Есте сақтау қабілетін жақсартатын 11 әдіс

Жадыңызды жақсартқыңыз келсе

Тәттіні азайтыңыз

Тәттіні шектен тыс тұтыну денсаулыққа зиян. Бұған қоса есте сақтау қабілетіне де тигізер зиянды бар екені тағы белгілі. Зерттеу көрсеткендей, жүйесіз тамақтану бірінші кезекте есте сақтау қабілетін нашарлатып, мидың жұмысына әсіресе есте сақтау бөлігінің қызметін баяулататыны анықталған.

Рационыңызға балықтың майын қосыңыз

Балықтың байы омега-3 дәруменіне бай болғандықтан жүрек қан-тамыр ауруларының қаупін сейілтсе, бір жағынан шаршау, әр нәрсеге алаңдау сынды күйден арылуға көмектеседі. Балықтың майын тұтыну есте сақтау қабілетін жақсартады. Әсіресе жасы келген адамдар үшін таптырмайтын ем.

Медитацияға уақыт табыңыз

Медитация адамды тыныштандырады, ауруды басып, қан қысымын түсіреді. Ұдайы медитацияға уақыт бөле білсеңіз, жылдар жылжи келе есте сақтау қабілетіңіздің артып, кез-келгені нәрсені үйренуге деген қабілетіңіздің күшейгенін аңғарасыз. Медитация әсіресе қысқа уақытты жадыға сақтау қабілетін күшейтеді. Тайвань колледжінде зерттеу жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде медитивті практика жасаған студенттердің өзге курстастарына қарағанда сабаққа деген үлгерімі жақсарып сондай-ақ есте сақтау қабілеттері артқаны байқалған.

Салмағыңызды бақылауда ұстаңыз

Артық салмақ – есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізе отырып, мидағы геннің жадына зиянын тигізу қаупі бар. Ғалымдар экперимент барысында 18 бен 35 жас аралығындағы адамдарды бақылаған. Нәтижесінде салмағы жоғары жандар тапсырған тесттің қорытындысы олардың есте сақтау қабілеті өте төмен екендігін көрсеткен. Бұған қоса артық салмақтың Альцгеймер ауруына шалдықтыру қаупі жоғары.

Ұйқыңыз қанық болсын

Ұзақ уақыт ұйқыңыз қанбай қарбаласта жүретін болсаңыз есте сақтау қабілеті сөзсіз төмендеп кетті дегенге сенімді болыңыз. Дәл түнгі ұйқы қысқа уақытты есте сақтау қабілетін жақсартып, ұзақ уақытқа есте сақтай алатын функцияны жетілдіреді. Зерттеушілер 40 балаға экпермиент жасап, ұйқының әсерін білуге тырысқан. 10 мен 14 жас аралығындағы балаларды екі топқа бөліп, бір топты тест тапсыруға кешке дайындап, таңертең жауап алған. Ал, келесі топ сол күні күнбе-күн тес тапсырған. Сонда түнде тыныққан балалардың тест нәтижесі 20% жоғары екенін көрсеткен.

Ал, келесі бір мейірбикелер арасында өткізілген экперимент барысында түнгі ауысымда жұмыс істейтін мейірбикелер математикалық тапсырманы орындағанда күндізгі ауысымда жұмыс істейтін әріптестеріне қарағанда төмен нәтиже көрсеткен. Сол себепті күніне түнде 7-9 сағат ұйықтау керек. Түндегі ұйқыны ештеме алмастыра алмайды.

Алкогольді аз тұтыныңыз

Алкогольдің жалпы денсаулыққа зияны көп. Әлбетте есте сақтау қабілетіне де тигізер зияны аз емес. Ғалымдар колледжде оқитын 155 бірінші курс студенттеріне экперимент жасап көрді. Алкоголь ішетін жастардың тест көрсеткіші нашар шықса, ішімдікті аузына мүлде алмаған студенттердің нәтижесі әлдеқайда жақсы екенін анықтап берген. Алкогольдің нейротоксиндік әсерінен мидағы гиппокампқа зияны тиеді. Ол бөлшектің есте сақтау қабілетіне тікелей әсері бар.

Миыңызды жиі жаттықытырыңыз

Түрлі тапсырмаларды орындау есте сақтау қабілетін жақсартады. Мәселен, кроссворд, түрлі мобильді ойындар, есептер миды жаттықтырады.

Тазартылған көмірсуларды аз тұтыныңыз

Зерттеу нәтижесі рационында тазартылған көмірсулардың жоғары мөлшерде болуы когнитивті функцияны әлсірететінін көрсеткен. Ғалымдар 317 баланың қатысуымен тәжірибе жасап көрген. Күріш, лапша, фастфуд сынды өңделген көмірсулар тұтынған балалардың есте сақтау қабілеті нашарлағанын аңғартса, керісінше таңғы асқа тәтті үлпек жеген ересектердің есте сақтау қабілеті одан да нашар екенін көрсеткен.

D дәруменінің көлемін тексеріңіз

Егер ағзадағы D дәрумені азайып кетсе, алдыңғы кезекте есте сақтау қабілетіне әсер етеді. Көп жағдайда D дәруменінің жетіспеушілігі климаты суық елдерге тән.

Қабынуға қарсы тағамдар тұтыныңыз

Қабынуға қарсы тағамдар қатарына жеміс-жидек, көкеністер, шәй жатады. Шәй иммундық жүйені белсенді етеді. Кімде-кім көкеністер мен жеміс-жидектерді көп тұтынса, есте сақтау қабілеті арта түседі.

Шокалад жеңіз

Шокаладтың құрамында флавоноид атты антиоксидант бар. Оның миға пайдасы зор. Флавоноидтар нейрондардың өсімін белсенді етіп, мидағы қан айналымды жақсартады. Шокалад тұтынғанда мүмкіндігінше құрамында 70% какао бар шокалад таңдаңыз.

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер