Менингит туралы 7 миф

Менингиттен қорықсаңыз, ол туралы көбірек біліңіз

Менингит бас киім кимегеннен пайда болады

Бастан суық өтсе, менингитке ұшырауымыз мүмкін. Бірақ, бұл тікелей себепкері емес.

Менингит – бас ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Бұл дертті тудыратын бірнеше себептер бар:

- Вирустар. Менингит тұмаудың, герпестің, сол сияқты поратиттің асқынуынан туындауы мүмкін;

- Бактерия. Менингококк инфекциясын тудыратын «арнайы» бактериялар бар. Сол сияқты туберкулез, пневмококкты және гемофильді инфекциялар менингит ауруына ұшыратады;

- Саңырауқұлақтар, паразиттер, жалғыз жасушалы жәндіктердің типі. Бұл аталғандар да өте қиын жазылатын менингит ауруына алып келуі мүмкін.

Оның негізгі берілу жолы - ауа-тамшылары, бірақ кей бактериялар ескірген су мен бұзылған тамақ арқылы организмге өтеді.

Тоңған құлақ не қалпақсыз жүру бас менингитіне себеп болмайды.

Десек те, суықта жүріп, иммундық қорғанысыңызды нашарлатып алсаңыз, ағзаңыз бактериялар мен вирустарға қарсы күш таба алмай, сырқаттанып қалуыңыз ғажап емес. Сақтықта қорлық жоқ.

Менингит – балалар ауруы

Бұл жаңсақ пікір. Ауру адам таңдамайды. Балалармен қатар, ересек адамдар да ауыра береді. Бірақ, бұл дертке шалдығу көрсеткіші кішкентай бала мен қарт адамдарда, ВИЧ-инфекциясы бар және химиотерапиядан өткендерде жоғары болады. Себебі иммунитеті әлсіреген аамның дертке шалдығу ықтималдығы жоғарырақ. Туылғанына бір ай болмаған шақалақтар мен 3-8 ай аралығындағы балаларға аса сақ болған жөн.

 

Менингит симптомы бастың ауыруы

Бас ауруы – менингиттің бір ғана белгісі. Симптомдардың басқа да түрлері жеткілікті. Кішкентай бала өз сезімін, жай-күйін дұрыс айтып жеткізе алмауы мүмкін. Сондықтан баланың ауруға шалдығу белгілері келесідей:

Балалардағы менингит симптомдары:

- Мазасыздану;

- Тамақтан бас тарту;

- Жоғары температура;

- Әлсіздік, ұйқышылдық;

- Лоқсу.

Бұл симптомдар көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан бала ауырса, өз бетімен емдегеннен гөрі, дәрігерге көрсетіп, кәсіби ақыл-кеңес алған жөн.

Ал ересектердегі симптомдар:

- Жоғары температура;

- Бас ауруы;

- Мойынды қозғалта алмау;

- Жарықтан қашу, жарық басты одан сайын ауырта түседі;

- Ұйқышылдық, тіпті оятудың өзі қиынға соғу;

- Жүректің айнуы, лоқсу.

Менингококкты инфекцияның негізгі симптомы – өзгеше геморрагиялық бөртпе. Бұл бөртпелер көгерген сияқты немесе қан ұйығындай болып көрінуі мүмкін. Олар басында кішкентай дақ секілді болып, кейін келе ұлғая түседі.

Оның қауіптілігін білу үшін «шыны стақан» диагностикасын жүргізіңіз. Яғни, шыны ыдысты алып, дақ қаптаған терінің үстіне қоясыз. Егер олар стақан ішінен көрініп тұрса, тез арада жедел жәрдем шақыру қажет. Медицина қызметкеріне дақтар туралы міндетті түрде ескертіп айтқан жөн. Бұл – үлкен қауіптің алдын алады.

  

Менингит кедей елдерде ғана болады

Өмір сүру деңгейі төмен мемлекеттерде расымен де менингитпен ауыратындар көбірек. Жалпы менингит – аз кездесетін инфекция, бірақ ол туралы ұмытып кетуге болмайды. 5 тен 10 %-ға дейінгі ересек адамдар менингококктың тасымалдаушысы. Олар өздері ауырмағанымен, басқаларға жұқтыруы мүмкін. Тар әрі жабық жерлерде, мәселен балабақша, мектеп, казармаларда жұқтыру қаупі жоғары.

 

Менингит жазылмайды

Ілгеріде менингиттің бірнеше типі барын айтып кеттік.

- Вирусты менингит өзі кетуі мүмкін. Ол тұмаудан немесе герпестен пайда болса, соған орай дәрігерлер вирусқа қарсы дәрілер қолдана алады.

- Бактериялы немесе саңырауқұлақты менингитке антибиотиктер көмектеседі.

Қалай болғанда да, менингитті арнайы ауруханада дәрігердің бақылауында емдеу қажет. Менингит емделеді. Тек емнен кейін біраз уақыт өмір салтыңызға, ас мәзірінңізге өзгеріс енуі мүмкін.   

  

Менингиттің екпесі жоқ

Менингиттен 100% сақтайтын екпе расымен де жоқ. Дегенмен, кей вирус пен бактерияларға қарсы екпелерді қабылдауға болады.

Менингококк екпесі

Бұл – менингитке ұшырататын негізгі инфекциялардың бірі. Оның түрлі бактерияларына қарсы екпесін балалармен қатар ересектердің де қабылдауына болады.

Пневмококк екпесі

Бұл екпелер қатарына жақында ғана еніп отыр. Балаларға арнайы жоспар бойынша салынады, ал ересектер қажеттілігіне қарай қабылдайды.

Гемофильді инфекция екпесі

Бұл екпе бірнеше ауруларға қарсы тұруға көмектеседі.

Тұмау екпесі

Темеу екпесі тегін, сол сияқты ақылы түрде қабылдауға болады. Ол арқылы тұмаудан сақтанып қоймай, менингиттің де алдын алуға болады.

 

Менингитпен ауырғандардың бәрі мүгедек болып қалады

Шын мәнсінде менингитпен ауырғандардың 80% астамы құлан таза айығып кетеді. Ал бактериялды менингитке шадығып, ауруы асқынғандарда  есту қабілетінен айырылу, жадтың нашарлауы, зейіннің шашырауы, қимыл мен координацияның бұзылуы сияқты салдар қалуы мүмкін.

Десек те, өз уақытында дәрігерге қаралып, ем қабылдасаңыз, бірнеше аптадан соң шапқылап кетуіңіз әбден мүмкін. 

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер