Мысық асыраудың ғылыми дәлелденген 10 себебі

«Мысықтар өз мысығын кезіктірмеген адамдарды ұнатпайды»  (Дебора А. Эдварс)

Мысық асыраудың сізге қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Ғалымдар олардың біздің өмірімізге әкелер өзгерістері туралы зерттеп көріпті.

Жүрегіңіз сізге алғыс айтады

Кешкілік жұмыстан келгенде, сіздің алдыңыздан еркелеп шыққан мысығыңыз бар шаршауыңызды басып, көңіл-күйіңізді көтеріп, күйзеліс деңгейін түсіреді. Ал күйзеліс жоқ жерде, жүрек пен қантамырлар жүйесіне түсетін салмақ азаяды. Мысығы бар адамдардың жүрек-қан тамыр ауруларына аз шалдығатыны белгілі болды. Сол сияқты ғалымдар жүрегінде ақауы бар жандарға мысық асырап алуға кеңес береді.

Бұлшықеттеріңіз бен сүйектеріңіз күштірек бола түседі

Бұл үшін мысықты қолыңызда ұстап, көтеріп жүрудің еш қажеті жоқ. Сіз тек ол пырылдағанша, сипап отсаңыз жеткілікті.

Пырылдаудың дыбыс жиілігі 20-140 ГЦ. Зерттеушілер 18-35 Гц.диапазондағы жиілік бұлышқеттер мен сүйектерді жарақаттан кейін жақсаруына ықпал етеді. Сондай-ақ, бұлшықеттердің атрофиясынан сақтайды. Бұл – бимеханикалық ынталандыру терапиясы. Бұған дейін мысықтың нағыз физиотерапия екенін біліп пе едіңіз?

Ер адамдардың табынушылары көп болады

90 % әйелдер үй жануары бар ерлерді мейірбан, қамқор ретінде елестетеді. Сол үшін нәзікжандылар ондай ерлермен кездесуге еш қарсылығын білдірмейді.

Адамдармен араласуыңыз жақсара түседі

Ғалымдар үйінде мысығы бар аутист балалардың әлеуметтік қарым-қатынасқа жақсы түсе алатынын байқады. Мысықтар қоршаған ортамен байланысуға, адамдармен араласуға үйретеді. Кімде-кім тұйық, адамдармен араласу қиындық туғызса, мысық асырасын.

Инфекция жұқтырып алу қауіптілігі төмендейді

Мұртты-жолақты мысықтар балалардың иммнудық жүйесін нығайта түседі. Кең таралған ауралардан сақтануға ықпал етеді.

Аллергия да болмайды

Сіздің мысыққа аллергияңыз болмаса, онда мысығыңыз басқа да тітіркендіргіштерге қарсы тұруға көмектеседі. Бұл байланыс ғылыми дәлелденген. Мәселен, көбірек мысықпен ойнаған баланың аллергиясы мен демікпесі болмайды.

Психикалық түрде мықтырақ боласыз

Бірнеше жыл бұрын британдық Cats Protection компаниясы мысығы бар-жоғына қарамай, 600 адам арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама дәлелдегендей, олардың  бір бөлігі психикалық бұзылыстарға ұшыраған болып шықты.

Сауалнамаға қатысқан адамдардың 87 %-ы психологиялық көңіл-күйіне үй жануарының көмегі зор екенін айтқан. Ал 76 %- күнделікті күйзелістен шығуға мысықтарының тигізер пайдасы барын  қоса кеткен.

Сіз жалғыздықтан жапа шекпейсіз

Барлығымыздың өмірімізде жалғыздық пен әлеуметтік шеттету кезеңі өтіп жатады. Әсіресе, басқа қалаға, бөтен елге қоныс аударғанде осындай келеңсіздікке тап келуіміз мүмкін. Қиын күндері үй жануарыңыз сізді жалғызсыратпайтын болады.

Ақылдырақ бола түсесіз

Бұл әрине, жанама мағынасында айтылып тұр. Десек те, ғалымдар иттері бар адамдарға қарағанда мысықты асырайтындардың интеллект коэффициенті жоғары екенін алға тартады. Сондай-ақ, олар тәуелсіз, салмақты болып келеді.

Ұйқыңыз тыныш болады

Жатын бөлмесінде мысығы ұйықтап жатқан адамдардың ұйқысы тыныш болады екен. Сауалнамаға қатысқандардың 40 % осылай жауап берген.

Мұны Мэйо клиникасының ұйқы зерттеушісі Лоис Кран (Lois Krahn) да дәлелдей түседі.

#мысық #мысық асыраудың пайдасы
Материал автордың рұқсатымен жарияланды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!

Комментарий

comments powered by HyperComments

Похожие материалы

Партнёры