«Medeu Invest 2017» инвестициялық форумы

07.09.2017

Алматы қаласының Медеу ауданында «Medeu Invest 2017» инвестициялық форумы болып өтті. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – тұрғын-үй құрылысы мен қала инфрақұрылымын дамыту. Инвестор, кәсіпкер және билік өкілдерінің басын біріктірген іскерлік алаң әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері жайлы сөз қозғады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алматы – Қазақстанның, Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Бұл біздің қанат қаққан және Қазақстанды бүкіл әлемдік қауымдастыққа танымал еткен ұя» деп Алматы қаласының ел өміріндегі әлеуметтік-экономикалық маңызын жиі айтады. Расында да бұл мегаполис Орталық Азияның қаржы, мәдени және білім беру орталығы болып табылады. 8 ауданнан тұратын алып шаһардың ішінде Медеу ауданы – жер көлемі бойынша ең үлкені. Аудан әкімі Ерлан Жылқыбаевтың айтуы бойынша, бүгінгі форум Медеу ауданында осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

– Биыл біз қала басшысының тапсырмасына сәйкес екінші рет форум өткізіп отырмыз, - деді Ерлан Жылқыбаев. – Былтыр өздеріңіз білесіздер, қыркүйек айында бірінші форумды өткізген едік. Өткен форумның тақырыбы - туризмді дамыту болса, биылғы тақырыбымыз — құрылыс саласын жандандыру. Девелоперлік жобаларымыз бар. Көптеген банк өкілдері келіп отыр. Осы ауданда белсенді түрде жұмыс атқарып жүрген 200-ден астам кәсіпкерлер келіп отыр. Сондағы мақсат — оларға біздің мүмкіндіктерімізді көрсету. Біздің қандай инфрақұрылымдық мүмкіндігіміз бар, қаншама жерлеріміз бар бос тұрған, қаншама ғимараттар бар аяқталмаған, соларға қаражат салып, бизнесті ары қарай дамыту жөнінде айтылып жатыр.  

 Өткен жылы ұйымдастырған форум жақсы нәтиже берген еді. Соған орай биыл да бұл істі қолға алып, ауданның инвестициялық дамуына қатысты сұрақтарды ортаға салу мақсатында кәсіпкерлер мен инвесторлардың, билік өкілдерінің басын қосқан едік.

Бүгін ашық диалог құру арқылы біз Медеу ауданындағы тұрғын-үй құрылысын дамыту жайлы, жылжымайтын мүлік саласындағы кәсіпкерлікті қолдауға байланысты мемлекеттік бағдарламалар турасында сөз қозғадық.

Жалпы алғанда бүгінде біздің ауданымыз салық түсімінің 30 пайызын, қаржылық операцияның 70пайызын, сондай-ақ бөлшек және көтерме сауда айналымының бестен бір бөлігін қамтамасыз етеді.

Биылғы бөлшек тауар айналымы 8 айдағы көрсеткіш бойынша 208 млрд. теңгені құрап отыр. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8 пайызға өскен. Сондай-ақ "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша 9 жоба жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын  мемлекеттік қолдауға ие болып отыр. Қаламыздың әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы өзінің бір сөзінде: „Алматы — көліктердің емес, тұрғындардың қаласы„ деген еді. Көлік қозғалысын реттеуге, жол жөндеу жұмыстарына байланысты біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Яғни, Жібек Жолы көшесінің бойындағы Қонаев көшесінен кіші Алматы өзеніне дейін, Уәлиханов көшесінің бойымен Жібек Жолынан бастап Райымбек көшесіне дейінгі аралықта Ян Гейла есімді дат сәулетшісінің бағдарламасы бойынша жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға өзгертулер енгізілуде. Алдағы уақытта әрбір көше бойында веложолақ және көгалды аймақ болады. Қаланы модернизациялаудың әлемдік тәжірибелеріне сүйене отырып, Меңдіқұлов көшесінде қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатса, Төлебаев және Зенков көшелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Жалпы Медеу ауданы қаламыздың тек іскерлік орталығы ғана емес. Ауданымыз бірегей табиғатымен де ерекшеленеді. Қазір осы бағытқа байланысты да жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ көпшілік тұрғындардың өтініші бойынша Әл-Фараби мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында заңсыз құрылыс нысандарының орнына балаларға арналған ойын алаңы бар екі үлкен аллея құрылды. Мұнда айта кететін бір жайт, Алматы қаласы бойынша жасалып жатқан 1500-ден астам құрылыс жұмыстарының 300-ге жуығы дәл осы біздің ауданымызда жүзеге асып жатыр. Жалпы қаланың бейнесін тұрғындар қалыптастырады. Ал біз тек олардың қауіпсіз әрі ыңғайлы өмір сүруіне жағдай жасаймыз. Сондықтан да біз барлық инвесторларды девелоперлік жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырамыз. Медеу ауданының қуатты экономикалық әлеуеті - инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктердің көкжиегі болмақ - деп ойларымен бөлісті Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі Ерлан Жылқыбаев. 

Жалпы, Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Doing Business көрсеткішіне сәйкес 190 елдің ішінен 35-орынды алады. Көп жағдайда әлемдік рейтинг Алматының даму қарқынына негізделеді екен. Әлемдік рейтингтерге сәйкес, оңтүстік астанамыз экономикасы жедел өсіп келе жатқан үздік қалалардың 10-дығына кіреді. Ал осы экономканы дамытушы шағын және орта бизнес өкілдерінің ерекше белсенділігін дәл осы Медеу ауданынан байқауға болады. Ауданы 94 шаршы шақырымға жуық, 200 мыңдай халқы бар, дамудың даңғыл жолына түскен Медеу ауданы бүгінде Алматының ең ірі қаржы секторына айналған.

– Бүгінгі форумда қозғалған мәселелер біздің аудандағы инфрақұрылымдық жобалар жайлы болды, – дейді Ерлан Жылқыбаев. – Бүгінгі форумда қозғалған мәселелер біздің аудандағы инфрақұрылымдық жобалар жайлы болды. Өздеріңіз білесіздер, біздің қалада қаншама жолдарға, аулаларға коммуникалдық жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып біз форумды өткізіп жатырмыз. Инфрақұрылым дұрысталмай ешбір кәсіпкер ақшасын салмайды. Бүгінге дейін аудан бойынша 16 км жол жөнделіп, 25 көше ретке келтірілді. Одан бөлек, 7 млрд теңгеге 120-ға жуық ауламыз жасалып жатыр. Бұдан басқа ескі үйлермен де жұмыс жасап жатырмыз. 4 инвестор белгіленген мекен-жай бойынша, 1965 жылға дейін салынған үйлерді тұрғындарымен келісіп, ысырып тастап, 9 қабатты жаңа үй салып жатыр. Біз енді осындай мүмкіндіктерімізді көрсетіп, тағы да қанша жер телімі бар, ол кісілерге не ұсына аламыз соны анықтадық. Осылайша, қажетті инфрақұрылымды жеткізу үшін қаржы құйып, жаңа үйлерді салудамыз. Жалпы алғанда бүгінге дейін осы құрылыс жүйесіне 53 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестиция 28 млрд теңгені құрайды. Біздің ауданның негізгі дамытушы күші ол - орта және шағын кәсіпкерлік. Сол себепті біз осы жылы 4 қонақ үй мен мейрамханалар аштық. Содан кейін жақында әлемдік бренді бар қонақ үй ашылмақ. Жалпы алғанда 1200 жаңа жұмыс орны пайда болды.Бүгінгі форумда қозғалған мәселелер біздің аудандағы инфрақұрылымдық жобалар жайлы болды. Өздеріңіз білесіздер, біздің қалада қаншама жолдарға, аулаларға коммуникалдық жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып біз форумды өткізіп жатырмыз. Инфрақұрылым дұрысталмай ешбір кәсіпкер ақшасын салмайды. Бүгінге дейін аудан бойынша 16 км жол жөнделіп, 25 көше ретке келтірілді. Одан бөлек, 7 млрд теңгеге 120-ға жуық ауламыз жасалып жатыр. Бұдан басқа ескі үйлермен де жұмыс жасап жатырмыз. 4 инвестор белгіленген мекен-жай бойынша, 1965 жылға дейін салынған үйлерді тұрғындарымен келісіп, ысырып тастап, 9 қабатты жаңа үй салып жатыр. Біз енді осындай мүмкіндіктерімізді көрсетіп, тағы да қанша жер телімі бар, ол кісілерге не ұсына аламыз соны анықтадық. Осылайша, қажетті инфрақұрылымды жеткізу үшін қаржы құйып, жаңа үйлерді салудамыз. Жалпы алғанда бүгінге дейін осы құрылыс жүйесіне 53 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестиция 28 млрд теңгені құрайды. Біздің ауданның негізгі дамытушы күші ол - орта және шағын кәсіпкерлік. Сол себепті біз осы жылы 4 қонақ үй мен мейрамханалар аштық. Содан кейін жақында әлемдік бренді бар қонақ үй ашылмақ. Жалпы алғанда 1200 жаңа жұмыс орны пайда болды. Өздеріңіз білесіздер, біздің қалада қаншама жолдарға, аулаларға коммуникалдық жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып біз форумды өткізіп жатырмыз. Инфрақұрылым дұрысталмай ешбір кәсіпкер ақшасын салмайды. Бүгінге дейін аудан бойынша 16 км жол жөнделіп, 25 көше ретке келтірілді. Одан бөлек, 7 млрд теңгеге 120-ға жуық ауламыз жасалып жатыр. Бұдан басқа ескі үйлермен де жұмыс жасап жатырмыз. 4 инвестор белгіленген мекен-жай бойынша, 1965 жылға дейін салынған үйлерді тұрғындарымен келісіп, ысырып тастап, 9 қабатты жаңа үй салып жатыр. Біз енді осындай мүмкіндіктерімізді көрсетіп, тағы да қанша жер телімі бар, ол кісілерге не ұсына аламыз соны анықтадық. Осылайша, қажетті инфрақұрылымды жеткізу үшін қаржы құйып, жаңа үйлерді салудамыз. Жалпы алғанда бүгінге дейін осы құрылыс жүйесіне 53 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестиция 28 млрд теңгені құрайды. Біздің ауданның негізгі дамытушы күші ол - орта және шағын кәсіпкерлік. Сол себепті біз осы жылы 4 қонақ үй мен мейрамханалар аштық. Содан кейін жақында әлемдік бренді бар қонақ үй ашылмақ. Жалпы алғанда 1200 жаңа жұмыс орны пайда болды. 

2 сағатқа созылған форум аясында жақын арада жүзеге аспақ девелоперлік жобалар және оларды несиелеу шарттары, кепілдегі жер телімінің жайы қызу талқыға салынып, түйткілді мәселелердің шешімі қарастырылды. Осылайша, инвестиция тарту бағытының басты басымдықтарын негізге ала отырып ұйымдастырылған форумда іскерлік әлем өкілдері өздерінің көптеген сұрақтарына жауап тапты.

Мақала авторы - Жазира Берғалиева
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Тағы да оқитындарыңыз