға тұздың жетіспеушілігі аса қауіпті емес. Қайта тұздың көп мөлшері зат алмасуды бұзады.

Жүктіліктің екінші кезеңінде тағамның калориясын ұлғайтыңыз. Босануға тың болып аттанасыз. Ет және балық өнімдерін мүмкіндігінше таңертеңнен түске дейін тұтынуға тырысыңыз, ең дұрысы – түскі аста. Ал, кешкі асқа сүзбелі құймақ, бұқтырылған көкеніс, электропешке пісірілген сүзбелі көкеніс тұтынуға әдеттеніңіз. Таза ауаға көбірек серуендеп, физикалық белсенділікті арттырыңыз.

Екінші триместрдің соңғы кезеңінде диетологтар жүкті әйелдерге еттен мүлде бас тартуға кеңес береді. Бұл – талшықтардың серпімділігін арттырып, жеңіл босануға көмектеседі.  

Мүмкіндігінше тағамның бәрін бірден тұтынбауға тырысыңыз. Мәселен, сорпа және екінші ыстық тағам оған қоысмша десертке арналған тәттіні бірден тұтынбаңыз. Бұл – асқазанды толтырып, балаға жайсыздық тудыруы мүмкін. Ауыр қорытылып, ағзаға баяу таралуына кедергі келтіруі ғажап емес. Мүмкінідігінше жиі-жиі аз-аздан жеңіз. Тамақтанғаннан кейін кемінде 10 минут тынығыңыз. Серуендер алдында тамақтануға бейімделіңіз.

Тамақты дұрыс пісіру – ағзаңыз үшін аса қажет минералдар мен дәрумендерді сақтауға көмектеседі. Тағамды бірнеше рет қайта ысыту зиян екенін естен шығармаңыз. Мүмкіндігінше тағамды буға пісіруге, пешке пісіруге немесе бұқтыруға тырысыңыз.  

Жүкті әйел мен іштегі шаранаға не зиян болуы мүмкін?

Бірінші кезекте шылым мен алкоголь жүкті әйелдің қас жауы. Егер шылымға әуестігіңіз болса, жүктіліктің бірінші күнінен бастап темекіні қою керек. Ішімдік мүлде тұтынбаңыз.  

  

Ағзаға дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі – аса қауіпті факторлардың бірі. Мәселен, йодтың жетіспеушілігі баланың ақыл-есі кем болып тууына жағдай жасаса, фолий қышқылының жетіспеушілігі – шарананың бет-әлпетінің дұрыс қалыптаспауына, кальцийдің жетіспеушілігі баланың қаңқасының дұрыс қалыптаспауына, темірдің жетіспеушілігі – қан аздық пен жүйке-психиканың дамуына кері әсерін тигізеді. Егер сәл де болсын осы микроэлементтердің жетіспейтініне күмәніңіз болса дәрігермен ақылдасып, қажетті дәрумендер топтамасын тағайындауын өтініңіз.

Артық салмақ – баланың шамадан тыс үлкен салмақпен тууына жағдай жасайды. Бұл біріншіден босануды қиындатса, екіншіден бала іште жатқаннан бастап-ақ май басуға бейім болып туылуы мүмкін деген қауіп бар.

Тағам қоспасын (соус, дәмдеуіш, кубик бульон), экзотикалық жеміс-жидектер мен жартылай фабрикаттар, газдалған сусын тұтыну – балаға аллергия береді. Өкінішке қарай мамандардың айтуынша қазір мұндай көрсеткіш күннен-күнге ұлғайып келеді.     

Жүкті әйелдерге кеңес:

Хот-дог жемеу.

Жұмсақ сырдан бас тарту. Қатты ірімшіктің зияны жоқ.

Шикідей мұздатылған паштет немесе ет пасталарын сондай-ақ теңіз өнімдерін жемеген дұрыс.

Шикі көкеніс, пастерленбеген шырын, пішенай, жеткілікті деңгейде термикалық өңдеуден өтпеген ет және құс өнімдері, піспеген жұмыртқа жеуге мүлде болмайды. Мұндай өнімдерде Сальмонелла атты таксин бар.

Тәттін азайту.

Ашығу, түрлі диетаға әуестенуге болмайды.

Артериалды қан қысымын ұдайы өлшеу, гинеколог-дәрігердің қабылдауына қалмай барып тұруға кеңес беріледі.

Сіздің өмір сүру дағдыңыз бен дұрыс тамақтануыңыз – балаңыздың денсаулығының кепілі екенін әсте естен шығармаңыз!

#дұрыс тамақтану #жүктілік

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер