ТОП-10. Махаббатына берік аң-құстар

Махаббатына адалдықтың не екенін аң-құстар да жақсы біледі

Пингвин

Антарктиданың суық ауа-райында да бұл құстар өз махаббатына бері. Олардың құрған жұптары мәңгілік. Әкесі мен шешесі балапандарды кезек-кезек басып шығарады. Олардың отбасылық міндеттері екеуіне тең бөлінген. Бәлкім мәңгі махаббат құпиясы осы ма екен?

Пілдер

Пілдер отбасыға өте жақын жануарлар. Олар матриархат биілігі жүретін табын құрып өмір сүреді. Пілдер осы табындарына, өз балаларына өте берік, қамқор. 

Су бүркіттері

Бұл құс АҚШ елінің ұлттық символы ретінде өз махаббатынан танбайтындығынан таңдалып алынса керек.

Гиббондар

Бұл адам тектес маймылдардың сезімдері берік, сондай-ақ құқықтары да тең.

Альбатростар

Альбатростар жылына екі рет отбасына ұшып келіп, қарым-қатынастарын қайта жаңғыртып отырады. Отбасын құрған  жұптарымен өмірінің соңына дейін бірге болады.

Қасқырлар

Қасқырлар өз серігіне өте берік, оларды тек өлім ғана айыра алады деседі. 

Құндыздар

Құндыздарда отбасы билігі аналық-құндызда болады. Мүмкін жұптарының жазылмауына осы себепкер шығар?

Көгершін

Көптеген шығармаларда көгершіндер махаббат белгісі мен адалдық символы ретінде көрсетіледі. Бұл, тіпті Шекспирдің өзін шабыттандырған құс.

Сипуха

Аталық-сипуха таңдаған «сүйіктісін» өз қамқорына алады. Ол үшін үй салып, бірге тұруға ұсыныс жасайды. Егер «сүйіктісі» келіссе, отбасын құрады және барлық жауапкершілікті өз мойнына алады.

Түлкілер

Егер аталық-түлкі ажал құшса, оның жұбы ешқашан басқа түлкіге кетпейді. Өмірінің соңына дейін жалғыз өтеді. Роммантика? Жануарлардың арасында мүмкін болса, неге бізге де адал болмасқа?

#психология #махаббат
Материал автордың рұқсатымен жарияланды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Комменттер

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер