«Егемен Қазақстан» газетіндегі спорт тақырыбы

23.09.2017

Еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде салауатты өмір салтының бір көрінісі ретінде спорт тақырыбы кең ауқымды көтеріледі. Бұл тақырыпқа арналған арнайы «Спорт» айдары бар.

Енді осы айдарда жарық көрген бірқатар мақаларға тоқталып өтсек.

«Егемен-ақпараттың» әзірлеуімен «Бердіқұлов турнирі», Алмас Манаптың «Балуандар белдесуі», Дамир Қожамқұлдың «Сарыарқа-Братина кубогының иегері»,  Думан Анаштың «Барқытбелдегі балуандар бәсекесі»,  Егемен-ақпараттың дайындауымен «Жарыстар жаңғырығы», Айнаш Есалидің «Стритбол»,  Жігер Әзбергеновтің «Қамданған қапы қалмайды», Дастан Кенжалиннің «Спорт», Гүләйім Шынтемірқызының «Маңғыстау боксшылары Бакуде топ жарды», Қанат Ескендірдің «Толағайлар шеруі», Дастан Кенжалиннің «Боксшылардың дәстүрлі бәсекесі», Жолдасбек Шөпеғұлдың «Азия чемпионы атанды», Мемлекеттік қызметкерлер дене дайындығын анықтады,  Дастан Кенжалиннің «Дычко-жеңімпаз», Егемен-ақпараттың әзірлеуімен  «Жалаулы жарыстар», Егемен-ақпарат әзірлеген «Атыраудың мүгедек волейболшылары Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленд»і, Венера Түгелбайдың «Ойдене» деген өнер бар»,  Әбдрахмен Қыдырбектің «Дәстүрлі турнир дүркіреп өтті»,  Дастан Кенжалиннің «Азия додасы: әзірше үш алтын жүлде»,  Дастан Кенжалиннің «Басты мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту»,  Дамир Қожамқұлдың «Қазақстандық 7 боксшы әлем чемпионы атанды» сынды авторлардың мақалалары жарық көрді.

Еліміздің саламаттылығын насихаттау мақсатында жарық көрген салауатты өмір салты бағытындағы мақалаларды «Егемен Қазақстан» газетінің бетінен көптеп кездестіруге болады. Әсіресе, спорт тақырыбындағы мақалалар арнайы «Спорт» айдарында тұрақты жарыияланып тұрды. 

Мақалалардың біразына арнайы тоқталып өтсек.

«Егемен-ақпараттың» әзірлеуімен жарық көрген «Бердіқұлов турнирі» атты мақалада Астанада Спорт және денешынық­тыру  істері  агенттігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері  арасында көрнекті қоғам қайраткері, жазушы,  спорт журналисі Сейдахмет  Бердіқұловты  еске алуға  арналған  шағын футболдан  дәстүрлі  республикалық турнир жайында сөз болады.

Бұл шара 1995 жылдан бері Алматыда өткізіліп келген еді. Енді, міне, еліміздің орталық басы­лымдарының және басқа да газет, телеарналардың, интернет-сайт­тардың Астанада орналасуына бай­ланысты С.Бердіқұловты еске алуға арналған турнирді Астанада өткізуге шешім қабылданып отыр. Осыған орай жарысты 9-10 мамыр күндері «Астана-Арена» стадионында өткізу жоспарлануда. С.Бердіқұлов турнирі, жоғарыда атап өткеніміздей, Алматыда 1995 жылдан бері өтіп келген еді. Сол кезде ол Байланыс және ақпарат министрлігі, одан ке­йін 2008 жылдан бастап Туризм және спорт министрлігінің ұйым­дастыруымен өткенін білеміз. Ал 2011 жылы Спорт және денешы­нықтыру істері агенттігі Шымкент қаласында спорттың бес түрінен алғаш рет БАҚ арасында С.Бер­ді­құловты еске алуға арналған І спартакиада өткізді. Бұл жарыс енді журналистер арасында төрт жылда бір рет өтетін болып шешілді. Алдағы кезде спартакиада одан сайын қызықты және тартымды өтуі үшін оның бағдарламасындағы спорт түрлерінің санын көбейту жоспарланыпты. Спорт және денешынықтыру істері агенттігі биылғы журналистер жарысын қызықты өткізу үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын, ал Қазақстан футбол федерациясы, «Астана-1964» футбол клубы, Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы, «Астана-Арена» стадионы мен «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК қолдау көрсететкенін туралы мәлімет береді.

Сондай-ақ, Алмас Манаптың «Балуандар белдесуі» атты мақаласы да әлеуметтік спортқа бағытталған.

«Қазақстан Барысы» турнирі басталғалы қазақ күресі шарықтау кезеңіне аяқ басты. Қазір барлық өңірлерде демеушілердің ұйытқы болуымен ұлттық күресімізден турнирлер ұйымдастыру дәстүрге айналды. Сондай турнирдің бірі «Ай-Са» қонақүй кешенінің демеушілігімен Астана қаласының іргесіндегі Қараөткел кентінде өтті. Жасөспірімдер мен жастар арасында болған «Қараөткел барысы» ашық турнирінің ашылу салтанатына Целиноград ауданының әкімі Бақберген Мәуленов, ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты әжелер Қара­­өткелден де болашақ чемпиондар шығуына ниеттес екенін жет­кізді. Ал белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев турнир­­­ге қа­тысушыларға арнауын тарту етті. Сонымен, 38 килода барлық қарсыласынан таза жеңіспен басым түскен Бекзат Жамбыл өз салмағында жеңімпаз атанса, 42 килода Абзал Солдыбаевқа тең келер ешкім табылмады. 46 кило салмақта бақ сынаған Жанат Бақытжан үшін ақтық сын күрделі болды. Оның қарсыласы Зейнеп Әділет те болашағынан зор үміт күттіретін балуан екен. Екеуінің теке-тіресіне жиналған жұрт разы болды. Нәтижесінде Жанаттың бағы жанды. Сондай-ақ, Арай Қонысбай (51 кило), Аманбол Жанарбек (57 кило), Аманат Садық (60 кило), Қасымхан Ғани (70 кило), Жәнібек Сұлтан (+70 кило) өз салмақтарында жеңімпаз атанды. Ал «Түйе балуан» атағы мен оған тағайындалған 150 мың теңге Мерей Оспановқа бұйырды. Өзге жүлделілерге келсек, 1-орынға – 30 мың, 2-орынға – 20 мың және 3-орынға (екі балуанға) 10 мың тең­геден сыйақы үлестірілді. Тур­нир соңында жанкүйерлер мен спортшылар арасында лоте­рея ойнатылып, ұтысқа 3 теле­дидар мен 5 ұялы телефон қойыл­ды, – деп мақала авторы спорттың дамуы бағытында жасалып жатқан шараларды айқындап береді.

Ендігі бір көлемді мақаланың авторы – Дастан Кенжалин. «Басты мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту» атты тақырыппен жазылған мақалаға көз жүгіртсек; 

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті конференциясы өтті. Жиынға облыстық футбол федерациялардың өкілдері, ҚФФ атқару комитетінің мүшелері, премьер-лига мен бірінші лига футбол клубтарының өкілдері қатысты. Кездесуде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, өткен маусымның нәтижесі қорытындыланып, феде­рацияның футболды дамытудағы алдағы жоспарлары талқыланды. Былтырғы футбол маусымы Қазақстан футболының 100 жыл­дық мерейтойына тұспа-тұс келіп, соның аясында көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, өз тарихында бірінші рет Астанада УЕФА конгресі өтіп, Қазақстан Еуропа футболының орталығына айналды, әлем елдері елордамыздағы іс-шараға көз тігіп, құлақтарын түрді. Сонымен қатар, Қарағандының «Шахтері» Қазақстан футболының тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, — деді кезекті оныншы есепті конференцияны ашқан Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков. Өз кезегінде ҚФФ-тың бас хат­шысы Аллен Шайжүнісов соңғы есепті кезеңде құрама коман­даларымыздың алға нық қадам басқанын атап өтті. Жалпы, осы аралықта Қазақстан ұлттық құрамасы он ресми және жолдастық кездесуді жоғары дәрежеде өткі­зіпті. 2014 жылдың ақпан айын­да ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушысы болып белгілі маман Юрий Красножан таға­йын­далды. Ал әйелдер ұлттық құра­масы 7 ресми ойын өткізіп, өз тобында бесінші орынды иемденді. Қазақстан жастар құрамасы «Еуро-2015» іріктеу додасында сәтті өнер көрсетуде. Олар бүгінге дейін өз тобында Беларусь, Армения және Исландия құрамаларын ұтты. Халық арасында футболды кеңінен насихаттау шаралары да сәтті жалғасуда. Бүгінде елімізде 13 футбол орталығы жұмыстарын жүргізуде. Оның екеуі биыл ашылған (Қызылорда және Семей). Болашақта еліміздің барлық өңірін футбол орталықтарымен қамту ісі жоспарланған. 2013 жылғы фут­бол маусымында әуесқой коман­далар арасында ел кубогы және Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шағын футболдан ардагерлер мен студенттер арасындағы чем­­пионаттар өтті. Қазақстан футбол федерациясы Білім және ғы­лым министрлігімен бірігіп, 2014 жылдың мамырынан бастап Сту­денттер ұлттық лигасын қолға ал­ды. Бұл лига еліміздің барлық өңір­­лерін қамтуды мақсат етіп отыр. Осыдан басқа, 2013/2014 жыл­­ғы футбол маусымында 21 жас­­қа дейінгі дайындық топтары ара­­сында Қазақстан чемпионаты өткізіл­ді. 2013 жылғы маусымда Алма­тының «Қайрат» футзал клубы Еременко кубогының иегері атанды. Дәл осы доданың элиталық кезеңінде Қарағандының «Тұлпа­ры» да ойнады. Қазақстан футбол төрешілері­нің кәсіби біліктіліктерін арт­ты­руға байланысты шаралар да сәтті жұмыс жасауда. Жас арбитрлар мектебі әр өңірде кеңінен дамып, 2013 жылы сол мектептердегі төре­­шілердің саны 150 адамға жетті. Тіпті, жоғары дәрежедегі ойынд­ар­ға төрелік атқаруға жолдама алып жатқан түлектерінің саны да едәуір артты. Футбол мамандарын дайындау жүйесі де құрылуда. Бірінші кезекте бұл жобаның жүзеге асуы Қазақстан футбол федерациясының 2014 жылдың қаңтар айында Санкт-Петербург қаласында Ресей, Беларусь, Украина, Латвия және Литва елдерімен Ынтымақтастық техникалық меморандумға қол қоюына байланысты болып отыр. Елімізде Кәсіпқой футбол менеджерлерін дайындауға арнал­ған «CFM» УЕФА семинарын өткізу мәселесі де келісіліп қойды. Атқарылған жұмыстарды қоры­тындылай келе Әділбек Жақ­сыбеков алда отандық футболды дамытуға арналған жаңа тапсырмалар мен мақсаттарды іске асыру керектігін айтты. «Оның жақын аралықтағы нәтижесі – Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу додасында сәтті өнер көрсетуі болуы тиіс. Бұл турнирде ұлттық құрамамыз Голландия, Чехия, Түркия, Исландия және Латвия құрамаларымен кездеседі. Ал клубтық футболымызды жақсы дамып жатқанының көрінісі – «Ақтөбенің» Чемпиондар лигасында, «Астана», «Қайрат», «Шах­тер» командаларының Еуропа лигасы сәтті өнер көрсетуі болуы керек», деді ол. Қазақстан футбол федерация­сы кезекті конференциясының қорытындысында бірқатар ұйым­дастырушылық шешімдер қабыл­данды, – деп автор өз мақаласын түйіндейді. «Егемен Қазақстанның» кезекті санына жарық көрген ендігі бір мақала  Егемен-ақпараттың әзірлеуімен жарық көрген «Атыраудың мүгедек волейболшылары Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді» атты мақала.       

Атырауда мүгедек спортшылардан құралған волейболшылар командасы бар. Бірнеше жылдан бері тек мұнайлы өңірдің ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның абыройын халықаралық сайыстарда сәтті қорғап жүр. Таяуда ғана Иранның Мешхед қаласында өткен Азия чемпионатында ел намысын қолдан бермей, құрлықтық сайыстың күміс жүлдесін иеленді. Мүгедек волейболшылар волейболды отырып ойнайды. Бір ерекшелігі, волейболды отырып ойнаудан ел құрамасы атыраулық мүгедектерден жасақталған. «Мү­гедектер» спорт клубының дирек­торы-бас жаттықтырушы Бауыр­жан Тахауовтың айтуынша, ел құрамасы саналатын атыраулық команда Азия чемпионатында Моңғолия, Жапония, Ирак құрамаларынан айқын ба­сымдығын танытыпты. Тек ақтық бәсекеде ғана Иран елінің командасынан ұтылған. Бірнеше рет әлемдік бәсекелерде топ жар­ған ирандық волейболшыларға есе жіберген атыраулық мүгедек волейболшылар Польшада өтетін әлем чемпионатына берілетін үш жолдаманың бірін ұтып алды. Әлем чемпионаты маусым айында өткізілмек. – Ал күзде Кореяда өте­тін Рио де-Жанейродағы параолим­пиадалық ойындарға лицензия беретін сайыстарға қатысамыз. Шеберлігіміз сынға түсетін сол сайыста параолимпиадалық ойындарға қатысу жолдамасына ие болуды көздеп отырмыз, – дейді мүгедек волейболшылар командасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.

Ендігі мақала, Дамир Қожамқұлдың «Қазақстандық 7 боксшы әлем чемпионы атанды» атты мақаласы.

Алматыда маусымның 3-і күні мәреге жеткен бокстан әскерилер арасындағы әлемнің 55-ші чемпионатында 7 қазақстандық чемпион атанды. Біздің құраманың бірде-бір мүшесі жүлдесіз қалған жоқ. Олар 7 «алтыннан» бөлек, тағы 1 күміс және 2 қола медальдарды жеңіп алды. Финалдық айқасты 49 килоға дейінгі Олжас Байниязов пен ресейлік тарлан Бэлик Галанов бастады. Біздің жас пері көрші елдің 2012, 2013 жылдарғы чемпионынан қаймыққан жоқ. Нәтижесінде төрешілердің бағамы бойынша 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ал турнирді ширек финалдан бастаған Олжас алғашында пәкстандық Асиф Разаны 2-раундта техникалық нокаутпен жеңсе, жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Хо Чой Тайды 3:0 етіп ұтқан болатын. Командалас аттасының жеңісті жолын 52 килодағы Олжас Сәттібаев та сәтті жалғастыра білді. Оның бұл жолғы қарсыласы – марокколық Абделали Дарра оңай шағылатын жаңғақ емес еді. Соған қарамастан, біздің бағланның басымдығы ешкімнің күмәнін туғызған жоқ. Бір айта кететіні, бұл күні өтпей қалған француз Алексис Вастин мен ресейлік Александр Беспутин арасындағы ұрыстан басқа айқастардың бәрі жоғарыдағы есеппен аяқталды. Турнирге ширек финалдан ат қосқан Олжас сол сынақта тунистік Моунтасар Боуалиді 1-раундта-ақ іске алғысыз етіп тастады. Оның соңынан кореялық Ким Жа Киюнгті 3:0 етіп тізе бүктірді. Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальды 56 килолық Қайрат Ерәлиев түсірді. Осы кезге дейін грузин Торнике Тотладзені (3:0), КХДР боксшысы Чол Гук Квонды (3:0) және итальян Алессио Ди Савиноны (2:1) жолдан тайдырған ол ақырғы шайқаста алжирлік Фахем Хаммачиден басым түсті. Мұның артынша 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесіндегі Бекман Сойлыбаевтың да алтыннан алқа тағатын кезегі келді. Ол мұны қытайлық Ксиа Лингжиені талассыз жеңу арқылы жасады. Сөйтіп, осының алдындағы Біріккен Араб Әмірлігінің атлеті Хамад Алзааби мен шриланкалық Н.Л. Падмакумараның екеуін бірдей 1-раундта нокаутқа жіберген еңбегі финалда қайтты. Бұдан кейін қазақстандық боксшылар 75 килоға дейінгі салмақта ақтық жекпе-жекке шықты. Онда еліміз жалауын желбіреткен Бабыржан Момынов бразилиялық танымал боксшы Педро Лимаға бесінші бұрыш іздетті. Ал оның осы кезге дейін жарыс жолынан шығарып тастаған қарсыластары арасында Әмірліктен Мохамед Моусабих аль-Шабли (нокаут, 1-раунд) мен германиялық Абу-Либдех Абдулрахман (3:0) болды. Өкінішке қарай, осының соңын ала рингке көтерілген 81 килодағы Арман Рыспек белгілі голланд спортшысы Петер Мулленбергтен аса алмады. Мұның есесіне, осыдан кейін соңғы екі салмақтағы саңлағымыз да тілеулестері көңілінен шықты. Атап айтқанда, 91 килолық Асқар Абдуллаев итальян Фабио Турчиді, ал 91 килодан жоғары салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев бразилиялық Рафаэль Лиманы емін-еркін ұтты. Бұған қосымша айта кететін нәрсе, бұлардың біріншісі алтын жүлдеге дейін үш боксшыны ораса, екіншісі екі бәсекелесін қапы қалдырды. Асқарға іріктеу сынағында қытайлық Ванг Ксуанксуан қарсы шыға алмай қалса, пәкстандық Нисар Хан одан 2-раундта нокаут алды. Жартылай финалда неміс Йоханн Витт 0:3 болып жеңілді. Өз кезегінде Қамшыбек соңғы сынға пәкстандық Ахмед Али (3:0) мен кувейттік Салем аль-Шаммариді (3:0) ұтып келді. Чемпионатта Елдос Сарқұлов (64 кг) пен Сағадат Рахманқұлов (69 кг) қола жүлдені қанағат тұтты. Турнирде сондай-ақ француз Алексис Вастин мен голландиялық Петер Мулленбергтен бөлек, финалда тунистік Шили Алааны ұтқан моңғол Баттарсукх Чинзориг (64 кг) те чемпиондық атаққа қол жеткізді, – деп түйіндейді автор мақаласын.

«Егемен Қазақстанның» кезекті санында жарық көрген ендігі бір мақала Әбдрахмен Қыдырбектің «Дәстүрлі турнир дүркіреп өтті» атты мақаласы.

Журналистердің жылына бір рет басын қосып, арқа-жарқа күйге түсіретін шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі тур­­нир­дің жалауы биыл Астанада кө­те­рілді. Онда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінен құралған 12 команда бақтарын сынады. Олардың қатарында қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінің командасы да өнер көрсетті. Жарыс 9-10 мамыр күндері «Астана- Арена» стадионында өтті. Елордамен қоса, еліміздің өзге өңір­­­­лерінен келген әріп­тес­тер командасы жеребеге сәйкес ойындарын бас­тап кетті. Еге­мен­қазақстандықтар тур­нирдің алғашқы күні екі кездесу өткі­зіп, соның бірі Қазақ­­­­­стан спорт бас­пасөзі қауымдастығы командасын 2:0 есебімен ұтса, екінші мат­чта «Астана ақшамы» ойын­шыларымен 2:2 есебімен тең түсті. Ал келесі күні жартылай финалға жолдама беретін кез­десуде «Алма­ты» телеарнасы­мен 1:1 есебімен тең ойна­ды. Алай­да, команда келесі айна­лымға шық­паса да өзге командалар сияқты бірде-бір ойында жеңілмей, турнирді жеңіліссіз аяқ­тады. Биылғы турнирде Ердәулет Құрма­новтың «Алматы» телеарнасына соқ­қан добы 20 жылдан бері өткізіліп келе жат­қан жарыстың ең үздік голы деп танылды. Турнирдің алғашқы күні Шым­кенттен келген «Оңтүстік Қазақстан» ко­мандасы жанкүйер жұртты жел­­піндірсе, «Қаз-спорт»­ телеарнасы атынан жа­рыс­қа қатысқан Дания Әбді­ло­ва­ның өне­ріне де спорт сүйер қауым­ның сүйіспеншілігі ерекше болды. «Жүйріктен жүйрік озар жа­рысқанда» демекші, барынша да­йын­­дықпен келген командалар легі­нің тек кіл мықтылары ғана жүлделі ор­ын­дарға таласты. Финалдық сында «Алматы ТВ» командасы мен «Хабар Алматы» қырандары тең ойын көр­се­тіп, жеңімпазды пенальти­­ анық­­тады. Нәтижесінде «Алматы ТВ» жігіттері жеңіске жетіп, биылғы турнирдің жеңімпазы атанды. «Хабар-Алматы» екінші орынға талассыз жайғасса, «Оңтүстік Қазақстан» коман­дасы үшінші тұғырға көтерілді. Соны­мен қатар, турнирде үздік ойын өрнегін көрсеткен футболшыларға түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды. Атап айт­қанда, «Ең үздік шабуылшы» деп «Оңтүстік Қазақстан» командасының капи­таны Берік Уәли танылса, «Үздік қор­ғаушы» номинациясында Жасұлан Қа­сым­беркебаевтың бағы жанды («Ха­­­­бар Ал­маты»). «Үздік ойыншы» атағын Тал­ғат Қожабаев («Алматы ТВ») енші­лесе, «Үздік қақ­­­­пашы» Нұрахмет Бек­тұр­ғанов («Хабар Астана») болды. «Үз­дік төреші» сый­лығы Дана Үсеноваға бұйырды. – Астанада тұңғыш рет ұйымдастырыл­ған бұл турнир жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады. Журналистердің турнирге белсене қатысулары жарыс көрігін қызды­ра түсті, – дейді турнирдің бас төрешісі, ұлттық дәрежедегі төреші Дәулет Хамзин. Турнирдің жабылу салтанатында Спорт және денешынықтыру істері агенттігі төрағасының орын­­­басары Елсияр Қанағатов жеңім­­паздар мен жүлдегерлерді құт­тықтады, ал Сейдахмет Берді­құ­лов­тың ұлы Заңғар осы игі шара­ны өткізуде біліктілік танытып жүр­ген агенттік басшылығы мен ұжы­­мына өз ризашылығын жет­кізді.

Сондай-ақ, Дастан Кенжалиннің «Азия додасы: әзірше үш алтын жүлде» атты мақаласына тоқталып өтсек.

Азия додасы: әзірше үш алтын жүлде Спорт 30.05.2014 0 54 рет оқылды Велоспорттан Қарағандының тас жолында басталған Азия чемпионатының алғашқы күндері  қазақстандық спортшылар үш алтын жүлдені жеңіп алды. Бірінші болып алтын медальға Ека­терина Юрайтис 15 км қашықтықта жекелеген жарыста ие болды. Ол жапон  Юми Каихараны  бір минуттан аса қашықтыққа қалдырып, мәреге бірінші жетті. Сөйтіп, Екатерина Астанада тректе өткен жарысты қосқанда үшінші рет Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Астанадағы сында ол  екі алтын медальға ие болған еді. Ал чемпион қызымыздың өзі жарыс­тан соң жанкүйерлердің қолдауына риза болғанын айтып, енді келесі бәйгеге де жақсы дайындалуға тырысатындарын атап өтті. – Қарағандының салқын ауа райына қарамастан тас жолда ыстық болды. Жанкүйерлер өте жақсы қолдау көрсетті.  Көп рахмет, осындай ыстық ықылас үнемі көп көмек көрсетеді.  Енді, қыздармен топтық жарысқа дайындаламыз. Жеңіске жетуге бар күшімізді салып, жүлделі орынға тырысамыз, – деді ол. Кеше біздің тағы бір спортшымыз Дмитрий Груздев ауа райының қолайсыздығына қарамастан 45 км шақырымға арналған сында мәре сызығын бірінші кесіп, еліміз құрамасына екінші алтын жүлдені сыйға тартты. Ол жекелеген жарыста қарсыластарының бәрін шаң қаптырып, ешкімге мәреге бірінші жетуге ешқандай мүмкіндік бермеді. Ол қырғызстандық спортшы Вакер Югенді  1.19.20 секундтқа озып шықты. Бұл Азия чемпионатында Дмитрийдің алғашқы алтын медалі. 2011-2012 жылдары ол күміс жүлдегер болған. Осы күні 30 км қашықтықта жекелеген жарыста  алтын медальді Виктор ОКИШЕВ алды. Қазір Қазақстан құрамасы Астанада өткен жарысты санағанда Азия додасында барлығы 12 медальға ие болып отыр. Соның ішінде отандастарымыз 7 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлдені иеленуде.  Біздің елден басқа Оңтүстік Корея, Жапония және Моңғолия құрамалары да жақсы өнер көрсетуде. Мәселен, сейсенбі күні Әлішер Жұмақан күміс жүлде алған жасөспірімдер арасында 30 км-ге арналған жарыста корейлік Ким Джихун алтын медальді, жапон Кусаба Кейго қола жүлдені иеленді. Әйелдер арасында 30 км қашықтыққа арналған сында тағы бір корей спортшысы На Аеум чемпион атанса, жапон қызы Ёнамине Ери күміс жүлдені, моңғол Тувшинжаргал Енгжаргал қола медальді еншіледі. Ал Екатерина Юрайтис жеңіп алған 15 км қашықтықта тағы бір жапониялық Каихара Юми мәреге екінші болып келсе, өзбекстандық Екатерина Кнебелева үшінші орынды қанағат тұтты. Қарағанды тас жолындағы жарыстар әрі қарай жалғасуда.

Мақала авторы - Тұмар Асыл
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Тағы да оқитындарыңыз