Жаз мезгіліндегі тұмаудың қаупі

Дені саудың - жаны сау

Жаздыгүні тұмаумен көбінесе жаңбырлы күндері ауырады. Себебі, тұмау вирусы ыстық ауа-райын жақтыра бермейді, жойылып кетпесе де, өте баяу тарайды. Бірақ, табиғатта сол тұмау симптомдарын шақыратын басқа да түрлі вирустар бар. Олар күннің ыстығына қарамай, белсенді тіршілік етіп,  адамдарға зиянын тигізіп келеді.

Вирусты гастроэнтерит

Жөтел, тамақтың қышуы, температураның көтерілуі... Аяқ астынан іш өтіп, лоқси бастайды. Көпшілігімізге бұл ауру асқазан вирусы деген атаумен таныс. Ал дәрігерлер оны вирусты гастроэнтерит деп атайды. 

Таралуы

Аурудың бұл түрін тудыратын вирустар саны он мыңнан асады. 30–40% жағдайларда ол кәдімгі тұмау секілді жөтелгенде сол сияқты түшкіргенде ауа-тамшылары арқылы таралады. Сондай-ақ, бұл дертті ыдыс, күнделікті заттар мен сырқаттанған адам жасаған тамақ арқылы да жұқтыруға болады. Тағы бір жұқтырудың ең оңай тәсілі экскалаторда ұстап тұрып немесе лифт түймесін басып, қолды жумай бәліш жедіңіз делік... Бітті... Сіздің организміңіз вирус жұқтырды. Тағы бір таралатын жер ол – шомылатын жерлер.  Мұндай вирустарды тез жұқтыратын адамдардың қатарына гастрит немесе гастродуодениті барларды қосып қоюға болады.

Не істеу керек?

Егер жоғары температура алқымыңыздан алса, ыстық түсіретін таблеткалар қабылдаңыз. Ал іш өту мен құсу байқалса организмдегі сұйықтықтың орнын толтыратын препараттар пайдаланыңыз. Олардың кейбірінде ішектерді дизенфекциялаушы түймедақ сығындысы кездеседі. Егер осы жайсыздықтар 2-3 күнге созылса, тез арада дәрігер қабылдауына жазылыңыз.

ЕСКЕРТУ! Іш тиятын дәрі ішіп жүрмеңіз. Ағзаңыздың токсин мен миробтардан құтылуына кедергі келтірмеңіз. Антибиотиктермен бекерге ағзаңызды әлсіретпеңіз. Вирусттарға оның ешқандай әсері жоқ.

Ішек инфекциясы

Бұл – жөтел мен тұмауды шақырмайды және температураны көтермейді. Ішек инфекциясының басты симптомдары: сұйық нәжіс, құсу, іш ауруы, әлсіздік. Вирусты гастроэнтерит вирус жұқтырған соң, 2-3 күннен кейін ғана белгі бере бастаса, бұл инфекция бірден-ақ, жайсыздықтар әкеледі.

Таралуы

Бәрі оның қоздырғыштарына тікелей байланысты. Эшерихия бактериялары тудыратын диарея бұзылып кеткен айран мен йогурттарды ішкенде пайда болады. Сол сияқты ет, жұмыртқа, шұжық пен сосискадан да келетін қауіп жоғары. Сонымен қатар инфекция дұрыс жуылмаған жеміс жидек пен көкіністе де болады.

Не істеу керек?

Сулы-тұзды сұйықтықты мейлінше көп қабылдау керек. Диареяға қарсы препарат қабылдауға болады. Ал іштің ауруына қарсы түйілуді басатын дәрі ішуге рұқсат етіледі. Егер бір тәулікте жағдайыңыз жақсарса, антибиотиктер қабылдаңыз. Ішіңіздің өтуі тоқтаса, қайнаған тамақ, майсыз ет, балық, суға піскен ботқа жеу қажет.

ЕСКЕРТУ! Ауырып жүрген кезде алкоголь, кофе, шырынды сусын, жаңа піскен көкіністер жемеген жөн. 

 ЖРВИ

ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялар) тұмаумен салыстырғанда өте кең таралған. Оның симптомдары нақты қоздырушысына байланысты болып келеді. Мәселен, риновирус тұмауңа әкеледі, аденовирус – температураны көтеріп, қалтыратып, тамақты ауыртып, лимфоз бездерін қабындырады.

Таралуы

Біріншіден ауырып жүрген адамнан жұқтырсақ, екіншіден, оның қоздырушылары тіпті сау адамдарда да жүре береді. Яғни, өзімізде де. Бірақ, біздің иммун жасушаларымыз дес бермей, инекцияны шырышты қабатта ұстап тұрады. Ал иммун жасушалары әлсіреген кезде (өкпек жел, кондиционер, ыстық күнде мұздай су ішу) әлгі инфекциялар ағазаға түсіп, тұмау тигізеді.

Не істеу керек?

Жаз бен қыс мезгіліндегі тұмауды емдеудің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Температураңыз көтерілді ме? Суды көп ішіңіз. Біріншіден, ыстық (іштегі және көшедегі) организмді құрғатады. Ал су ағзадағы зиянды заттарды тезірек сыртқа шығаруға көмектеседі. Қабылдағалы жатқан сұйықтығыңыз қатты ыстық болмауы қажет, жылы болса жеткілікті. Инфекцияның алғашқы белгілерін байқай сала, вирусқа қарсы препараттар қабылдағаныңыз дұрыс. Оған қосымша жеміс-жидек пен көкөніс диетасына отырып, иммунитетті көтеру міндеттеледі. Ал тамақтың ауырғанына қарсы антисептиктер мен шөп тұнбасын ішкен дұрыс. Ингаляцияны ыстығыңыз басылғанда, тек кешкілік уақытта жасаңыз.

ЕСКЕРТУ! Антибиотиктер пайдалануға қатаң тыйым салынады, себебі олардың вирусқа ешқандай әсері жоқ. Олар тек асқынған кезде ғана көмек беруі мүмкін, бірақ оны дәрігер анықтайды.

 

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер