Әлемде ең көп саяхаттайтын қай ұлт?

Саяхаттағанды ұнатасыз ба?

Гонконг тұрғындары саяхатқа жиі шығатыны белгілі болды. Бұл ақпаратты зерттеу жүргізген Movehub транспорттық агенттігі мәлімдеді.

Орта есепппен Гонконг халқы жылына 11,4 көлемінде саяхат жасайды екен. Әр сапарға үш мың АҚШ долларын жұмсайды.

Рейтинг бойынша екінші орынға Люксембург тұрғындары жайғасыпты. Олар жылына 2,56 рет сапарға шығып, әлемнің түкпір-түкпірін аралайды. Тұрғындардың әрқайсысы бір реткі сапарға алты мың АҚШ долларын жұмсайды деп көрсетілген.

Ал, үшінші орында Венгрия жұртышылығы тұр. Саяхатты жаны сүйетін венгр халқы жылына 1,62 рет саяхатқа аттанса, әрбір сапарына 250 АҚШ долларын тұтынатын көрінеді.

Одан өзге саяхат әлемінде үздіктер қатарында тұрған Швеция, Финляндия, Ирландия, Сингапур, Швейцария, Дания мен Албания сынды елдер бар.

Қазақстанда қалай?

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, орта есеппен 25 жастан үлкен әр қазақ жыл сайын саяхатқа 1,2 мың доллар жұмсайды. Әр турист 300 мың мен 1,2 млн теңге аралығында қаржы жұмсайды.

Қазақстан туристік агенттіктік қауымдастығы (ҚТАҚ) директоры және Labean Tour жетекшісі Эльнара Етімованың айтуынша, қазақтар Хайнань, БАӘ, Түркия, Тайланд, ГОА, Грузия, Египет сынды елдерге көп сапарлайды.  

Соңғы жылдары қазақтар Куба мен Доминиканға ұша бастаған. Өйткені бұл елдерге Мәскеуден тікелей рейс ашылған көрінеді.

Chocotravel.kz порталы берген мәліметке сенсек, қазақтар Ыстанбұл, Сеул, Анталия, Дубай, Прага, Киев, Нью-Йорк сынды алпауыт шаһарларға жиі ұшады. Не себепті екені беймәлім, соңғы жылдары Бангкокқа сапар шегушілердің қатары азайған. Ал, Сеулге баратындардың саны Дубайға сапарлайтын саяхатшылардан асып түскен.

Kaztour туристік агенттігінің мәліметінше, Кипр, Грузия мен Чехия қазақ туристерін көптеп тарта бастаған.

Ал, қазақстандық қалталы азаматтар көбіне Түркия, Египет, БАӘ, Италия, Греция, Малайзия мен Тайландқа барып дем алғанды ұнатады.  Сондай-ақ,  Вьетнам мен Шри Ланка сынды экзотикалық жемістердің отаны саналатын елдерге қазақстандықтар тарапынан қызығушылық басым.

Сапарларыңыз сәтті болсын!

#туризм #саяхат

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер