Головкиннің келесі қарсыласы жайлы не білеміз?

13.04.2017

Мамандар WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Альваресті (48-1-1, 34 КО) қазақстандық WBA (Super), IBO, WBS и IBF (37-0, 33 КО)  тұжырымдары бойыша Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы деп болжайды. Жоспар бойынша Геннадий Головкин 10-маусым күні Астана қаласында осыған дейін жеңілмеген британдық Билли Джо Сондерспен кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшы бұл кездесуден бас тартып, оның орнына қыркүйек айында көпшілік күткен Сауль Альвареспен жұдырықтасады деген болжам бар. Сонымен атышулы мексикалық «сары жігіт» жайлы не білеміз?  Назарларыңызға Сауль Альварес туралы қызықты деректерді ұсынамыз.

  • Толық аты-жөні — Сантос Сауль Альварес Баррахан

  • Лақап аты: Canelo (сары)

  • 1990 жылы Мексиканың Гвадалахара қаласында дүниеге келген. (Головкиннен 8 жас кіші)

  • Кәсіпқой рингте 48 кездесу өткізіп, оның 46 жеңіске жетіп, бір рет жеңіліп және бір рет тең түскен. 

  • Сауль Альварес кәсіпқой рингке ең алғаш 15 жасында көтеріліп, сол жылы екі қарсыласын да нокаутпен ұтқан.

  • 2011 жылы британдық Мэтью Хаттонды ұпай санымен жеңіп, WBS тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген атақты ұтып алды.

  • 2013 жылы жиырма жастан енді асқан Сауль Альварес атақты Флойд Мэйвезермен кездесті. Бұл жекпе-жек сол уақытта ең көп қаражат жинаған кездесу (150 млн $) деп танылды. Кәсіпқой рингте жеңілмеген Флойд Мэйвезер жас қарсыласынан 

  • Осыдан кейін мексикалық боксшы Мигель Котто, Амир Хан секілді атағы жер жарып тұрған боксшылармен кездесіп, жеңіс тұғырынан көрінді. 

  • 2016 жылдың мамыр айында Альварес WBS тұжырымы бойынша Геннадий Головкинмен кездесуі керек еді. Алайда Альварес дайындыққа берілген аз уақытты сылтауратып, жекпе-жектен бас тартты. Осылайша WBS тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген атақ Головкинге өтті. 

Тағы да оқитындарыңыз