Ұйқы туралы сіз білмейтін 9 факті

Өмірді жеңілдету үшін үш нәрсе жеткілікті: күлкі, ұйқы және үміт

Біз ұйқының бірнеше кезеңдерінен өтеміз

Алғашында қалғып, айналамызда не болып жатқанын еміс-еміс білетін баяу кезең басталады. Содан соң, екінші, үшінші ұйқы кезеңдерінен өтеміз. Осы уақыттары біз түс көреміз. Толық бір кезең шамамен 90-120 минутқа созылады, бір ұйқыда 4-5 рет қайталануы мүмкін.

Миымыз қоқыстан тазарады

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, ұйқы кезінде артық нәрселерді жою жүйесі іске қосылады. Мидан жұлын сұйықтығы айдалады. Осының арқасында улағыш заттар сыртқа шығарылады. Мәселен, Альцгеймер синдромы мен деменцияға ұшырататын күні бойы жиналған молекулярлық қоқыстан тазарамыз.

Жадымызда жаңа ақпараттар орнығады

Ми ақпараттарды қысқа мерзімді жадтан, ұзақ мерзімді жадқа «лақтырады». Бұл әсіресе, оқып жүрген жандар үшін өте пайдалы. Егер сіз емтиханға дайындалып жүрсеңіз, бірінші кезек ұйқыны қандырғаныңыз дұрыс.

Уақытша қимыл-қозғалыстан айырыламыз

Тез ұйқы кезеңінде миымыз қимыл-қозғалысқа жауап беретін нейрондарды істен шығарады. Бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін керек. Дәл осы ұйқы кезеңінде артық қимылдар жасамаймыз. Бұл шамамен 20 минутқа созылады.

Ми энергия қорын толтырады

Организмге, сол сияқты миымызға жақсы жұмыс істеу үшін қалыпты ұйқы керек. Егер ұйқымыз қанбаса, аштық гормоны грелин бөліне бастайды. Сол себепті калориясы көп азық-түлікке тәбетіміз ашылып кетеді.

Біздің қозғалыс дағдымыз автоматтандырылады

Тез ұйқы кезеңінде біздің миымыз қозғалыс дағдысынан келген мәліметтерді жинайды. Мәліметтер мида толық шоғырланғанда біз ол туралы ойламасақ та болады. Сіз оны автоматты түрде орындай бересіз. Сол үшін жақсы билеп, жақсы теннис ойнағыңыз келсе, көбірек ұйықтаңыз.

Маңызды шешімдер шығарамыз

Егер бір шешімге келе алмай қиналсаңыз, ұйықтап алыңыз. Ғалымдардың айтуынша, ұйқы кезінде біздің миымыз қиын проблемаларды шешумен айналысады. Ұйықтап тұрған соң, бір шешімге келу оңай болады.

Біз шынайылықтан алыстаймыз

Терең ұйқы кезеңінде миымыз қоршаған ортадан алшақтайды. Адамдардың сандырақтауы, өзінен-өзі тұрып-жүруі осы кезеңмен байланысты. Ұйқы проблемасын зерттеген Америка ұлттық фондының мәліметінше, осындай аномальды жайттар біздің ұйқымыз қанбаған кезде көп орын алады. Сол үшін кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау қажет.

Шығармашылық әлеуетіміз артады

Берклидегі Калифорния университетінің оқытушылары ұйқы кезінде мидың деректер арасындағы алыс байланыстарды іліп алатынын зерттепті. Ал күндіз біз оларды тіптен елемейміз. Ұйқыдан кейін тәжірибеге қатысқандардың 33 %-ы креативті шешімдер шығарған.

Материал автордың рұқсатымен жарияланды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер