ТОР-5. Арықтауға арналған дәрілер

Дәрілерді қолданбас бұрын дәрігермен кеңесіңіз

Бүгінде артық салмақпен күрес актуал проблемалардың біріне айналды. Бір қарағанда бұдан қарапайым дүние жоқ сияқты. Арықтағың келсе - аузыңды тый. Алайда жылдам жиналатын килограмдар "шелектеп" тер төккеннің өзінде грамдап кетеді. Оның өзі уақыт пен күшті талап етеді. Сондықтан да арықтаудың ең оңай жолы - жарнамадағы препараттар сияқты. Фармацевтикалық компаниялар ғалымдармен бірлесе отырып, ең тиімді аздыратын дәрілердің топтамасын жариялады. Осындай дәрілердің пайдасы мен зиянын таразылап, интернет желісіндегі пікірлер мен кеңестерді шолып шықтық.  

Ксеникал

Қауіпсіз препарат ретінде танымал, бір жыл немесе одан да көп уақыт қолдануға әбден болады дейді өндірушілер. Зияны басқа дәрі-дәрімектерге қарағанда аз деп бағаланады.

Орташа бағасы – 8000 тг

Құрамы: орлистат, карбоксиметилкрахмал натрийі – 7.20 мг, повидон К-30 – 12.00 мг, лаурилсульфат натрийі – 7.20 мг, тальк – 0.24 мг

Әсері: ішке түскен соң липазаларды бөгейді, ол артық майдың бөлінуіне кедергі жасайды.

Жағымсыз әсері: іштің ауыруы, іштің кебуі. Сол сияқты қабылдаған тамақтағы майлар ағзаға сіңіп кетпей, ішек арқылы сыртқа шығады. Соның кесірінен жайсыздық, қолайсыздық болуы мүмкін.

Қосымша. Аяғы ауыр әйелдерге қолдануға болмайды. Қолданар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңескен жөн.

Эко Слим (Eco slim) көпіргіш таблеткалары

Эко Слим көпіргіш таблеткаларды алғаш қолданғаннан бастап, тамаққа деген тәбетіңіз қашады. 8-9 сағатқа дейін қарныңыз ашпауы мүмкін. Осылайша күнделікті қолданатын тамағыңыз екі есеге азаяды. Осының есебінен арықтау процесі жылдам жүреді.

Орташа бағасы – 5300 тг

Құрамы: гуаран сығындысы, кофеин, В тобындағы дәрумендер, шайыртас қышқылы, хитозан, фукус және т.б.

Әсері: 100 % табиғи өнім. Өндірушілер ай сайын 10-12 келіге дейін арықтауға болады дейді. Эко Слим таблеткаларын қабылдағанда енжарлық болмайды, керісінше адамды сергек етіп, қуатты арттырады екен. Жүрек пен жүйке жүйесіне зияны жоқ.

Жағымсыз әсері: кей тұтынушыларға аллергия беріп, қолданғанда жиі жүрек айнуы мүмкін.

Қосымша. Аяғы ауыр әйелдерге қолдануға болмайды.

Редуксин

Артық салмақтан арылуға таптырмайтын бұл препаратты тек дәрігердің рұқсатымен қолдануға болады. Редуксинді психогенді семіздікке қарсы қолданады. Әсіресе қалқанша безіндегі гормонның жетіспеуінен туындайтын семіздікке тиімді екен.

Бағасы – 3 000 тг бастап, 40 000 тг дейін.

Құрамы: белсенді зат целлюлозалы субутрамин, титан диоксид бояғышы, эритрозин бояғышы, желатин, сибутрамин гидрохлорид моногидраты.

Әсері: редкусин зат алмасуды жылдамдатып, майдың тез ыдырауына жағдай жасайды. Сондай-ақ, редуксин аралық мидағы аштық процесіне жауап береді. Аштықты сездірмейді, соның әсерінен тамақты аз ішесіз.

Жағымсыз әсері: жүрек-қан тамыр жүйесіне кері әсері бар.

Глюкофаж

Глюкофаж – бигуанидтер тобынан тұратын ішуге арналған гипогликемиялық препарат. Инсулинге деген сезімталдықты арттырып, глюкозаның бұлшықет торына сіңуіне ықпал етеді.

Бағасы – 1200 тг басталады

Құрамы: метформина гидрохлорид, стеарат магния

Әсері: бауырдағы глюконез жұмысын бәсеңдетіп, ішекке көмірсудың сіңіп кетуіне жол бермейді, липидтердің алмасуына ықпал етеді.

Жағымсыз әсері: бүйректің жұмысына кері әсер етуі мүмкін, сондай-ақ кей созылмалы аурулардың асқынуына әкеп соқтырады.

Қосымша. Күніне 500 мг глюкофажды тамаққа дейін 3 рет қолдануға болады. Перпаратты курс бойынша қолданған дұрыс. Бір курс 3 аптадан аспауы керек.

«Таблетки для похудения»

2015 жылы үздік арықтататын дәрі ретінде танылған. Ол тәбетті нашарлатады. Дәріні қабылдаушылар аштықты мүлде сезінбей, тамақты екі есе аз ішетін болады.

Бағасы – 8000 тг

Құрамы: Chinese red tea, Gallic acid, Glutamic acid, Aspartic acid, Leucine, L-Theanine, Theobromine, Theophylline

Әсері: аюроведикалық медицинада қолданатын өсімдіктер болғандықтан әсері алғаш қолданнан күннен-ақ байқалады, күнделікті тұтынатын калорияңыз 30%-ға төмендейді. Тамаққа тәбет тартпайды, қарныңызды да аштырмайтын «сиқыры» бар. Ағзаға түсіп жатқан калория аз болғандықтан, организм өзіндегі майды жей бастайды. Арықтау процесі осылай басталады.

Жағымсыз әсері: кей тұтынушыларға мүлде әсер етпеуі мүмкін, асқазандағы кей созылмалы ауруларды қоздыруы ғажап емес.

Қосымша. 14 жасқа дейінгі балалар мен 60 жастан асқан адамдарға қолдануға болмайды. Сол сияқты асқазан жарасы, гастрит секілді ауруы барларға да рұқсат етілмейді.

Жылдам әсердің жағымсыз жақтары

Ілгеріде көрсетілген дәрілердің қаншалықты пайдасы немесе зияны барын нақты айту қиын.  Себебі, қолданушылардың пікірі алуан. Интернетте жазылған әр пікірдің артында кім тұрғанын анықтау да оңай емес. Препараттың сипаттамасы жазылған кез келген мақаланың астында өндіруші фейктерінің пікірлері де жүруі мүмкін. Сондықтан кез-келген пікірге имандай сенбеңіз. Ал арықтаған адам жетістікке препараттың емес, өз жігер, қайратымен, арқа терімен жеткенін айтқанды жөн көреді. Сондықтан редакция қызметкерлері өз таныстарынан сұрастырған болатын. Бұл пікірлер төмендегідей:

Әмина: Қаншама дәрі-дәрімекті алып іштім, әрине олардың әсері болмады деп айта алмаймын. Жарты жылдың ішінде бірнеше келі салмақтан арылдым. Сонымен қатар, денсаулығым да нашарлай бастады, бүйрек, бауыр, ішек жолдары, асқазаным... арықтағанымды қайтейін, он есе ауру қосып алдым. Сондықтан, дәрімен арықтауға кеңес бермеймін.

Лена: Арықтауға арналған Трубослим деген дәрі сатып алып, қолдана бастадым, азған түгім жоқ, қайта бүйректерім ауыра бастады. Қолданған алғашқы күннен бастап ұйықтай алмадым. Бет терісі де өзгере бастады. Бірден ішуді доғардым. Қазір денсаулығым түзеліп келеді.

Ольга: Мен адамдардың өз денсаулығына жаны ашымайтынына таң қалам. Менің салмағым 138 келі еді. Қазір аздап ссалмағым төмендеді. Бірақ идеалға әлі алыс. Дәрігерлер бұл дәрілерді артық майдан арылу үшін, турасын айтқанда семіздікпен ауыратындарға береді. Ал фитнеспен бір айда кетіруге болатын 5-6 килограмға бола дәрі ішіп, өздеріне ор қазатындарды түсінбеймін.   

Осы мақала авторы ретінде айтарым, мұндай дәрілерсіз қалай арықтаймын деп бас қатырудың еш қажеті жоқ. Бұл препараттар синоптиктер болжамы сияқты: арықтатады немесе ешқандай әсері болмайды. Ақшаңызды беріп сатып алу оп-оңай, ал әсері болмаса жұмсаған қаржыңызды ешкім қайтарып бермейді. Оның үстіне денсаулығыңызға да зиян келуі мүмкін. Екі есе шығын! Оның орнына спортпен шұғылданыңыз, фитнес залдарына барыңыз, әрі көңіліңізді көтеріп, психикалық жағдайыңызды жақсартады. Дене бітіміңіз, сымбатыңыз көріктене түседі. Ал қалтаңыз көтермейді деген сылтау ғана. Қазір интернетте үй жағдайында жасайтын жаттығулар жетерлік.

#арықтау #арықтауға арналған дәрі #аздыратын дәрі #қалай арықтауға болады?

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер